Инвестициялық шолу №355. Ралли баршаға бірдей емес
Freedom Holding Corp. жаңалықтары
Freedom Holding тұрақтылық бойынша жылдық нәтижелерін ұсынды
Freedom Holding Corp. 2026 қаржылық жылға арналған тұрақтылық есебін жариялады. Есеп халықаралық стандарттарға және БҰҰ-ның Глобалды келісімінің қағидаларына сәйкес дайындалды. Үшінші жыл қатарынан есептегі таңдаулы ашып көрсетілген мәліметтер Deloitte аудиторларының тәуелсіз сыртқы растаудан өтті.
Freedom Holding Corp. тұрақтылықты басқару жүйесін дамытып, ESG қағидаларын өз қызметіне және басқару шешімдеріне енгізуде. Холдинг компаниясы ұсынған құжатта корпоративтік басқару, кадрларды дамыту, жергілікті қауымдастықтарды қолдау, климаттық тәуекелдерді басқару және экологиялық бастамаларды жүзеге асыру салаларындағы көрсеткіштері баяндалған.
«Компания өсіп келе жатқан сайын біздің жауапкершілігіміз де арта түседі. Біз үшін тұрақты даму – жеке күн тәртібінің тармағы да, тек есеп беру мәселесі де емес. Бұл – мықты әрі сенімді компания құрудың бір бөлігі», – деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тімур Турлов баспасөз хабарламасында.
2026 қаржы жылының негізгі қорытындылары
- Есеп беру аясындағы компаниялардағы қызметкерлер саны 26 пайызға өсіп, 9 500 ден асты. Әрбір қызметкеркге шаққандағы орташа оқыту сағаттарының саны өткен қаржы жылымен салыстырғанда шамамен 2,4 есе өсті. Әйелдер жұмысшылар құрамының шамамен 48 пайызын құрады. Есеп беру жылында компания сондай-ақ Freedom Voices: Women әйелдерге арналған көшбасшылық бағдарламасын іске қосты.
- Компания климаттық тәуекелдер мен қаржыландырылған эмиссияларды жыл сайынғы бағалауын жалғастырды. 2026 жылғы қаржылық жылында бағалау несие портфеліне де кеңейтілді, ал қаржыландырылған эмиссияларды есептеу инвестициялық, несиелік және сақтандыру портфельдеріндегі тиісті активтер кластарын қамтыды.
- 2025 жылғы мамырда компания өзі қызмет ететін барлық юрисдикцияларға қолданатын бұзушылықтарды хабарлау жөніндегі бірыңғай саясатты қабылдады. Құпия арналар тәулік бойы қолжетімді және есептерді анонимді түрде жіберуге мүмкіндік береді.
Бағлан Мусина, Freedom Holding Corp. компаниясының тұрақты даму жөніндегі бас директоры және Freedom Shapagat корпоративтік қорының президенті, тұрақты даму жүйесін басқарудағы негізгі міндеттердің бірі ретінде операциялық қызметтің тиімділігін арттыруды, сондай-ақ Freedom тобы жұмыс істейтін өңірлерде экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан нақты нәтижелерге қол жеткізуді атап өтті.
Freedom Holding Corp. 2023 жылдан бастап БҰҰ-ның Жаһандық шартына қатысып келеді және тұрақты даму саласындағы ұжымдық бастамаларды белсенді түрде қолдайды. Аталған қағидаттар Freedom тобының ішкі тәжірибелерінде де, компанияның қызмет ететін өңірлердегі жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимылында да көрініс тапқан. Есепті кезеңде Freedom БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 11 бағытына үлес қосатын 80-нен астам жобаны қолдады. Бастамалардың басым бөлігі білім беруді дамытуға, денсаулық пен әл-ауқатты нығайтуға, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің тұрақты дамуына бағытталды.