Финансист №1 (41) 2026

Наталья Харлашина

Наталья Харлашина

шығарушы редактор

Жаңа қозғаушы күш

Редактордан

Америкалық Мэри Барра General Motors автоконцернінің тізгінін қолына алған кезде, компания айтарлықтай сенім дағдарысын бастан кешкен еді: бірқатар көліктерінде апатқа ұшыратқан ақаулар анықталды. Әйел басшы өндірісте ауқымды өзгерістер жүргізіп қана қоймай, саланың тарихында алғаш рет автокөлік қауіпсіздігі мәселелері туралы ашық әңгіме бастады. Сол уақыттан бері GM акциялары екі еседен астам өсті, ал Барраның өзі әлемдегі ең ықпалды және ең дәулетті әйелдердің бірі атанды.

Осындай жағдай технологиялық секторда да орын алды. Лиза Су микрочип өндірушісі Advanced Micro Devices компаниясының атқарушы директоры болған кезде, компания банкроттықтың аз-ақ алдында тұрған еді. Бүгінде AMD — әлемдік жартылай өткізгіш индустриясының флагмандарының бірі, ал оның капитализациясы сол кезден бері 130 еседен астам өсіп, $338 млрд деңгейіне жетті.

Мұндай мысалдар әйелдер бас директор креслосына отырған кезде трансформацияның жетекшісіне айналатынын, жаңа технологиялық шешімдер табатынын және бұрын қолжетімсіз болып көрінген нарықтарды аша алатынын көрсетеді.

Соңғы жылдардағы зерттеулер бұл үрдісті растап отыр. Әйелдер басқаратын бизнес көбіне неғұрлым тұрақты өсім көрсетеді және жоғары табыс әкеледі. Бұдан бөлек, әйелдер басқаратын әлемдік капитал көлемі де қарқынды өсіп келеді, және сарапшылардың бағалауынша, оның үлесі алдағы уақытта да ұлғая бермек.

Тағы бір назар аударарлық маңызды дерек: АҚШ та бүгінде он әйелдің жетеуі инвестициямен айналысады. Алайда олардың көпшілігі әлі де өздерінің қаржылық құзыретін, әсіресе ерлермен салыстырғанда, төмен бағалауға бейім. Бұл парадокс қазіргі экономиканың жағдайын айқын көрсетеді: бизнестегі және инвестициялардағы әйелдердің рөлі туралы қоғамдық түсінікке қарағанда, олардың бұл салалардағы ықпалы әлдеқайда жылдам өсіп келеді.

Сіз қолыңызда ұстап отырған «Финансист» журналының осы саны дәл осындай өзгерістерге арналған. Бұл шығарылымда біз салаларды өзгертіп жатқан әйелдер туралы айтамыз: қаржы мен технологиялардан бастап, кәсіпкерлікке, талдау және креатив индустрияларына дейінгі салалар. Журналда түрлі форматтар жинақталған: өмірбаяндар, талдау материалдары, зерттеулер және сұхбаттар. Оларды біріктіретін бір идея бар: қазіргі таңда әйелдер қолынан бәрі келеді.

Ықылыспен оқыңыздар! 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!