Финансист №3 (39) 2025

Едіге Дәулетқалиев

Едіге Дәулетқалиев

Blockchair аналитикалық платформасының бірге негізін қалаушысы

«Майнерлерге пайдаланушылардың қаржысын жымқыру тиімді емес»

Blockchair талдау платформасының қосалқы негізін құрушы Едіге Дәулетқалиев криптовалюта әлеміндегі тәуекелдер мен нарық болашағы туралы

Тәжірибеде

Сіздің криптамен таныстығыңыз қалай басталды

Мектепте мен World of Warcraft-та бот арқылы ақша табатынмын. Ойын ішіндегі валютаны WebMoney үшін сатып, «Таулинк» арқылы қолма-қол ақшаға айналдыратынмын. Бірақ боттарды пайдаланғаны үшін менің аккаунтымды бұғаттап тастауы мүмкін еді. 2011 жылы биткоинның ешкім ешқашан тартып ала алмайтындығы қызықтыра бастады. 2013 жылы мен LocalBitcoins (P2P-алаң) аккаунтын құрдым және Қазақстандағы алғашқы криптовалюта сатушылардың бірі болдым. Кейіннен сауда жүйелерін әзірлеумен және майнингпен айналыса бастадым.

Blockchair қалай пайда болды?

МИФИ-де мен Никита Жаворонковпен таныстым, ол криптовалюталар бойынша курс жүргізіп, блокчейн бойынша талдаумен жұмыс істеді. Криптовалюта қозғалыстары туралы ақпарат болса, барынша салмақты сауда шешімдерін қабылдауға болады деген гипотеза болды. Жоспар – өздерінің сауда боттарына қызмет көрсету және нарық қатысушыларына қолжетімділікті сату болды. Блокчейннен алынған деректер анағұрлым көп пайдаланушыларға қажет болып шықты. Біз жобаны бірге бастадық, қазір Blockchair командасында 20 адам бар.

Клиенттерді қайдан табасыз?

Олар өздері келіп, жүйеге кіруге рұқсатты сатып алады. Біз жарнамаға қаржы жұмсамаймыз, органикалық трафикті арттыру және біздің шешімдерімізді біріктіретін әзірлеушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру есебінен өсеміз.

Blockchain security budget туралы айтып берсеңіз

Қазір майнерлерге блокчейндерді бұзу тиімсіз. Теория бойынша, желіге қатысушы биткоиндерді биржаға жіберіп, екі есе шығынды жүзеге асырып, «51% шабуыл» жасауға қабілетті. Бұл реципиент қаражат алды деп есептейтін операция, ал одан кейін майнер транзакцияны «қайтарады». Бұл сөз байласу және желінің есептеу қуатының жартысынан көбін бақылау болған кезде мүмкін болады. Биржаның «51% шабуылының» алдын алу үшін қаражатты есептеудің алдында бірнеше транзакцияны растауды талап етеді, бұл шабуылды бірнеше есе қымбаттатады.

Проблема мынада, блок үшін майнерлер марапаты әр төрт жыл сайын екі есеге азаяды. Орталықсыздандырылған жүйенің қауіпсіздігі оған жұмсалған бюджетке тікелей пропорционалды. Осылайша майнинг тиімсіз болады, ал желіге шабуыл жасау әлдеқайда тиімді болады.

AML-scam және онымен қалай күресу керек толығырақ әңгімелеп берсеңіз?

Anti-Money Laundering (AML) scam – қаражаттың шығу тегін тексеру түрінде цифрлық активтерді заңсыз ұстау. Айырбастаушы криптовалютаны тоқтатып, шығу тегін дәлелдеуді талап етеді немесе заңсыз деп айыптайды. Одан сескеніп қалған пайдаланушылар «проблемадан» басын алып қашу үшін ақшадан бас тартуға дайын. Бұл ретте айырбастаушының өзі, көрінеу сұр аймақта бола тұра, тазартуға қарсы заңнаманың субъектісі болып табылмайды және мұндай тексерулерді жүзеге асыруға құқығы жоқ.

2024 жылы жалпы сомасы $2,013 млрд болатын 410 AML-scam-cryptocurrency ұрлығы туралы мәлімделді

Лицензияланған биржалар  салық заңнамасына сәйкес келе бермейтін шешім. Пайдаға емес, табысқа салық салу трейдерлер үшін залалдарға әкеп соғуы мүмкін.

Қалай күресуге болады? Интернеттегі айырбастаулар туралы пікір жазу керек. Егер барлық платформаларда скам туралы айтатын болсақ, сізге ақшаңызды қайтарып береді. Бірақ басқаларды алдауды жалғастырады.

Криптовалютаның болашағын қалай елестетесіз?

Қазір стейблкоиндер туралы көп айтылады. Басты проблемалардың бірі - USDT мен USDC американдық валютаның бағамына байланысты, бұл экономиканың долларлануына әкеледі. Мәселен, әлемдік экономикадағы доллардың ықпалы мен үстемдігі факторынан крипта таза «американдық тақырыпқа» айналуы мүмкін.

Ал биткоинге келетін болсақ, оның бағасын болжау мүмкін емес. Ол, керісінше, криптаға деген жалпы көзқарасты көрсетеді. Көптеген адамдар биткоин мен басқа криптовалюталардың айырмашылығын түсінбейді, бірақ оны ең алдымен қоғамдық пікірге сүйене отырып сатып алады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!