Финансист №1 (41) 2026

Әсел Мұқажанова

Әсел Мұқажанова

AIX биржасының төрағасы

Әсел Мұқажанова (AIX)

«Биржалық бизнес білім мен тәртіпті бағалайды»

Сұхбат

Бүгінгі Қазақстан нарығының 10-15 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар?

Тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстанның капитал нарығындағы негізгі ойыншылар банктер мен квазимемлекеттік компаниялар болатын. Олар бүгін де нарықтың басты драйверлері болып қала береді. Мысалы, жақында AIX биржасының эмитенттерінің қатарына әлемнің жетекші банктерінің бірі — J.P. Morgan Chase қосылды. Бұл бүкіл жергілікті нарық үшін маңызды оң сигнал.

Бұрын облигациялардағы негізгі инвесторлар жергілікті институционалдық ойыншылар (банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары) болса, бүгінде сұраныстың басым бөлігін жеке инвесторлар қалыптастырады. Бұрын жергілікті нарықта $10–20 млн-нан жоғары сомаларды тарту қиын болса, бүгінде орналастыру көлемі бірнеше есе артты.

Қазақстанның жергілікті капитал нарығында жаңа құралдар — биржалық инвестициялық қорлар (ETF) және құрылымдық ноталар пайда болуда. Егер бұрын мұндай өнімдерді шығару үшін эмитенттер Люксембург, Ирландия және басқа халықаралық қаржы орталықтарына жүгінуге мәжбүр болса, бүгінде бұл ағымның бір бөлігі АХҚО*-ға қарай ойыса бастады.

*«Астана» халықаралық қаржы орталығы – Қазақстанда қаржы нарығын дамыту үшін құрылған арнайы юрисдикция

Қазіргі уақытта AIX-те қандай құралдар көбінесе сұранысқа ие?

Сауда-саттық көлемі бойынша капитал нарығында облигациялар басымдық танытуда. 2025 жылы AIX-тегі жалпы сауда-саттық көлемі $2,1 млрд құрады, оның $1,7 млрд борыштық өнімдердің нарығына келеді. Сәйкесінше, бүгінде борыштық құралдарға инвестициялайтын инвесторлар негізгі сауда белсенділігін қалыптастырады.

Сонымен қатар, ұжымдық инвестициялау құралдарына деген қызығушылықтың тұрақты өсімін байқап отырмыз. Өткен жыл жергілікті инвестқорлар нарығы үшін серпіліс жылы болды: бірнеше бірегей ETF іске қосылғаннан кейін бұл активтер бойынша сауда көлемі шамамен 15 есе өсті – 2024 жылғы $2,4 млн-нан 2025 жылы $31,6 млн-ға дейін.

Үлестік құралдарға қатысты айтар болсақ, алтынға, уранға және сирекжер металдарына бағаның өсуі аясында осы сегменттердегі компаниялардың акцияларының құны айтарлықтай артты. Мысалы, вольфрам өндірушісі Jiaxin International Resources 2025 жылдың тамызында бір мезгілде AIX пен Гонконг биржасында IPO өткізді. Орналастыру бағасы 9,93 қытай юанын құраса, бүгінде акциялар 70 юань деңгейінде саудаланып жатыр – бұл жеті есе өсімді көрсетеді.

Компаниялар өздерінің қағаздарын биржада алғашқы орналастыру кезінде қндай қателіктер жібереді?

Компаниялар жиі түрде орналастыруға дайындық кезеңінің маңызын төмен бағалайды. IPO – бұл бір реттік мәміле емес, компания өмірінің жаңа тәртібіне көшу. Тағы бір кең таралған қателік – ақпаратты ашу мен корпоративтік басқаруға қойылатын жоғары талаптарды ескермеу. Эмитенттер сонымен қатар нарық қызығушылығын көбіне асыра бағалап, инвесторлармен алдын ала жұмыс істемейді. Бизнес жария нарықтың ережелерімен өмір сүруді неғұрлым ертерек бастаса, биржаға шығуы және акциялардың кейінгі динамикасы соғұрлым тұрақты болады.

Бөлшек инвесторлар нарығы қаншалықты ауқымды болды?

Өткен жылы біздің депозитарийдегі бөлшек инвесторлардың шоттары 400 мыңға артты. Бір жағынан, бұл — оң динамика, ал екінші жағынан, 2023 жылға арналған Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР**) деректері бойынша халықтың небәрі 40%-ы ғана базалық қаржылық сауаттылыққа ие. Онлайн-платформалардың жаңа инвесторларды тартудағы оң ықпалына қарамастан, алаяқтар қаржы құралдарына деген сенімділікті әлі де әлсіретіп отыр.

**Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қаржы секторы дәстүрлі түрде ерлердің айналысатын ісі деп саналатын. Осы салада мансап құрғысы келетін әйелдерге қандай кеңес берер едіңіз?

Бүгінде бұл секторды «ер адамдардыкі» деп атау қиын. Мысалы, AIX биржасында қызметкерлердің шамамен 60%-ын әйелдер құрайды. Екінші деңгейлі банктердің топ менеджментінде де әйелдер көп. Екі реттеуші – АРРФР және AFSA***-ны – әйелдер басқарады.

***АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті

Бүгінде қаржы секторында фокус гендерден гөрі құзыреттерге, нәтижелерге және жауапкершілікке ауысқан. Бұл салада табысты әйелдердің рөлі маңызды.

Биржалық бизнес білімді, тәртіпті және шешім қабылдай білу қабілетін бағалайды. Мен, басқалармен қатар, байланыс базасын кеңейтіп, «өтінішпен» емес, «пайдамен» байланыстыруға тырысуға кеңес беремін. Кәсіби байланыстар есептен емес, қызығушылықтан басталады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!