Акциялар - сізге компанияның бір бөлігіне иемдену құқығын беретін бағалы қағаздар. Компаниядағы акцияларыңыздың санына байланысты, компаниядағы үлесіңіз, акционерлер жиналысындағы дауыс беру құқығыңыз және пайда (дивидендтер) алу құқығыңыз анықталады.
Компаниялар өздерінің одан әрі дамуларына ақша тарту мақсатында акция шығарады. Сондай-ақ, кейде компаниялар басқа компанияларды сатып алу туралы мәмілелерді акциялармен төлейді. Акциялар қор биржаларында саудаланады және олардың бағасы нақты уақытта күн сайын өзгеріп отырады.
Акциялардың түрлері: қарапайым және артықшылықты акциялар арасындағы айырмашылық неде?
Олар екі өлшем бойынша ерекшеленеді: дауыс беру және дивидендтер алу мүмкіндігі.
Қарапайым акциялар (common stock) | Артықшылықты акциялар (preferred stock) |
|---|---|
Негізінде, қор нарығындағы инвесторлардың көпшілігі қарапайым акцияларға ақша салады. Мысалы, Freedom Broker-дегі AAPL акциялары - Apple компаниясының қарапайым акциялары. | Меншік иесі арнайы құқықтарға ие үлестік бағалы қағаздардың түрі. Мұндай акциялар дивидендтердің мөлшерін алдын ала белгілейді, бірақ белгілі бір жағдайларда оларды қарапайым акцияларға айырбастауға болады. |
Артықшылықтары
| Артықшылықты акцияларды 2 түрге бөлуге болады:
+ тұрақты дивиденд + төлемдерді бірінші болып алу құқығы дауыс беру мүмкіндігін бермейді
Бұл жағдайда меншік иелерінің құқықтары компанияның жарғысында белгіленеді және келесідей мүмкіндіктер береді: + тұрақты дивидендтер бойынша дауыс беру + оларды төлеу кезіндегі басымдық + жаңа акцияларды сатып алу кезіндегі бірінші басымдық |
Бірақ қарапайым акциялар бойынша дивидендтерге кепілдік берілмейді. Мұның барлығы компанияға байланысты: компания қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеуді шешсе, дивидендтер болады. Жоқ болса? Демек, болмайды. | Көп жағдайда компаниялар артықшылықты акциялардың шектеулі санын жай акцияларға қарағанда жоғары бағамен шығарады. |
