Инвестициялық шолу №352. Қорғаныс стратегиясы
Freedom Holding Corp. жаңалықтары
Freedom Yatırım Түркияда брокерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясын алды
Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) құрамына кіретін Freedom Yatırım Menkul Değerler A.Ş. Түркияның Капитал нарықтары жөніндегі кеңесінен (Capital Markets Board of Türkiye, CMB) брокерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясын алды.
Freedom Yatırım Түркия нарығында брокерлік қызметтерді дамытып, оны халықаралық инфрақұрылыммен ықпалдастыруды, сондай-ақ TraderNet платформасы негізіндегі шешімді енгізуді жоспарлап отыр. Топтың жаһандық брокерлік мүмкіндіктерінің арқасында Түркиядағы инвесторлар халықаралық нарықтарға қол жеткізе алады.
Freedom Yatırım халықаралық инвесторлардың Түркия Республикасының капитал нарығына қатысуын кеңейтуге және Ыстанбұл қор биржасы мен әлемнің өзге де биржалары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған шешімдерін Borsa İstanbul биржасымен интеграциялап үлгерді.
Сондай-ақ Freedom Holding Corp., Freedom Yatırım және Freedom Bank капитал нарықтары мен банк секторындағы мүмкіндіктерді түрлі lifestyle-сервистермен біріктіріп, оларды бірыңғай цифрлық платформа аясында ұсынатын болады.
Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры:
«Түркияда лицензия алу реттеуші тарапынан көрсетілген жоғары сенімнің айқын белгісі әрі халықаралық операцияларымыз аясында қалыптастырған тұрақтылығымыздың көрінісі.
Freedom Holding Corp.-тың Түркиядағы кең ауқымды стратегиясы Freedom Bank пен Freedom Yatırım негізінде ықпалдастырылған цифрлық қаржы экожүйесін құруға бағытталған. Бұл ретте біз Қазақстандағы тәжірибеге сүйенеміз. Мұнда банк, инвестициялық және күнделікті цифрлық сервистерді бір платформаға біріктіретін Freedom SuperApp суперқосымшасы адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Түркияда біз бұл модельді жергілікті нарықтың қажеттіліктеріне бейімдеп, банк қызметтерін, брокерлік және өзге де қаржылық қызметтерді, сондай-ақ тұтынушылық сервистерді бірыңғай әрі үздіксіз цифрлық ортаға кезең-кезеңімен біріктіруді жоспарлап отырмыз».
Freedom брокерлік шотын автоматты түрде толықтыруға болады
Freedom Инвестиции клиенттері брокерлік шотты банк картасынан автоматты түрде тұрақты толықтыру мүмкіндігіне ие болды. Жаңа функция аударым сомасын, валютасын және төлемнің мерзімділігін алдын ала баптауға мүмкіндік береді.
Қызметті қосу
Бұл функция Freedom Broker мобильді қосымшасында және веб-платформасында қолжетімді. Клиент аударымның мерзімділігін екі нұсқаның бірін таңдау арқылы баптай алады: әр дүйсенбі сайын немесе әр айдың бірінші күні. Функция қосылғаннан кейін алғашқы аударым бірден жүзеге асырылады.
Автоматты толықтырудың ең төменгі сомасы 500 теңге, $1 немесе €1 болса, ең жоғары сомасы $9 999 немесе оған өзге қолжетімді валютадағы баламалы сомаға тең.
Freedom Bank карталарынан толықтырған кезде комиссия алынбайды. Басқа банктердің карталары үшін стандартты 2% комиссия қолданылады. Қауіпсіздік мақсатында аударымды тек брокерлік шот иесіне тиесілі картадан жасауға болады. Карта иесі мен брокерлік шот иесінің деректері міндетті түрде сәйкес келуі тиіс.