Инвестициялық шолу №341. Айқын да таңғаларлық

Тимур Турлов

Тимур Турлов

CEO Freedom Holding Corp.

Деглобализацияға толық дайындықпен

Ең маңыздысы

АҚШ-та Дональд Трамптың 2025 жылы президенттік қызметке келуімен көпполярлылық тренді жылдамдай түсті. Бұл үрдіс Венесуэлада жүргізіліп жатқан әскери операция аясында, сондай-ақ АҚШ-тың Гренландияны сатып алу/басып алу туралы әңгімелерінің әсерінде одан әрі күшейе түсті. Алайда бұл бағыттағы шешуші драйвер — Ирандағы әскери операция болды. Оның ықтимал салдарларының бірі – әлемдегі мұнай газ экспортының шамамен 20%-ы өтетін Ормуз бұғазы арқылы жүк тасымалының бірнеше айға тоқтауы. Биыл жаһандық фрагментация трендінің тұрақтылығы туралы айтуға болады: Трамп көптеген оқиғалардың бастапқы катализаторы болса да, оның іске қосқан процестері өз инерциясына ие болып, енді оның әрекеттеріне тәуелсіз дамуын жалғастыруда. Инвесторлар бұл факторларды портфельдер қалыптастыру кезінде ескеруі тиіс, ал мұндай портфельдердің белгілі бір бөлігін қорғаныс секторына бөлу орынды болмақ.

Жаһандық әскери шығындар соңғы жылдары тұрақты өсіп, 2024 жылы 2,7 трлн долларға жетті. 2027 жылы Трамп Пентагон бюджетiн 50%-ға ұлғайтып, 1,5 трлн долларға дейін жеткізуді ұсынады. НАТО-ға мүше 32 ел де әскери шығындарды арттырып жатыр, ал олар бойынша мақсатты көрсеткіш 2035 жылға қарай ЖІӨ-нің 3,5%-ына дейін көтерілді. Онжылдықтар бойғы жеткіліксіз қаржыландырудан кейін, шамамен 985 млрд доллар көлемінде қалыптасқан тапшылықты жою үшін Еуропа 930 млрд долларлық Rearm Europe бағдарламасын іске қосты. Германия 2026 жылы қорғанысқа 125 млрд доллар бөлді (+25% жылдық өсім), ал 2029 жылға қарай бұл сома жоспар бойынша 185 млрд долларға жуықтауы тиіс. Ағымдағы трендтерді ескере отырып, 2030 жылға қарай жаһандық әскери шығындар 3,5 трлн доллардан асады.

Осы жағдайда iShares U.S. Aerospace & Defense ETF (ITA) баға белгілеулері жыл басынан 24 наурызға дейін 4%-дан астам өсті, ал S&P 500 шамамен осындай мөлшерде төмендеді. Бұл тек геосаяси ахуалға қатысты алыпсатарлықтардан ғана емес, сондай ақ іргелі факторлардан да туындады. Northrop Grumman (NOC) 95,7 млрд долларлық рекордтық тапсырыстар портфелі мен халықаралық сатылымдардың 20%-ға өскенін хабарлады. RTX Corporation (RTX) 96,3 млрд доллар деңгейінде (+5% жылдық өсім) кіріс болжамын ұсынды, бұл көрсеткіш шын мәнінде одан да жоғары болуы мүмкін. Ең ірі бес мердігер компания биыл капиталдық шығындарды жиынтық түрде 38%-ға арттырмақ.

Ең жоғары әртараптандыруды осыған дейін аталған ірі капитализациялы компанияларды қамтитын iShares U.S. Aerospace & Defense ETF (ITA) береді. Сонымен қатар орташа көлемді компанияларға кеңірек экспозициясы бар SPDR S&P Aerospace & Defense ETF (XAR) да тартымды көрінеді. «Жаңа қорғаныс» — дрондар, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік бағыттарына ставкалар үшін Global X Defense Tech ETF (SHLD) қолайлы: бұл қордағы компаниялар табысты жылдық есепте 29%-ға өсірді, бұл S&P 500 көрсеткішінен шамамен екі есе жоғары. Еуропалық аймаққа экспозиция алу үшін Themes Transatlantic Defense ETF (NATO) немесе Select STOXX Europe Aerospace & Defense ETF (EUAD) ұсынамыз.

Әрине, аталған құралдардың котировкалары күшті раллиден кейін айтарлықтай жоғарылады, сондықтан позицияларға кіруді түзетулер кезінде жасаған жөн. Алайда келісімшарттардың ұзақмерзімді табиғаты және қайта қаруланудың стратегиялық қажеттілігі бұл секторды саяси циклдерге төзімді етіп, портфельде тұрақты орынға лайық етеді.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!