2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған инвестициялық идеялар шолуы: Freedom сарапшыларының көзқарасы
Зерттеулер
3 шілде 2026, 14:39
Сарапшылар 2026 жылдың екінші жартыжылдығында әлеуетті кірістілік пен тәуекелдің ең тартымды арақатынасына ие бес инвестициялық идеяны атап өтті.
Материал ақпараттық-сараптамалық сипатқа ие және жеке инвестициялық ұсыныс емес.
2026 жылғы әлемдік нарықтағы жалпы жағдай
Алияр Ақымғалиев, қаржылық талдау департаментінің сарапшысы, қаржы және қор нарығындағы жалпы жұмыс тәжірибесі - 5 жылдан астам
Америкалық қор нарығы өсуін жалғастыруда, алайда бұл өсімнің сипаты айтарлықтай өзгерді. Егер өткен жылдары инвесторлар нарықтың жаппай көтерілуіне сенім арта алған болса, 2026 жылдың екінші жартыжылдығында жекелеген компаниялар мен секторларды сауатты таңдаудың маңызы артып келеді. 2022 жылдың қазан айындағы ең төменгі көрсеткіштерден кейін басталған қазіргі өрлеу («бұқа») нарығы 45 айдан бері жалғасып келеді және осы уақыт ішінде 107%-дан астам өсім әкелді. Бұл тарихи медианалық көрсеткіштерге (56 ай және +116%) дерлік сәйкес келеді. Бұл фактінің өзі раллидің жақын арада аяқталатынын білдірмейді, алайда «сатып ал да, ұстап тұр» стратегиясы бұрынғыдай әмбебап болып көрінбейді.
Wall Street стратегтерінің 2026 жылдың соңына қарай S&P 500 бойынша консенсусы - 7 000 (аюлар: BofA, Stifel, Wells Fargo) мен 8 250+ (бұқалар: Yardeni, Goldman Sachs, Morgan Stanley) ауқымында шамамен 7 600 пункт. Мұндай қалыпты индекстік апсайд басты тезисті айқындайды: қазіргі кезеңде кірістілік нарықты пассивті сатып алу арқылы емес, секторлар мен компанияларды таңдау арқылы қалыптасатын болады. Сарапшылардың S&P 500 құрамындағы жекелеген қағаздар бойынша жиынтық 12 айлық мақсаты шамамен 8 811 пунктті (+ағымдағы деңгейден 16,8%) құрайтыны, ал индекс компанияларының 61%-ында «Сатып алу» ұсынысы бар екені назар аудартады — индекстік күтілімдер мен bottom-up бағалаулары арасындағы алшақтық stock-picking-тің сақталып отырған әлеуетін көрсетеді.
[Дереккөз: Bloomberg, FactSet Earnings Insight, S&P Global Market Intelligence; мәліметтер 27.06.2026 жылғы жағдай бойынша]
Бұқалар нарративі: нарықты не қолдайды
Нарықтың басты іргелі драйвері пайданың өсуі болып қала береді. S&P 500-дің 2026 жылға арналған консенсус EPS-і — шамамен $321, ал trailing 12 айлық EPS шамамен $294 құрайды, бұл пайданың шамамен 9%-ға өсуін болжайды. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша индекстің EPS-і бастапқыда болжанған шамамен 12%-ға қарсы ж/ж 27%-ға өсті — компаниялар күтілімдерден асып түсуді жалғастыруда. Жоғары мультипликаторлар (S&P 500 P/E көрсеткіші ұзақ мерзімді орташа деңгейден жоғары) әлсіз тұс болып қала береді, бірақ пайданың нақты өсуімен қолдау тауып отыр.
Құрылымдық драйвер ретінде AI-инфрақұрылымдық циклі қалуда, алайда бұл тақырып дамып келеді. Нарық «AI-мен байланыстының бәрін» сатып алуды тоқтатты — фокус инфрақұрылымдық бенефициарларға: жартылай өткізгіштерге, жадқа желілік жабдықтарға, электрмен жабдықтауға және дата-орталықтарға ауысты. Нарық көшбасшылығының Mag 7 шегінен тыс қаржы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, small/mid caps секторларына кеңеюі басты оң сигнал болып табылады: нарық мегакэптердің тар тобына тәуелді болудан біртіндеп арылып келеді.
[Дереккөз: FactSet Earnings Insight Q1 2026, Bloomberg EPS Consensus; мәліметтер 27.06.2026 жылғы жағдай бойынша]
Негізгі тәуекелдер: сценарийді не бұзуы мүмкін
Аюлар сценарийі міндетті түрде рецессияны болжамайды, нақты қауіп мультипликаторлардың қысылуында болып тұр. Төрт фактордың үйлесімі жылдам коррекцияны тудыруы мүмкін: мұнай бағасының өсуі (ирандық/ормуздық тәуекел), 10 жылдық UST кірістілігінің 4,5-5,0% аймағына қарай қозғалуы, AI-инвестицияларының ROI-інен көңіл қалу және нарық енінің нашарлауы. Бұл факторлардың ешқайсысы жеке алғанда критикалық емес, өйткені олардың бір уақытта іске асуы қауіпті.
Біздің базалық сценарийіміз бен тактикамыз
Базалық сценарийде біз нарыққа конструктивтікөзқарасты сақтаймыз, бірақ екпінді индекстік позициялаудан тақырыптық позициялауға ауыстырамыз. Басымдық берілетін себеттер: AI-инфрақұрылым (жартылай өткізгіштер, жад, желілер, электрмен жабдықтау), қаржы, денсаулық сақтау, сапалы small/mid caps. Түзетуллер туындаған жағдайда, инвесторлар оларды кең индексті орташалау үшін емес, сапалы идеяларға кірудің ықтимал нүктелері ретінде қарастыра алады. Нарықтағы жағдайды бағалау кезінде сарапшылар ең алдымен EPS-ті қайта қарау динамикасына, гиперскейлерлердің capex-жоспарларына және 10 жылдық UST-тың мінез-құлқына назар аударуды ұсынады.
2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған Топ-5 инвестициялық идея
Төменде қазіргі нарықтық контекстте тәуекел мен өсу әлеуетінің ең тартымды арақатынасына ие деп бағаланған бес акция берілген. Идеялар біз 2026 жылдың екінші жартыжылдығында ең өзекті деп санайтын басты тақырыптарды қамтиды: AI-инфрақұрылым, жад циклі, жаңа буынның желілік жабдықтары, электрлендіру және оптикалық байланыс.
Идеяларды іріктеу методологиясы
Қағаздар келесі критерийлердің жиынтығы бойынша іріктелді: (1) Upside to target — позитивті мақсаттармен консенсустық 12 айлық бағалаудың өсу әлеуеті; (2) Valuation — тарихи ауқымдар мен сектордағы аналогтарға қатысты P/E, Forward P/E, EV/EBITDA, P/S, P/FCF бойынша бағалануы; (3) EPS — соңғы тоқсандардағы пайданың оң динамикасы; (4) Sector momentum — оң импульсі бар және институционалды инвесторлардың аллокациясы өсіп жатқан секторға тиесілілігі; (5) Large cap + Liquidity — инвесторлардың кең ауқымы үшін позицияның орындалуын қамтамасыз ететін сауда-саттық көлемі мен елеулі капитализация; (6) Risk/reward — 12 айлық көкжиекте ықтимал өсімнің мүмкін болатын төмендеуге арақатынасы 2:1 көрсеткішінен төмен емес; (7) Талдаушылық рейтинг — sell-side тарапынан «Сатып алу» ұсыныстарының 60%-дан кем болмауы; (8) Ішкі QMV метрикасы — бизнестің сапасын (Quality), бағалық импульсті (Momentum) және төмен бағалануды (Value) бағалайтын акцияларды бағалаудың меншікті моделі; (9) Салыстырмалы күш (RS) — соңғы 6–12 айдағы акцияның S&P 500 индексіне қатысты динамикасы.
1. NVDA — NVIDIA Corporation
Сектор: жартылай өткізгіштер/AI-инфрақұрылым
Инвестициялық тезис: AI-жеделдеткіштері саласындағы әлемдік көшбасшы және жасанды интеллектінің дамуынан негізгі бенефициарлардың бірі. Сарапшылар Blackwell платформасына деген тұрақты сұранысты, CUDA экожүйесінің дамуын және AI-ды корпоративтік қолданудың кеңеюін атап өтеді.
Сарапшылардың орташа мақсатты бағасы: $310
Өсу әлеуеті: 12 айлық көкжиекте 55%-дан астам
Негізгі тәуекелдер: негізгі тәуекелдер компанияның жоғары нарықтық бағалануымен, AI-инфрақұрылымға инвестициялардың ықтимал баяулауымен, бәсекелестіктің күшеюімен және реттеушілік шектеулермен байланысты.
2. ANET — Arista Networks
Сектор: желілік жабдықтар/AI-инфрақұрылым
Инвестициялық тезис: компания AI-дата-орталықтар құрылысының өсуінен және бұлтты инфрақұрылымға арналған жоғары жылдамдықты Ethernet-шешімдеріне сұраныстың артуынан ұтысқа ие болуда.
Сарапшылардың орташа мақсатты бағасы: $190
Өсу әлеуеті: 12 айлық көкжиекте 16%-дан астам
Негізгі тәуекелдер: Негізгі тәуекелдерге ірі бұлтты провайдерлердің күрделі шығындарының баяулауы, бәсекелестіктің күшеюі және корпоративтік АТ-бюджеттердің қысқаруы жатады.
3. MU — Micron Technology
Сектор: жартылай өткізгіштер/жад және деректерді сақтау
Инвестициялық тезис: HBM-жадқа сұраныстың өсуінен және жад нарығының қалпына келуінен пайда көре алатын, DRAM және NAND жадының ірі өндірушілерінің бірі.
Сарапшылардың орташа мақсатты бағасы: $115
Өсу әлеуеті: 12 айлық көкжиекте 10%-дан астам
Негізгі тәуекелдер: Негізгі тәуекелдер: Негізгі тәуекелдер — жад нарығының циклділігі, DRAM және NAND бағасының ықтимал төмендеуі, сондай-ақ сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің өзгеруі.
4. ETN — Eaton Corporation
Сектор: өнеркәсіп/электр жабдықтары
Инвестициялық тезис: компания энергия жүйелеріне және AI-дата-орталықтар құрылысына инвестициялардың өсуінен ұтысқа ие болатын бенефициарлардың бірі.
Сарапшылардың орташа мақсатты бағасы: $464
Өсу әлеуеті: 12 айлық көкжиекте 13%-дан астам
Негізгі тәуекелдер: тәуекелдер инфрақұрылымдық инвестициялардың ықтимал қысқаруымен, өнеркәсіптік өндіріс қарқынының баяулауымен және рентабельділікке қысым жасалуымен байланысты.
5. GLW — Corning Incorporated
Сектор: материалдар/оптикалық инфрақұрылым
Инвестициялық тезис: AI-дата-орталықтарды салу кезінде сұранысқа ие оптикалық инфрақұрылымға арналған шешімдердің негізгі жеткізушілерінің бірі.
Сарапшылардың орташа мақсатты бағасы: $220
Өсу әлеуеті: 12 айлық көкжиекте шамамен 5%
Негізгі тәуекелдер: тәуекелдер қатарында — AI-инфрақұрылымының баяу дамуы, телекоммуникациялық жабдықтарға сұраныстың төмендеуі және өндірістің жоғары күрделі шығындылығы.
Осылайша, бұдан былайғы кірістілік әлеуеті бүгінде жалпы индекс динамикасына азырақ, ал жекелеген компанияларды дұрыс таңдауға көбірек тәуелді болып отыр.
Қазақстан нарығы
Ансар Абуев, қаржылық талдау департаментінің сарапшысы, қаржы және қор нарығындағы жұмыс тәжірибесі — 9 жылдан астам
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында KASE индексі 9,3%-ға өсіп, S&P 500 көрсеткішінен (+7,5%) асып түсті, ал теңгенің нығаюын ескергенде нарықтың долларлық кірістілігі шамамен 14%-ға жетті. Негізгі өсімді экспорттаушылар — Қазатомөнеркәсіп, ҚазМұнайГаз және Solidcore қамтамасыз етті.
Екінші тоқсанда нарық сыртқы факторлардың, соның ішінде әлемдік алаңдардағы құбылмалылықтың артуының әсерінен консолидация фазасына өтті. Базалық мөлшерлеменің 18%-дан 17%-ға төмендеуі қосымша драйвер болып, екінші жартыжылдықта инвесторлардың қазақстандық нарыққа деген қызығушылығын қолдап отыр.
Жазғы кезең дәстүрлі түрде KASE үшін тыныш өтеді, алайда нарық бұдан былайғы өсім әлеуетін сақтап тұр. Қолдаудың негізгі факторларының бірі ақша-несие саясатын жұмсарту циклінің жалғасуы болуы мүмкін. Базалық мөлшерлеменің одан әрі төмендеуі акциялардың тартымдылығын банктік депозиттер мен облигациялармен салыстырғанда арттыра алады. Инфляцияның баяулауы және теңгенің тұрақты бағамы қосымша қолдау көрсетуде. Тамыз айында инвесторлардың назары компаниялардың бірінші жартыжылдықтағы қаржылық есептілігіне аударылады, бұл дивидендтік төлемдердің келешегін бағалауға мүмкіндік береді және дивидендтік қағаздарға деген қызығушылықтың артуына серпін болуы мүмкін.
Сонымен қатар инвесторлар ықтимал тәуекелдерді де ескеруі керек. Егер базалық мөлшерлеме күтілгеннен баяу төмендесе немесе инфляция қайтадан жеделдесе, бұл акциялардың құнына, әсіресе банк секторына қысым жасауы мүмкін. «ҚазМұнайГаз» және Solidcore Resources сияқты экспортқа бағытталған компаниялар үшін теңгенің одан әрі нығаюы қосымша тәуекел болып қала береді, себебі бұл олардың теңгелік түсімін азайтуы мүмкін. KEGOC және «ҚазТрансОйл» үшін реттеушінің тарифтік саясаты белгісіздіктің негізгі факторы болып қалуда: егер жаңа тарифтер күтілгеннен төмен болса, бұл компаниялардың болашақтағы түсімі мен таза пайдасына кері әсер етуі мүмкін.
Ағымдағы нарықтық жағдайға сүйене отырып, біз 2026 жылдың екінші жартыжылдығында әлеуетті кірістілік пен тәуекелдің ең тартымды арақатынасына ие деп санайтын қазақстандық қор нарығының бес компаниясын атап өтеміз.
1. «Қазақстан Халық банкі» АҚ (HSBK)
Нысаналы бағасы: 450 теңге
Өсу әлеуеті: 20,2%
Тұрақты өсімнің, жоғары дивидендтік кірістіліктің және тұрақты қаржылық көрсеткіштердің үйлесімі арқасында қазақстандық нарықтағы ең күшті «портфельдік» қағаздардың бірі. Соңғы төлем бір акцияға 30,1 теңгені құрады, ал күтілетін дивидендтерді ескергенде жылдық кірістілік 15–16%-ға жетуі мүмкін — бұл нарықтағы ең үздік деңгейлердің бірі.
Компанияның төмен бағалануы қосымша артықшылық болып қала береді: P/E көрсеткіші шамамен 4х құрайды, ал АҚШ-тың ірі банктерінде бұл көрсеткіш 14–16х ауқымында. Бұл акциялардың өсу әлеуеті сақталып отырғанын көрсетеді.
[Дереккөз: Freedom Broker-дің «Халық Банкі: 2026 жылдың І тоқсанына арналған есеп» аналитикалық шолуы]
2. «KEGOC» АҚ (KEGC)
Нысаналы бағасы: 2 180 теңге
Өсу әлеуеті: 51,6%
KEGOC акциялары қорғанысы жоғарырақ құрал іздеп жүрген инвесторлар үшін қолайлы. Қағаздар нарықтағы құбылмалылыққа аса сезімтал емес, сонымен бірге жоғары дивидендтік тартымдылығы мен мықты қаржылық көрсеткіштерін сақтап отыр.
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша компания электр энергиясын жеткізу тарифтерінің көтерілуі арқасында рекордтық тоқсандық түсімді тіркеді. Тарифтердің өсуі түсім мен EBITDA бойынша болжамды тікелей жақсартады, бұл акциялардың әділ құнын арттырады.
[Дереккөз: Freedom Broker-дің «KEGOC: 2026 жылдың І тоқсанының нәтижелері» аналитикалық шолуы]
3. «ҚазМұнайГаз» АҚ (KMGZ)
Нысаналы бағасы: 39 100 теңге
Өсу әлеуеті: 17,25%
«ҚазМұнайГаз» мұнайдың жоғары бағасынан негізгі пайда көрушілердің бірі болып қала беруде. Brent құнының төмендеуіне қарамастан, өткен айлардағы жоғары бағалардың әсері компанияның қаржылық нәтижелерінде көрініс табуын жалғастырады.
І тоқсанда мұнайдың орташа бағасы 7,1%-ға өсті, бұл түсімді өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға — 2,48 трлн теңгеге дейін арттыруға, сондай-ақ негізгі бірлескен кәсіпорындардың пайдасын өсіруге мүмкіндік берді.
[Дереккөз: Freedom Broker-дің «Қазмұнайгаз: 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы» аналитикалық шолуы]
4. «КазТрансОйл» АҚ (KZTO)
Нысаналы бағасы: 1 490 теңге
Өсу әлеуеті: 32,7%
І тоқсанның қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау тарифтері мен көлемінің өсуі арқасында қаржылық нәтижелерін айтарлықтай жақсартты. Таза пайда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81%-ға өсті, ал операциялық ақша ағыны екі еселенді.
Ақшалай қаражат пен қысқа мерзімді қаржылық активтер рекордтық 155 млрд теңгеге жетті, бұл компанияның дивидендтік әлеуетін нығайтады. 118 теңге көлеміндегі соңғы дивиденд шамамен 10% кірістілікті қамтамасыз етті.
[Дереккөз: Freedom Broker-дің «ҚазТрансОйл: 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы» аналитикалық шолуы]
5. Solidcore Resources (CORE)
Нысаналы бағасы: $9,6
Өсу әлеуеті: 14%
Solidcore алтын бағасының өсуінен ұтып отыр, солай болса да қазіргі уақытта нарыққа ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемелер бойынша қатаң ұстанымы қысым жасауда. Олар қайта қаралып, жыл соңына қарай теңге әлсіреуі мүмкін болған жағдайда, компания валюталық түсімнің өсуі есебінен қосымша қолдау ала алады, бұл қаржылық нәтижелерге оң әсер етеді.
[Дереккөз: Freedom Broker «Solidcore: 2025 жылдың ІІ жартыжылдығының қорытындысы» аналитикалық шолуы]
Маңызды ескертпе (Disclaimer)
Freedom Finance Global PLC (лицензия AFSA-A-LA-2020-0019, АХҚО аясында AFSA берген, www.fbroker.kz). Бағалы қағаздарға инвестициялар әрқашан капиталдың жоғалу қаупімен ұштасады. Тәуекелдер туралы толық ақпаратты сайтымызда қолжетімді Freedom Finance Global бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне 4-қосымшада таба аласыз. Өткен нәтижелер болашақ табыстарға кепілдік бермейді.
Бұл материал ақпараттық сипатта ғана және қандай да бір қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға инвестициялық ұсыныс, ұсыным немесе ынталандыру болып табылмайды. Инвестициялар туралы барлық шешімдер дербес қабылданады және инвестор өзінің іс-әрекеттері үшін толық жауапты болады. Толық ақпарат алу үшін қаржы кеңесшіңізге хабарласыңыз.