Брокерлік шот — бұл қор биржасында бағалы қағаздармен сауда жасауға арналған арнайы шот.
Брокер жеке инвестор мен биржа арасында делдал қызметін атқарады. Заң бойынша қарапайым адам қор биржасында тікелей операцияларды жүзеге асыра алмайды, сондықтан ол брокерге нұсқау береді және брокер клиенттің атынан қаржылық активтерді сатып алады немесе сатады. Бұл активтерді есепке алу үшін брокерлік шот қажет.
Брокерлік шот келесілер үшін қажет:
1. Бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға бұйрықтарды орындау;
2. Сатып алынған акцияларды меншiкке рәсiмдеу;
3. Акциялар бойынша дивидендтер алу.
Яғни нарықтағы барлық іс-әрекеттер брокерлік шотсыз мүмкін емес. Оған сатып алынған акциялар, дивидендтер, сондай-ақ іске асырылған пайда есептелетін болады.