Финансист №1 (41) 2026
Оның шаруасы
Қаржы, білім беру және технология салаларындағы әйел‑мамандар – экономиканың әртүрлі секторларындағы әйелдердің рөлі туралы
Александра Краснова,
қаржылық журналист
Бір ғасыр бұрын тек қана от басы, ошақ қасында жүрген әйелдер, әкпелер мен аналардың әлеуметтік ролі ауысты. Олар еңбек нарығына шығып, біртіндеп толыққанды экономикалық бірлікке айнала бастады. Содан бері экономикаға ықпал етіп, көптеген салада терндтерді қалыптастыруда.
Посткеңестік кеңістік үшін әйелдердің бизнеске белсенді араласуы ешқандай жаңа құбылыс емес: оның бастауын 1990 жылдардан көруге болады және бұл үрдіс қазір одан әрі күшейіп келеді. Сонымен қатар, әйелдер ерлермен тең дәрежеде қаржы нарығында да, жалпы экономикада да қатысып келеді.
Ғалымдар жыныстардың биржадағы мінез-құлық стратегияларындағы айырмашылықтарды зерттей келе, әйелдер жалпы алғанда қаржылық тұрғыда табыстырақ болатынын анықтады. Бұған олардың сабырлырақ болуы және — стереотиптік түсініктерге қарама-қарсы — көбіне эмоцияларды ерлерге қарағанда жақсырақ басқара алуы себеп. Ал нәзік жандылардың тәуекелге бейімділігінің төмендігі жөніндегі қалыптасқан пікірді зерттеушілер растады. Әйелдер көбіне бірден көп ақша әкелмейтін, бірақ ұзақ мерзімді перспективада анағұрлым пайда әкелетін активтерді таңдайды. Тағы бір өте қызықты әлеуметтік бақылау бар: егер компанияның директорлар кеңесінде әйелдер болса, мұндай компаниялардың акциялары орта есеппен жоғары табыстылық көрсетеді. Айтпақшы, ғалымдар атап өтетін бір маңызды жайт бар: әйелдер қаржылық кеңесшілердің көмегіне жиі жүгінеді немесе білікті таныстарынан кеңес сұрайды, бір нәрсені білмейтінін мойындаудан қымсынбайды және үйренуге ынталы келеді.

Кира Юхтенко,
Invest Future медиа негізін құрушы
Инвестициялар саласында әйелдерге кедергі болатын, шынымен аяқтан шалатын тосқауылдарды көрмедім. Мен бұл салада қоғамдық жұмысымды жаңа бастаған кезде «Кира, борщ пісіріп, тыныш отыр» деген сияқты пікірлерді жиі кездестіретінмін. Бірақ бұл менің мәселем емес — бұл пікір қалдырушылардың дүниетанымын көрсетеді. Әйел инвестициялық шешім қабылдағанда, ең алдымен оның бүкіл отбасына қалай әсер ететінін ойлайды. Ал ер адамдар, өкінішке қарай, жиі өзімшілдеу шешімдер қабылдап, инвестицияны өзін-өзі жүзеге асырудың бір жолы ретінде көреді.
Біз бір маңызды ережені есте сақтауымыз керек: биржада жүйелі түрде ақша табатындар азү Егер трейдингті кәсіп ретінде қарастырсақ, жағдай осындай. Кең ауқымды аудитория үшін биржа – ол ақшаны сақтап, көбейтудің құралдар жиынтығы болып табылады. Біз өзіміздің негізгі мамандығымыздан табыс табамыз, ал тапқан табысты арттыру инвестициялық құралдардың көмегімен жүзеге асады.
Бұл жұмыстың табыстылығында қаржылық тәртіп, тұрақтылық және әртараптандыру шешуші роль атқарады. Инвестициялар – 10-20 жыл ішінде нөлден бастап катпитал қалыптастыруға мүмкіндік беретін керемет құрал. Бұл күрделі пайыз қағидасының арқасында болуы мүмкін. Егер біз шағын қаражатты тұрақты түрде инвестициялап, пассивті табысты шешіп алмай, қайта инвестициялап отырсақ, жыл сайын капиталымыз өседі. Ең қиын нәрсе – дағдарыстар мен құлдыраулардан қорықпау, себебі күрделі кезеңдерде дәл сол биржалық капиталдар қалыптасады. Ай сайын қанша қаражатты бөле алатынымызды анықтаймыз және оны бірнеше жыл бойы тұрақты түрде жасаймыз. Сонда нәтиже болады. Инвестициялар – бұл спринт емес, марафон.

Юлия Андреева,
«Биржевая ключница» телеграм-арнасының авторы
Инвестициялық мінез-құлықтағы гендерлік айырмашылықтар көбінесе мінез-құлық үлгілері мен тәуекелдерді басқару тәсілдеріне қатысты. Әйелдер, әдетте, тәуекел-менеджментті жақсырақ атқарады, нарықтағы «дау-дамайға қарамастан, таңдалған стратегияны қатағ ұстанады. Эмоционалдылық көбінесе ішкі тоқтау белгісінің қызметін атқарады, ал басымдық адреналинге емес, тұрақты нәтижеге беріледі.
Әйелдер әрдайым басқару, есеп жүргізу, бақылау және шешім қабылдау салаларында маңызды роль атқарып келеді. Бүгінде олар жоғары тәртіпті, цифрлармен мұқият жұмыс істеуді және бизнестің тұрақтылығына жауапкершілікті талап ететін позицияларда қызмет етеді. Осындай рөлдер арқылы қызметкерлер компаниялардың инвестициялық тартымдылығына тікелей әсер етеді.
Нарықта мен орта мерзімді позициялармен жұмыс істеймін, биржалық сегментті талдауға және жекелеген идеялар мен компаниялардың перспективаларына жасаған бағама сүйенемін. Мен үшін басты нәрсе –buy and hold стратегиясынан пайда табу мүмкіндігі емес, икемділік пен тәуекелді бақылау болып табылады. Инвестицияда алғашқы қадамдарын жасап жатқан адамдарға айтар кеңесім:
- Тек өз қаражатыңызды инвестициялаңыз – қарыз ақша мен несиені қолданбаңыз. Қарыз қаражат әсіресе бастапқы кезеңде қателік жіберу қаупін күрт арттырады.
- Шағын ақшадан бастаңыз, осылайша өзіңіздің құлдарау жағдайларына реакцияңызды түсініп, өзіңізге лайықты тәуекел-менеджмент стратегиясын құра аласыз.
- Өз пікіріңізге шамадан тыс сенімді болмаңыз. Дұрыс таңдалған қателіктер – бұл сәтсіздік емес, тәжірибе. Дәл осы тәжірибе инвесторды қалыптастырады.
Вера Моденова,
Flowwow гүлдер мен сыйлықтар маркетплейсінің операциялық директоры
Сыйлықтар индустриясын дәстүрлі түрде әйелдер сұранысымен байланыстырылады. Таңдаудың алуан түрлілігіне және стереотиптік ойлаудан біртіндеп алыстап келе жатқанына қарамастан, әйелдерге арналған ең танымал сыйлық санаттарының бірі – гүлдер. Бұл жерде де қызықты статистика бар. Халықаралық әйелдер күні мен Әулие Валентин күні – сыйлықтар нарығындағы негізгі күндер екені белгілі. Бұл күндері сұраныс әдеттегі күндерге қарағанда 15-20 есе өседі. Тапсырыстарды екі-үш күн бұрын рәсімдей бастайды, ал мереке күндері белсенділік жоғары болады.
14 ақпанда ең өтімді гүлдер әрине, раушан гүлдерінен жасалған гүлшоқтар. 8 наурызда раушандармен қатар қызғалдақтар да сұраныс бойынша алдыңғы орынға шығады. Бір қызығы, Қазақстанда Ғашықтар күнінде ең аз шығын ең ірі қалалар – Алматы мен Астанада тіркеледі. Дегенмен, бұл қалаларда нақты орташа чек жоғарылау: Алматыда ол 27 627 теңге (4 318 руб.), ал Астанада – 25 021 теңге (3 962 руб.).
Ресейде жағдай басқаша: Мәскеу мен Санкт-Петербургте орташа чек тұрақты түрде жоғары. РФ астанасында 14 ақпанда гүл бағасы шамамаен 32 833 теңге (5 125 руб.), ал Питерде – 26 138 теңге (4 080 руб.). 8 наурызға қарай чек бірінші астанада 37 061 теңгеге (5 785 руб.) дейін, ал Солтүстіктегі астанада 29 681 теңгені (4 633 руб.) құрайды.
Кім жиірек гүлге тапсырыс беретініне қатысты айқын гендерлік заңдылық анықталмаған. Гүлдерді қыздар да, жігіттер де бірдей жиілікпен сыйлай береді. Бұл сауатты гедонизм трендімен байланысты: адамар өздеріне жағымды сыйлықтарды жиірек жасайтын болды.
Карина Смагулова,
Career Bridge Advisory рекрутинг агенттігінің CEO және негізін қалаушысы
Тарихи тұрғыдан қызметтердің бейресми бөлінісі қалыптасқан, Көбінесе HR, маркетинг, PR және коммуникация бөлімдерін әйелдер басқарады. Ал ерлер IT саласындағы кәсіпорындарды, өндірістерді, GR құрылымдарын және коммерциялық дамуға қатысты бағыттарды басқарады. Сондай ақ бұл лауазымдарға үміткерлер арасында да ерлердің үлесі басым.
Еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтың негізгі себебі – үміткерлердің HR-мен сұхбат кезіндегі өзін ұстауында. Ерлер әдетте нарықтағы жоғарғы шекке жақын, тіпті одан да жоғары жалақыны атайды. Әйелдер, көбінесе, сақ келеді. Көбінесе былай болатын жағдайды бірнеше рет байқадым: тәжірибесі аз, бірақ өзіне жоғары баға беретін үміткер жоғары жалақы сұрайды, ал мықты әйел мамандар жиі өзіне сенімсіз болады. Бұл тікелей түпкілікті табысқа әсер етеді.
CEO әйелдер стартаптар мен шағын компанияларда жиірек кездеседі, мұнда шешуші рөлді құзыреттер мен нәтиже атқарады, сондықтан гендерлік кедергілер аз болады.
Ірі бизнесте және квазимемлекеттік секторда мұндай үдерістер баяу жүреді. Басшыларды көбіне операциялық, техникалық немесе GR-блоктардан тағайындайды, ал бұл салаларда тарихи тұрғыда ерлердің үлесі басым.
Рекрутингтік консалтингте HR директор CEO деңгейіне дейін өсе алады. Маркетингтік немесе коммуникациялық агенттіктерде ең жоғары лауазымға табиғи үміткер – маркетинг директоры. Ал ірі өндірістік, IT немесе инфрақұрылымдық компанияларда CEO көбіне операциялық немесе коммерциялық блоктан шығады. Бұл жерде шешуші фактор — гендер емес, басшының тәжірибесінің бизнеске тұтас жетекшілік етуге қаншалықты тікелей байланысты екені.

Лаура Вайгорова,
SmarTestPrep платформасының тең негізін қалаушысы
Шетелдік оқу орындарына түсуге арналған біздің сүйемелдеу жүйемізге қызығушылық танытатындардың ішінде қыздардың немесе олардың ата аналарының үлесі, біздің бағалауымыз бойынша, 70%-ға жақындайды. Ал SmarTestPrep (STP) бағдарламасында оқитындардың арасында қыздардың үлесі шамамен 56–57%. Өткен жылы Назарбаев университетіне түскендерге жекелей қарасақ, қыздар мен жігіттердің арақатынасы шамамен 45% бен 55% болады. Бірақ бұл ұлдар ақылды дегенді білдірмейді. Сол сияқты, қыздардың амбициясы аз деп те ойламаймын. Оларды шетелге оқуға жиі жібере бермейді, әрі бұған қаржылық мүмкіндігі бола бермейді. Әдетте отбасылар оқу тұрғысынан ұлдарына көбірек инвестиция жасайды. Бұл жағдайды өзгерту үшін, менің ойымша, қоғамның әйелдің рөліне деген көзқарасын жүйелі түрде өзгерту қажет. Қыздарға арналған көбірек білім беру бағдарламаларын жасап, олар үшін қауіпсіз орта ұйымдастыру, түрлі бағыттарда кез келген жетістікке жете алатынына деген сенімділікті қалыптастыру керек. Қазақстанда мұндай бағдарламалар қазірдің өзінде дамып келеді, түрлі комьюнити құрылып жатыр.
Ed-tech (білім беру технологиялары) саласы тарихи тұрғыда әйелдерге анағұрлым қолайлы, дәстүрлі оқыту және педагогикалық қызмет сияқты. Бұл жерде әдетте қызметкерлер мен басшылар арасында әйелдер көбірек. Сонымен қатар, әйел-фаундерлер туралы көптеген мысалдарды білеміз, олар өз компанияларын құруғ а барған сайын жиі ұмтылып келеді. Алайда, әйелге тән және әйелге тән емес кәсіптер туралы стереотиптер әлі де сақталған, бұл қазіргі уақытта бизнес негізін қалаушылар арасындағы гендерлік арақатынастан айқын көрінеді.


