Инвестициялық шолу №354.«Бұқаларға» арналған ЖИ-көмекші

Вадим Меркулов

Вадим Меркулов

Freedom Finance Global Талдау департаментінің директоры

Intuitive Surgical. Денсаулық бизнесі

ISRG акциялары $540 мақсатты бағамен сатып алуға тартымды

АҚШ инвестидеясы

Компания туралы

Intuitive Surgical (ISRG) роботтандырылған хирургия саласындағы әлемдік көшбасшы болып саналады. Компания аз инвазивті операцияларға арналған da Vinci платформасын және өкпе ауруларын диагностикалауға арналған Ion жүйесін дамытып келеді. Бизнес-моделі жүйелерді сату мен лизингке беруді жоғары маржалы тұрақты түсіммен ұштастырады. Мұндай қайталанатын кіріс көздері құралдар мен сервистік қызмет көрсетуден қалыптасады және екінші тоқсандағы жалпы түсімнің 85%-ын қамтамасыз етті.

WMT баға белгілеу динамикасы, $

Негізгі инвестициялық тезистер

Тоқсандық нәтижелер. Сәуір мен маусым аралығында Intuitive Surgical компаниясының түсімі жылдық мәнде 19%-ға өсіп, $2,89 млрд-қа жетті, ал орындалған процедуралар саны 16%-ға артты (da Vinci платформасы бойынша +15%, Ion жүйесі бойынша +36%). Компания 468 da Vinci жүйесін орнатты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға көп. Соның ішінде 246 құрылғы da Vinci 5 платформасына тиесілі болды. АҚШ-та da Vinci платформасындағы процедуралар санының өсу қарқыны бірінші тоқсандағы 14%-дан екінші тоқсанда жылдық есепте 12%-ға дейін баяулады. Бұған жоспарлы операциялар көлемінің әлсіз динамикасы, GLP-1 препараты факторы және медициналық қызметтердің қолжетімділігінің төмендеуі әсер етті. Сонымен қатар АҚШ-тан тыс нарықтарда da Vinci платформасын пайдалану 20%-ға өсті. Non-GAAP стандарты бойынша EBIT маржасы 42,1%-ға жетіп, жоғары жалпы рентабельділік пен операциялық левередждің арқасында нарық консенсусынан айтарлықтай асып түсті.

Бизнестің перспективалары. Табыстың ұзақ мерзімді өсуінің негізгі драйвері da Vinci 5 платформасына көшуге бағытталған көпжылдық жаңарту циклі болып қала береді. Қосымша өсім әлеуеті SP және Ion жүйелерін белсенді енгізумен, Жапонияда сақтандыру төлемдерінің өтемақысын жақсартумен, сондай-ақ da Vinci 5 платформасының жаңа нарықтарға шығуымен байланысты. Қалпына келтірілген XiR жүйелері мен Extended Use бағдарламасы роботтандырылған процедуралардың құнын төмендетуге және бағаға сезімтал сегменттердегі нарыққа ену деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Компанияның шығындары түсімге қарағанда баяуырақ өсіп жатқандықтан, бұл маржа мен акцияға шаққандағы пайданы (EPS) қолдап отыр.

Негізгі тәуекелдер. АҚШ-та процедуралар көлемінің төмендеуі, GLP-1 препараттарының кеңінен таралуы, Қытайдағы бизнесті дамытуға бәсекелестік пен реттеушілік қысымның кедергі келтіруі, сондай-ақ компанияның өсу қарқыны біртіндеп жетілген кезеңге өткен жағдайда мультипликаторлардың қысқаруы негізгі тәуекелдер қатарына жатады.

Сонымен қатар Extended Use Program бағдарламасы қысқа мерзімде бір процедураға шаққандағы құралдардан (Instruments) түсетін түсімге қысым көрсетуі мүмкін.

Freedom Broker-дің ISRG акциясы бойынша рейтингі – «сатып алу», мақсатты баға – $540. Stop-loss деңгейін $320 белгісінде орнатуды ұсынамыз. Эмитенттің қазіргі бағалануы процедуралар санының өсу қарқынының қалыпқа келуін ескергенімен, табыстың тұрақты өсімін толық көлемде бағамай отыр. Компания түсімінің орташа жылдық өсу қарқыны (CAGR) 2026–2028 жылдары 15% деңгейінде болады деп күтіледі. Сонымен қатар операциялық левередж есебінен EBIT түсімнен де жылдам өседі.

Мақсатты баға бес жылдық DCF-модель негізінде, сондай-ақ NTM P/E 50x және EV/Sales 15x мультипликаторлары қолданылып айқындалды. Өсу әлеуетінің іске асуына компанияның саладағы көшбасшылық позициясы, қайталанатын түсімнің жоғары үлесі және da Vinci 5, SP мен Ion жүйелерінің қолданылу ауқымының кеңеюі ықпал етеді.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!