Инвестициялық шолу №339. Қорғанысқа ойнау

Шағын капиталдандырылған компаниялардың шолуы

Small-caps

Inuvo (INUV) интернеттегі пайдаланушыларды бақылаусыз-ақ жарнамалық аудиторияны анықтап, таргеттеу үшін ірі тілдік модельдерге негізделген генеративтік жасанды интеллект платформасын дамытып жатыр. Бұл платформа 110 млрд-тан астам бетті өңдеп, аудитория модельдерін әр 5 минут сайын жаңартады, нәтижесінде стандартты поведенческий деректерді қолданумен салыстырғанда тиімділіктің құжатпен расталған 61% артықшылығын қамтамасыз етеді. Жүйе тұтынушылардың белгілі бір тауарларға, қызметтерге немесе брендтерге деген сұранысының терең себептерін талдайды, бұл ниет деңгейіндегі таргеттеуді құруға мүмкіндік береді. Цифрлық жарнамадағы «сигналдардың жоғалуы», жеке ақпаратты пайдалануға қатысты реттеудің күшеюі, үшінші тарап cookie-файлдарының шектелуі және Apple мен Alphabet регламенттерінің өзгеруі аясында IntentKey технологиясы дәстүрлі мінез-құлыққа негізделген таргеттеу модельдеріне ауқымды балама ұсынады.

INUV акциясы бойынша Freedom Broker-дің 12 айлық бағдары — $6.

 

Motorcar Parts of America (MPAA) — пайдаланылған автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектерді, ауыр техникаға арналған компоненттерді, сондай-ақ тестілеу және диагностика жүйелерін жеткізуші компания. АҚШ-тағы автопарктің қартаюы, автомобильдердің орташа жүрісінің артуы және иелену құнының жоғары деңгейде сақталуы аясында компанияның кірісі тұрақты түрде 5–7% деңгейінде өседі деп болжанады. Бұл факторлар көлік жөндеуі мен техникалық қызмет көрсетуге деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді. Motorcar Parts of America үшін қосымша өсу драйверлеріне жоғары маржалы тежегіш жүйелері сегментінде өнім желісін кеңейту және нарық үлесін ұлғайту жатады. Соңғы тоқсанда компанияның нәтижелері негізгі бөлшек сауда клиенттерінің біріндегі уақытша ақауға байланысты күтуден төмен болды. Тапсырыстар көлемінің қалыпқа келуі және өндірістік жүктеменің артуы аясында көрсеткіштердің қалпына келуі жеделдей түседі. Жылдық болжам төмендетілгеніне қарамастан, компания сұраныстың қалпына келуіне қатысты оң көзқарасын сақтап отыр.

MPAA акциясы бойынша Freedom Broker-дің 12 айлық бағдары — $17.

 

Gentherm Incorporated (THRM) — автомобильдік терморегуляция жүйелері сегментіндегі жетекші компания, климат-бақылау мен орындық жайлылығына арналған инновациялық технологияларға маманданған. Gentherm шешімдері әлемдегі ірі автоконцерндердің басым бөлігінің модельдеріне интеграцияланған. Компания автомобиль өндірушілерімен (OEM) және олардың жеткізушілерімен тығыз жұмыс істей отырып, жаңа платформаларды әзірлеу кезеңінде өз технологияларын ендіреді. Gentherm бизнесінің негізгі өсу драйверлерінің бірі — модельдік қатардың кеңеюі және электромобильдердің таралуы. EV үлесінің артуы компания үшін әрбір көлікке шаққандағы өнім көлемін өсіреді, өйткені электр көліктері тиімді жылу мен салқындату жүйелеріне анағұрлым тәуелді. Қосымша өсу факторы — өндірістік алаңдарды оңтайландыру және ауқымдаудың есебінен операциялық тиімділіктің артуы. Бұл EBITDA маржасының кеңеюіне әлеует жасайды.

THRM акциясы бойынша Freedom Broker-дің 12 айлық бағдары — $41.

 

Natural Grocers by Vitamin Cottage (NGVC) — дұрыс және салауатты тамақтануға арналған өнімдерді шағын форматтағы дүкендерде бөлшек сатуымен айналысатын компания. Азық түлік ритейлі сегменті жылына тұрақты түрде 4–6% құрылымдық өсім көрсетіп келеді. Компанияның бизнесінің тұрақтылығы тартымды қаржылық көрсеткіштермен үйлеседі — маржиналдылықтың жоғары деңгейі және еркін ақша ағынының жақсы көрсеткіштері. Мұның бәрі қатаң шығындар бақылауы мен қаржылық икемділікті сақтайтын теңгерімді баланс құрылымының арқасында мүмкін болып отыр. Компанияның бизнес-моделі күнделікті баға қолжетімділігі стратегиясына және жекелеген дүкендер деңгейіндегі жоғары операциялық тиімділікке негізделген. Менеджмент жыл сайын дүкендер желісін 4–5% кеңейтуді мақсат етеді, бұл масштабталатын модель және географиялық кеңеюдің елеулі әлеуеті арқылы қамтамасыз етіледі.

NGVC акциясы бойынша Freedom Broker-дің 12 айлық бағдары — $36.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!