Финансист №2 (42) 2026

Вадим Меркулов

Вадим Меркулов

Freedom Finance Global талдау департаментінің директоры

Бабалар мұрасы

Адамзат тарихындағы ірі байлық кімге қалады

Басты мәселе

1937 жылы алғаш рет миллиардтаған байлық мұра ретінде берілді. Standard Oil компаниясының аңызға айналған негізін қалаушысы әрі Жердегі ең бай адам Джон Дэвисон Рокфеллер қайтыс болғаннан кейін оның активтері ұлына өтті. Оның әкесінің капиталын көбейте алмағанына қарамастан, бұл байлық отбасылық қорларда сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды.

Джон Рокфеллердің Standard Oil компаниясы АҚШ-тағы мұнай нарығының шамамен 10%-ын бақылап, АҚШ ЖІӨ-нің шамамен 1–1,5%-ына тең көлемде бағаланған (бүгінгі бағамен шамамен 300 млрд доллар).

Әке және ақша

Шамамен 100 жыл өткен соң, жаһандық активтерді мұраға қалдыру мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Америкалық Cerulli талдау компаниясы бұл құбылысты «үлкен байлық трансфері» (Great Wealth Transfer) деп атады. Бұл ұғым тарихтағы ең ірі жеке капиталдың қайта бөлінуін сипаттайды  –  бэби-бумерлер буынынан жас ұрпақтың пайдасына бағытталған үрдіс, және бұл процесс алдағы екі-үш онжылдық бойы жалғасады.

Cerulli бағалауынша, 2045 жылға дейін АҚШ-та меншік иелерінен шамамен 84,4 трлн доллар жинақ берілмек. Оның 72,6 трлн доллары мұрагерлерге өтсе, шамамен 11,9 трлн доллары қайырымдылық ұйымдарына бағытталады. 53 трлн доллардан астамы (барлық трансферлердің шамамен 63%-ы) бэби-бумерлер буынына тиесілі үй шаруашылықтарына тиеді. Тағы 15,8 трлн долларды «үнсіз» буын және одан бұрынғылар береді. Инфляция мен активтер бағасының өсуін ескерген кейінгі кейбір бағалаулар АҚШ-та ғана бұл трансфердің жалпы көлемін 120 трлн долларға дейін жеткізеді.

Қазіргі кезде жасы 30–45 аралығындағы миллениалдар буыны 2030 жылға қарай байлығын бес есеге дейін арттырады, бұл негізінен мұраға алынған активтердің есебінен болады. Great Wealth Transfer аясында оларға 68 трлн доллардан астам қаражат өтуі мүмкін. Айтарлықтай үлесті бүгінгі жасы 46–61 аралығындағы X буыны да алады. Cerulli бағалауы бойынша, алдағы 25 жылда олар шамамен 29,6 трлн доллар мұра алады, ал 2030 жылдардың ортасында жылдық түсімдер шамамен 1,5 трлн долларға дейін шарықтайды. Бұл жаһандық капитал құрылымының айтарлықтай «жасаруына» әкеледі, алайда оның шоғырлану деңгейі жоғары күйінде қалады. Нәтижесінде, бұл қаражаттың басым бөлігі ауқатты отбасылардың балаларына тиеді.

Жаңа мұрагерлер әлемдік экономикадағы соғыстан кейінгі өзгерістердің жемісін көреді: АҚШ-тың алтын стандарттан бас тартуы, жаһандану, интернеттің дамуы және соңғы онжылдықтардағы технологиялық серпіліс. Әлемдік қор индекстері тарихи максимумдарға жақын деңгейде тұр, бұл берілетін байлықтың жаһандық бағасына айтарлықтай әсер етеді.

Инвестициялық банктер мен қорлар бұл үдерістерге ерекше назар аударып отыр. Оларды ең алдымен мұрагерлердің әкелері мен аталарынан қалған қаражатты қалай басқарғысы келетіні және кейін бұл активтерді қалай қайта бөлетіні қызықтырады. Себебі жас инвесторлар тәуекелге көбірек бейім болса, аға буын өкілдері көбіне консервативті инвестицияларды таңдауға бейім.

Мұрагерлер күтпеген байлықты басқаруға қаншалықты дайын және ата-аналарының бизнесін жалғастыруға ниетті ме деген сұрақ туындайды. UBS банкінің зерттеуіне сәйкес, кәсіпкерлердің тек 43%-ы ғана балалары олардың ісін жалғастырады деп күтеді. Көпшілігі, яғни жартысынан астамы, мұрагерлерінің капиталды қоғам игілігіне пайдаланады деп үміттенеді. Ал үштен екісі ұрпақтары өздерінің жеке жобаларын дамытуды жөн көреді деп есептейді. Ірі компаниялардың негізін қалаушылар балаларға елеулі капиталды беру тәуекелдерін жақсы түсінеді, себебі түрлі себептерге байланысты олар бұл байлықты тиімді басқара алмауы мүмкін.

Бұл алаңдаушылықтардың нәтижесінде бейресми The Giving Pledge («Сыйға беру анты») қозғалысы пайда болды, оның қатысушылары өз байлығының кемінде жартысын қайырымдылыққа беруге міндеттенді.

 

Бұл қозғалыс маңызды мәдени өзгерісті қалыптастырады: ірі байлықтар енді тек отбасылық ресурс ретінде емес, сонымен қатар жауапкершілікпен басқаруды талап ететін қоғамдық ресурс ретінде қарастырыла бастады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл капиталдың қорлар мен ҮЕҰ-ларға (коммерциялық емес ұйымдарға) бағытталатын үлесінің артуына және балаларға ата-аналарының аса ірі байлығын тікелей мұраға беру көлемінің ішінара қысқаруына әкелуі мүмкін.

Корпоративтік басқару қағидалары бизнесті мұраға беру кезінде туындайтын тәуекелдерден қор нарығын қорғайды. Компания иесінің туыстары акцияларға ие болуы мүмкін, бірақ басқарушы лауазымдарды автоматты түрде иеленбейді. Жоғары қызметке үміткер адам акционерлердің мақұлдауын алып, жеткілікті басқарушылық тәжірибеге ие болуы тиіс. Сонымен қатар, ірі ашық компаниялар әдетте отбасылық бизнеске жатпайды, сондықтан бизнесті тәжірибесі жоқ бас директорларға беру мәселесі сирек кездеседі.

Қазіргі таңда бағалануы 500 млн доллардан асатын және IPO-ға шығуды жоспарлап отырған компаниялардың орташа жасы 11 жылды құрайды. BigTech компанияларының IPO бумы 2010-жылдарға сәйкес келгенін ескерсек, бұл компанияларда басқаруда буын алмасу дәстүрі әлі толық қалыптаспаған. Сондықтан, жақын болашақта отбасылық компаниялардың саны артуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды.

Капитал үшңн күрес

Соған қарамастан, Cerulli сарапшыларының пікірінше, «байлықтың үлкен қайта бөлінуі» әлемдік экономикаға елеулі әсер етеді. Біріншіден, теңсіздік күшейе түседі. Қаражаттың негізгі бөлігі азшылықтың қолында шоғырланады. Екіншіден, берілетін активтер көлемін көре отырып, мемлекеттер бұл теңсіздікті жұмсарту және қартайып жатқан халықты қолдау үшін мүлікке және капиталдан түсетін табысқа салынатын салықтарды қайта қарауы мүмкін. Капиталы көбірек жас буын бизнеске және билікке қысымды күшейте алады немесе капиталын тәуекелі төмен әрі салық жүйесі қолайлы елдерге көшіруі мүмкін.

Әрине, мұраның бір бөлігі жоғалуы да мүмкін. Қажетті құзыреттері немесе жалпы тәртібі жеткіліксіз кейбір мұрагерлер байлықты тез жұмсап жіберуі немесе тиімсіз инвестициялық шешімдер қабылдауы ықтимал. Мұндай жағдайлар өткен дәуірдегі ауқатты әулеттерде бірнеше рет байқалған. Сондықтан қаржылық білім беру және капиталды ұзақ мерзімді басқару стратегиясы Great Wealth Transfer табысының негізгі факторына айналады.

Дереккөз: Pew Research Center

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!