Финансист №1 (41) 2026

Михаил Парамонов

Михаил Парамонов

Freedom Finance Global аға талдаушысы

Операциялық тазарту

Citigroup британдық Джейн Фрейзенің басшылығымен қалай өзгеріп жатыр

Бизнес

2021 жылдың наурызында Джейн Фрейзер әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі – Citigroup (С) компаниясының бас директоры қызметіне келді. Қаржы институтын басқарған алғашқы әйел ретінде ол Citigroup‑тің елеулі операциялық және реттеушілік проблемалары бар күрделі кезеңінде тізгінді алды. Бұл проблемалардың шарықтау шегі 2020 жылғы оқиға болды: сол кезде Citibank кредиторларға $7,8 млн аударуы керек еді, бірақ техникалық және рәсімдік қателердің салдарынан бүкіл қарызды – $900 млн көлемінде – толық өтеп жіберді.

Бұл төлем Revlon косметикалық компаниясының міндеттемелері бойынша жүргізілген.  Ішкі бағдарламалық қамтылымның қолайсыз интерфейсіне байланысты қызметкерлер мен мердігер жүйедегі өрісті қате толтырған. Транзакция қосымша тексерусіз мақұлданып кетті. Қателік тек келесі күні таңертең анықталған кезде, қаражат кредиторлардың шотына түсіп үлгергендіктен, оларды кері қайтару мүмкін болмады. Осы оқиғадан кейін Citigroup-ке $400 млн айыппұл салынды және компанияға көпжылдық реттеушілік қадағалау енгізілді.

Бұл эпизод бизнесті трансформациялаудың бастапқы нүктесіне айналды. 2022 жылғы Инвестор күнінде Джейн Фрейзер реформалар жоспарын таныстырды, ол шамамен бір жылдан кейін ішкі қайта ұйымдастырудың ауқымды бағдарламасына айналып, «Бора-Бора жобасы» деген атауға ие болды.

Артық ештеңесі жоқ

Под руководством г-жи Фрейзер ханымның басшылығымен қаржы корпорациясы бірнеше негізгі бизнес-бағыттарды дамытуға басымдық берді. Олардың қатарында бөлшек және инвестициялық банкинг, сақтандыру сервистері, капиталды басқару бар. Компания бұрын бас директорды бизнес-бөлімшелерінің нақты операциялық жұмысынан алшақтап тұрған өңірлік басқару моделінен бас тартты. Басқару деңгейлері он үштен сегізге дейін қысқартылды. Ішкі 35 комитет таратылды. Шамамен 50 мың қызметкер үшін бағыныштылық тізбегі өзгертілді. Мұның барлығы компаниядағы шешім қабылдау үдерісін жеделдетіп, қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттырды.

Сонымен қатар, Citigroup 14 шетелдік бөлшек нарықтан шығу үдерісін бастады.  2025 жылға қарай бұл процесс түпкілікті кезеңге жетті. Осы шығудан босайтын қаражатты банк табысы жоғары бағыттарды дамытуға қайта бағыттады.

Толық жаңғырту

Ұйымдық реформалар Citigroup ішіндегі технологиялы жаңғыртумен қатар жүргізілді. Банк технологиялық инфрақұрылымды жаңартуға шамамен $12 млрд инвестициялады: бұлттық шешімдер енгізілді, ішкі банктік бағдарламалар толық жаңартылды. Үш жылдың ішінде екі мыңнан астам ескірген қосымша қолданыстан алынды. Корпорацияның барлық бөлімшелері үшін бірыңғай  ІТ-платформаға көшу операциялық тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Бұл біртұтас санкциялық комплаенс* жүйесін құруға және акциялар саудасы бойынша бұрынғы жиырма алаңның ішінен тек біреуін ғана қалдыруға мүмкіндік берді. Негізгі элементтердің бірі – Google Cloud-пен жасалған көпшілік келісім. Ол банктің күнделікті жұмысына тікелей әсер ететін негізгі ІТ-жүйелерді бұлтты ортаға көшіруді қарастырады. Соның арқасында жүйелерді енгізу мерзімі жеті аптадан екі аптаға дейін қысқарады. Соның арқасында жүйелерді енгізу мерзімі жеті аптадан екі аптаға дейін қысқарды. Сонымен бірге, банк автоматтандыру мен талдау құралдарын, оның ішінде жасанды интеллектіге негізделген шешімдерді енгізді.

*Ұлттық және халықаралық санкциялардың бұзылуына жол бермеуге арналған ішкі бақылау және құралдар жүйесі

Мысалы, АИ-ассистент Citi Assist жасанды интеллектіге негізделген ассистент «ақылды әріптес» ретінде жұмыс істейді: ол қызметкерлерге HR-дан бастап қаржы мен тәуекелдерге дейінгі күрделі ішкі саясаттар мен рәсімдер бойынша жауаптарды жылдам табуға көмектесіп, рутиналық жұмыстар көлемін едәуір азайтады. Ал Citi Squad ассистенті банк әзірлеушілеріне кодты тексеру үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Тек 2025 жылдың бірінші тоқсанында ғана Citi Squad шамамен 220 мыңға жуық осындай операция орындап, әзірлеу жылдамдығын арттырып, бағдарламалық шешімдердің сапасын жақсартты.

Қаржылық детокс

Citigroup‑тің трансформациясы реттеушілердің сенімін қалпына келтіруге мүмкіндік берді: 2025 жылдың желтоқсанында Валюта айналымын бақылау басқармасы (OOC) бес жыл бұрын енгізілген қадағалау талаптарын жұмсартты, ал АҚШ Федералдық резерв жүйесі тәуекелдерді басқаруға қатысты бірқатар ескертулерді алып тастады.

2023 жылдың 23 қарашасынан бастап, «Бора-Бора жобасы» практикалық іске асыру фазасына өткеннен кейін, 2026 жылғы 12 қаңтарға қарай Citigroup акциялары 161,4% өсім көрсетті. Бұл көрсеткіш кең нарықтың динамикасынан (S&P 500: +53,6%) да, қаржы секторынан (ETF XLF: +56,3%) да едәуір жоғары болды. Мұндай серпін инвесторлардың Citigroup‑ке деген сенімі қайта оралғанын айқын дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!