Құбылмалылық бұл - қор нарығындағы бағаның өзгеру ауқымы мен қарқынын білдіретін көрсеткіш. Нарықтағы немесе белгілі бір акциялардағы құбылмалылық неғұрлым жоғары болса, сауда жасау соғұрлым қауіпті болады. Екінші жағынан, тәуекелдің жоғары болуы да жоғары кірістіліктің ықтималдығын білдіреді.
Төмен құбылмалылық - бұл акциялардың бағасы ұзақ уақыт бойы шамамен бір белгіде өзгеріп отырады. Ол тар диапазонда болады немесе бір бағытта өте баяу қозғалады. Бұл ретте сауда-саттық көлемі орташадан төмен болуы мүмкін. Инвесторлар көп белсенділік танытпайды, қағаз ешкімге қажет емес сияқты. Оның бағасы көтерілмейді де, төмендемейді де, ол жай ғана биржалық индекстердің соңынан «жүреді».
Екінші жағынан, жоғары құбылмалылық қалыпты жағдай болып табылатын қағаздар бар. Жоғары құбылмалы құралдың айқын мысалы - Tesla, Inc. (NASDAQ: TSLA) акциялары. Олардың серпіні «америкалық әткеншектерге» ұқсайды: Tesla акцияларының бағасы кейде бір сауда сессиясында бірден 10-15%-ға өзгереді. Орташа алғанда, олар апта сайын 6,5%-ға өседі немесе төмендейді.
Құбылмалылық туралы көбірек біздің төмендегі блогымыздан біле аласыз: ««Құбылмалылық» дегеніміз не және ол сіздің акцияларыңызға қалай әсер етеді»