Инвестициялық шолу №350. Бағдардың өзгеруі

Вадим Меркулов
Freedom Finance Global Талдау департаментінің директоры
Nike. Спортқа ставка
NKE акциялары 55 АҚШ доллары мақсатты бағасымен сатып алуға тартымды
Компания туралы
Nike (NKE) — спорттық аяқ киім, киім-кешек, жабдықтар мен аксессуарлар өндіруге маманданған, әлемдегі жетекші корпорациялардың бірі. Компанияның бренді кеңінен танымал әрі жоғары деңгейде мойындалған. Жылдық түсімі 46 млрд АҚШ долларынан асады. Nike компаниясы 1964 жылы құрылған. Оның штаб-пәтері АҚШ-тың Орегон штатындағы Бивертон қаласында орналасқан.
| Тикері | NKE |
| Талдау сәтіндегі акция бағасы | $42,07 |
| Акциялардың мақсатты бағасы | $55,00 |
| Өсу әлеуеті | 30,7% |
| Индекстерге қарсы науқан | Күн | Апта | Ай | Тоқсан | Жыл |
| NKE | 1,7% | -4,7% | -0,3% | 1,6% | -44,7% |
| S&P 500 | 0,0% | -0,6% | 0,7% | -1,2% | 16,5% |
| Russell 2000 | -0,3% | -1,1% | -1,9% | -3,1% | 30,1% |
| DJ Industrial Average | -1,0% | -1,6% | 0,1% | -0,9% | 15,7% |
| NASDAQ Composite Index | -0,6% | -2,1% | -2,0% | -4,7% | 18,6% |
NKE баға белгілеу динамикасы, $

Негізгі инвестициялық тезистер
Операциялық және қаржылық көрсеткіштерді жақсарту бағыты. Үлкен Қытай нарығында аяқ киім сатылымы екі таңбалы қарқынмен төмендеуін жалғастыруда. Алайда Nike бұл мәселені шешу бағытында жұмыс істеп жатыр және белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізді. Компанияның ішкі нарығында, яғни Америка Құрама Штаттарында, жыл қорытындысы бойынша аяқ киім сатылымы 5%-ға өсті. Табыстылықтың артуына әсер еткен маңызды факторлардың бірі IEEPA бойынша шамамен 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі өтемақының қайтарылуы болды. Бұл 2025 жылы Трамп әкімшілігі енгізген заңсыз деп танылған импорттық тарифтерге байланысты төленген өтемақы. Компанияның таза ақша қаражатының көлемі де шамамен осы деңгейде бағаланады. Мұндай қаржылық жағдай Nike-қа стратегиялық бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жекелеген нарықтарда жаппай тұтыну сегментіндегі бәсекеде ұтылып жатқанымен, компания өз брендінің позициясын премиум сегментке қарай ығыстырып, тікелей сатулар арнасының тиімділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.
Қысқа позициялардың көп болуы. NKE акциялары бойынша қысқа позициялардың көлемі шамамен 63 млн акцияны немесе еркін айналыстағы акциялардың жалпы санының 5,5%-ын құрайды. Бұл орташа күндік сауда көлемінің шамамен үш есесіне тең. Осындай қысқа позициялардың жабылуы (short covering) акция бағасының қысқа мерзімде айтарлықтай өсуіне алып келуі мүмкін. Өйткені шортшылар өз позицияларын жабу үшін нарықтан акцияларды сатып алуға мәжбүр болады, ал бұл өз кезегінде сұранысты арттырып, котировкалардың көтерілуіне ықпал етеді.
Кіруге қолайлы мүмкіндік. Жыл басынан бері Nike акцияларының бағасы шамамен 35%-ға төмендеді, ал соңғы бес жыл ішінде өз құнының шамамен 75%-ын жоғалтты. Компания акциялары DJIA 30 және S&P 500 индекстерінің, сондай-ақ салалық бенчмарктердің құрамына кіреді. Индекстік қорлар портфельдерін қайта теңгеру барысында бағасы төмендеген осындай акциялардағы үлесін автоматты түрде арттырады. Бұл эмитенттің нарықтық капитализациясына қосымша қолдау көрсетеді және акция бағасына қысымның азаюына ықпал етуі мүмкін.
Дивидендтік саясат. Компания тоқсан сайын өз акцияларының иелері арасында пайданы бөліп отырады және дивиденд төлемдерінің мөлшерін жыл сайын индекстеп келеді.
Қазіргі уақытта NKE акциясының дивидендтік кірістілігі шамамен 4%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш акция бағасын айтарлықтай құлдыраудан белгілі бір деңгейде қорғайтын факторлардың бірі болып саналады. Тұрақты дивидендтік төлемдер компанияны ұзақ мерзімді инвесторлар үшін тартымды етеді және нарықтағы құбылмалылық кезеңдерінде акцияларға деген сұранысты қолдауға көмектеседі.
NKE акцияларын $55 мақсатты бағамен сатып алуды ұсынамыз, бұл 30% өсу әлеуетіне сәйкес келеді. Ықтимал шығындарды жұмсарту үшін стоп-лоссты $34 деңгейінде орнатуға кеңес береміз.
| Коэффициенттерді талдау | 2023A | 2024A | 2025A | 2026E | 2027E | 2028E | 2029E | 2030E |
| ROE | 36% | 40% | 24% | 21% | 22% | 26% | 25% | 24% |
| ROA | 14% | 15% | 9% | 8% | 9% | 11% | 11% | 11% |
| ROCE | 17% | 18% | 10% | 11% | 11% | 13% | 13% | 13% |
| Түсім/Активтер (x) | 1,36x | 1,35x | 1,27x | 1,21x | 1,17x | 1,17x | 1,16x | 1,15x |
| Маржиналдық | 2023A | 2024A | 2025A | 2026E | 2027E | 2028E | 2029E | 2030E |
| Маржиналдық | 43,52% | 44,56% | 42,73% | 42,91% | 43,54% | 44,64% | 44,74% | 44,84% |
| EBITDA бойынша маржа | 13,47% | 14,28% | 9,83% | 9,89% | 10,97% | 12,66% | 12,76% | 12,86% |
| Таза пайда бойынша маржа | 9,90% | 11,10% | 6,95% | 6,70% | 7,65% | 9,11% | 9,26% | 9,41% |
| Қаржылық көрсеткіштер, $ млн | 2023A | 2024A | 2025A | 2026A | 2027E | 2028E | 2029E | 2030E |
| Түсім | 51 217 | 51 362 | 46 309 | 46 398 | 46 644 | 48 413 | 49 892 | 51 422 |
| Негізгі шығыстар | -28 925 | -28 475 | -26 519 | -26 487 | -26 335 | -26 801 | -27 570 | -28 363 |
| Жалпы пайда | 22 292 | 22 887 | 19 790 | 19 911 | 20 309 | 21 612 | 22 322 | 23 058 |
| Сату, жалпы және әкімшілік шығыстар (SG&A) | -16 097 | -16 348 | -16 012 | -16 061 | -15 986 | -16 304 | -16 804 | -17 321 |
| Операциялық пайда | 6 195 | 6 539 | 3 778 | 3 850 | 4 323 | 5 308 | 5 518 | 5 737 |
| Пайыздық шығыстар (табыстар) | 6 | 161 | 107 | 50 | 121 | 191 | 241 | 293 |
| Салық салынғанға дейінгі пайда | 6 201 | 6 700 | 3 885 | 3 900 | 4 444 | 5 499 | 5 759 | 6 030 |
| Салық | -1 131 | -1 000 | -666 | -792 | -878 | -1 086 | -1 138 | -1 192 |
| Таза пайда | 5 070 | 5 700 | 3 219 | 3 108 | 3 566 | 4 412 | 4 621 | 4 839 |
| Сұйылтылған акцияға шаққандағы пайда | $3,23 | $3,96 | $2,16 | $2,10 | $2,41 | $3,03 | $3,24 | $3,46 |
| EBITDA | 6 898 | 7 335 | 4 553 | 4 591 | 5 116 | 6 131 | 6 367 | 6 612 |
| Активтер | 37 531 | 38 110 | 36 579 | 38 410 | 39 784 | 41 330 | 42 931 | 44 695 |
| Қысқа мерзімді қарыз | 6 | 1 006 | 5 | 2 000 | 0 | 0 | 1 500 | 0 |
| Капитал | 14 004 | 14 430 | 13 213 | 14 865 | 16 166 | 17 234 | 18 434 | 19 783 |