Финансист №1 (41) 2026

Егор Толмачев
Freedom Finance Global аға талдаушысы
Лиза Су – болаттай берік басшы
AMD басшысы Intel-ді процессорлар нарығында қалай ығыстырды
Лизы Су тарихы – техникалық сектордағы әйел-көшбасшының жарқын бизнес-кейсінің бірі. Оның менеджменті айқын әрі жан-жақты ойластырылған жоспардың көмегімен саланың күш теңгерімін түбегейлі өзгертуге болатынын көрсететін нақты үлгіге айналды.
Тарихқа шолу
Лиза Су Advanced Micro Devices (AMD) компаниясының бас директоры қызметіне келген кезде, компания қаржылық күйреудің шегінде тұрған еді. Оның басты бәсекелесі Intel (INTC) сол кезеңде ПК процессорлары нарығының шамамен 90%-ын және серверлік чиптердің 99%-ын бақылап отырды.
Арада он жыл өткен соң жағдай түбегейлі өзгерді. AMD капитализациясы 360 млрд доллардан асатын алпауыт компанияға айналды. Бүгінде оған серверлік CPU* нарығының шамамен үштен бірі, ал ПК процессорлары нарығының шамамен төрттен бірі тиесілі. Intel‑ді еңсеру Лиза Су үшін шектің соңы емес: компания енді технологиялық алып NVIDIA (NVDA) компаниясынан да басым түсуге ұмтылып отыр.
*CPU – центральный процессор, «мозг» компьютера, ответственный за все его операции и вычисления
Екі мәдениеттің мұрагері
Лиза Су Тайваньда дүниеге келген. Ол үш жасқа толғанда, отбасы АҚШ‑қа қоныс аударды. Болашақта ол әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Массачусетс технологиялық институтында (MIT) оқып, «электротехника» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алды. Бір жыл бойы Texas Instruments (TXN) компаниясының жартылай өткізгіш өнімдерін жобалау орталығында жұмыс істеп, кейін IBM (IBM) компаниясына ауысты. Онда ол жартылай өткізгіштерде мыс қолдану технологиясын енгізумен айналысты. Нәтижесінде IBM‑де жасалған бұл технология саладағы жаңа стандартқа айналды.
Кейін Лиза Су чип өндіруге маманданған Freescale Semiconductor компаниясына жұмысқа ауысты. Мұнда ол басқарушылық қабілеттерін шыңдай бастады: алдымен зерттеу және әзірлеу (R&D) бағытының жетекшісі болды, ал көп ұзамай Freescale топтарының вице‑президенті және бас менеджері лауазымына көтерілді. Су ханымның басқаруына маркетинг, даму стратегиясы және жаңа өнімдер жасау процестері кірді.

Дереккөз: pcviewed.com
Құз басындағы бизнес
2014 жылы Лиза Су микрочиптер әзірлейтін AMD компаниясының бас директоры болды. Сол кезде табыстың күрт төмендеуіне байланысты бизнес қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр еді. Ол уақытта AMD бір мезетте бірнеше бағыттан табыс табуға тырысып, смартфондарға арналған микрочиптерден бастап интернет заттарына арналған датчиктер мен графикалық процессорларға дейін кең ауқымды өнім шығаратын.
Лиза Су стратегияны түбегейлі өзгертіп, саланың флагмандық әзірлемелерімен – сол кезеңде индустрияның сөзсіз көшбасшысы болған Intel өнімдерімен бәсекелесе алатын қуатты процессорлар жасауға шоғырлануды жөн көрді. Жаңа топ‑менеджер қызметке келген соң бизнестің тек үш бағытын сақтап қалды: компьютерлер мен серверлерге арналған процессорлар, графикалық шешімдер және ірі клиенттерге арналған тапсырыстық чиптер.
«Технологиялық компания үшін сіздің нақты қай бағытта мықты екеніңізді анықтау өмірлік маңызды, өйткені ең үздіктердің қатарында– бірінші немесе екінші болу керек», – бұл Лиза Су ұстанған қағида еді.
Жаңа бас директордың жетекшілігімен корпорация зерттеулер мен әзірлемелерге арналған инвестицияларды екі есе арттырды. Оның басты тәуекелі – қаржылық беріктік қорының жоқтығы болды: ұсынылған стратегия сәтсіз болса, компания оны еңсере алмайтын еді.
Zen: сәулеттік серпіліс
AMD басшысы ретіндегі Лизы Су мансабындағы шешуші қадам –процессорлардың ішкі құрылымын толық қайта құру болды. Бұл жоба Zen деген кодтық атауға ие болды. 2017 жылдың наурызында компания жаңа базада алғашқы процессорларды ұсынды. Олар алдыңғысына қарағанда біршама жақсы болды: жылдам жұмыс істейтін және энергияны аз жұмсайтын еді. Мұндай нәтижеге жаңашылқ құрылымдық тәсілдің арқасында қол жеткізілді.
Айта кететін бір жайт, бұған дейін AMD мен Intel процессорлары біртұтас кремний кристалы түрінде шығарылатын, яғни бір үлкен пластина секілді болатын. AMD мүлдем басқа тәсіл ойлап тапты: процессор бірнеше шағынмодульдерден – чиплеттерден жиналатын болды. Оларды бір қораптың ішінде біріктірілетін LEGO блоктарымен салыстыруға болады. Әрбір мұндай блокта бірнеше ядро және жадтың бір бөлігі орналасады.
Жаңа тәсіл AMD-ға бірден бірнеше артықшылық берді. Біріншіден, шағын чиплет-блоктарды өндіру әлдеқайда оңай әрі арзан. Екіншіден, егер бір блок сапасыз болып шықса, бүкіл процессор істен шықпайды, өйткені тек ақаулы бөлігін ғана ауыстыруға болады. Ақырында ұсынылған құрылым өнімділікті имкемді түрде арттыруға мүмкіндік береді: блоктар неғұрлым көп болса, есептеу ядролары соғұрлым көбейеді және өнімділік те жоғарылайды.
Zen-процессорлардың шығуымен AMD қайтадан үлкен ойынға оралды: жаңа Ryzen чиптері ДК нарығында, ал EPYC процессорлары серверлік сегментте Intel -дің баламалы шешімдеріне жетіп қана қоймай, кей бағыттарда тиімділігі бойынша олардан асып түсті.
Кейін AMD процессор ішіндегі кэш көлемін (жылдам жады) ұлғайтуға арналған 3D V-Cache шешімін шығарды. Бейнелеп айтқанда, инженерлер жұмыс үстелінің дәл үстіне қосымша сөредей нәрсе орнатуды ұсынғандай болды. Соның арқасында қажетті заттардың барлығы қолдың асытнда тұрады, ал бөлек тұрған шкафтың жәшіктерінен іздеудің қажеті болмайды. Дәл осындай қағида кэште деректерді орналастыруда да жұмыс істейді: оперативтік жадқа жүгінудің қажеті жоқ, сондықтан процессор ақпаратты дерлік бір сәтте өңдейді.
AMD негізгі процессор кристалының үстіне қосымша кэш қабатын орналастырды, яғни оны тура мағынасында үшінші өлшемге көтерді. Технология атауы да осыдан шыққан. Бұл әсер әсіресе ойындарда айқын байқалады, себебі процессор үнемі үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істейді. Мұндай ойындарға Total War секілді стратегиялар, авиациялық және басқа да түрлі симуляторлар, сондай-аө көппайдаланушы ойындары жатады.
Көшбасшылық инженерия
AMD-ның табысына Лиза Су жүргізген басқару стратегиясы шешуші роль атқарды. Ол көшбасшы болып тумайды, көшбасшы болып қалыптасады деген қағидаға сенеді. Компания басшысы демалыс күндері де кездесулер өткізеді, ал жұмыс ауық-ауық түн ортасынан кейін де жалғасады. Сонымен қатар, ол әрбір команда мүшесіне ортақ іске барынша үлес қосуға мүмкіндік беретін орта қалыптастырады. Glassdoor деректеріне сәйкес, AMD-ның 400 қызметкері жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікке риза. Лиза Судың мақұлдау рейтингі 95%-ды құрайды.
Алда тұрған сын-қатерлер
Лиза Су AMD-ны басқаруға келген сәтте компания акцияларының бағасы 3 доллар деңгейінде еді. 2012 жылы AMD қағаздарына $100 инвестициялаған адам бүгінде $6700 доллар табысқа ие болар еді. 2026 жылдың ақпанына қарай AMD-ның капитализациясы $2,5 млрд доллардан айтарлықтай 338 млрд долларға дейін өсті. 2022 жылы бұл көрсеткіш бойынша компания алғаш рет Intel-ді басып озды.
Айрықша жетістіктеріне қарамастан, AMD елеулі сын-қатерлармен бетпе-бет келеді. Солардың бірі – ІІ -чиптер сегментіндегі NVIDIA компаниясының үстемдігі. Бұл компания шамамен 85% нарық үлесіне ие.
Қызықты дерек: Лиза Су – NVIDIA компаниясының бас директоры Дженсен Хуанның немере ағайын қарындасы
Дегенмен, ежелгі бәсекелес – Intel де өз позициясынан бас тартпайды. Корпорация сектордың басқа да ойыншылары алдында артықшылықтарын белсенді күшейте түседі, Компанияның жаңа басшысы Лип-Бу Тан да Лиза Су жүріп өткен жолды таңдады. AMD чип өндірісіне қатысты Taiwan Semiconductor Manufacturing (TSM) компаниясына тәуелді болса, Intelөз өндірістік қуатын қайта жандандыруға ұстылуда. Бұл оған нарықтағы көшбасшылық үшін күресте маңызды артықшылық беруі мүмкін.