Сплит деген не?

Жаңартылды 22.09.2026

Сплит (split) бұл — эмитент-компанияның тарапынан болатын корпоративтік әрекет, мұндай әрекетті орындағанда акциялардың саны ұлғайып, ал акциялардың бағасы өскен санға тепе-тең төмендейді.


Бұл ретте бизнестің жалпы нарықтық құны өзгермейді. Бірақ бір акцияның бағасы бірнеше есеге төмен немесе жоғары болуы мүмкін.

Мұндай акцияларды ұстайтын инвестор одан ақшасын жоғалтпайды да, табыс таппайды да, оның салымдарының құны бұрынғы күйінде қалады.

Бірақ, егер компания акцияларды бөлшектеп тастаса және олар бірнеше есеге арзандаса, көп адам оларды сатып ала алады.

Акцияларды бөлудің екі түрі бар: Бағалы қағаздарды кері және тікелей бөлу (сплит). 

Тікелей сплитте (split) акциялардың саны артады, әр акцияның бағасы төмендейді. Тікелей сплитті әдетте акциялардың бағасы тым жоғары болған кезде жүргізеді және компания оларды жаңа инвесторлар үшін қол жетімді еткісі келеді.

Мысалы: компанияның әрқайсысының құны 1000 АҚШ доллары тұратын 1000 акциясы болды. Компания 10:1 сплит өткізді, енді оның әрқайсысының құны 100 АҚШ доллары тұратын 10 000 акциясы бар.

Кері сплитте (reverse split) акциялардың саны азаяды және әр акцияның бағасы өседі. Кері сплитті әдетте акциялары төмен деңгейде саудаланатын компаниялар жиі пайдаланады, өйткені акциялар тым арзан болған кезде, олар акцияларды баға бойынша таңдау өлшемшарты бар инвесторлар үшін тартымды болмауы мүмкін.

Мысалы: компанияның бір данасының құны 1 АҚШ доллары тұратын 100 000 акциясы болды.

Компания 1:10 сплит өткізді, енді оның әрқайсысының құны 10 АҚШ доллары тұратын 10 000 акциясы бар.

Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 100%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!