Финансист №3 (27) 2022

Никита Гришунин

Никита Гришунин

Freedom Finance Global-дың дербес менеджері

Агроөнеркәсіп: кетпеннен АТ-ге дейін

Экономиканың ең байырғы саласы қалай пайда болды, қалай дамыды және XXI ғасырда қандай нәтижеге келді

История вопроса

Ауыл шаруашылығының тарихы қажырлы еңбектен тұрады. Адамзат ұзақ уақыт үй жануарларының (буйвол, қашыр және аттар), сондай-ақ заманауи адамның көзқарасы бойынша кетпен, күрек, соқа және тырма секілді ең қарапайым құрал-саймандардың көмегімен жер өңдеп, өсімдіктер отырғызып, оларды егетін. Егінді де қолмен немесе арзанқол құралдардың көмегімен жинайтын.

XV ғасырдан бастап XIX ғасырдың соңына дейін Еуропа елдерінде аграрлық салада еңбек өнімділігін елеулі арттырған құрылымдық өзгерістер болды. Бұл жерде XV-XVII ғасырлардағы Ұлы географиялық жаңалықтар маңызды рөл атқарды. Мәселен, кейіннен «Американы ашқан» деген атаққа ие болған Христофор Колумбтың экспедициясының және Ескі және Жаңа Құрлықтың арасындағы экономикалық байланыстардың дамуы нәтижесінде өсімдіктермен және жануарлармен алмасу басталды. Солтүстік және Оңтүстік Америкада бидай өсіріле бастады, ал Еуропа елдерінде картоп, қызанақ, жүгері сияқты мұхиттың арғы жағынан әкелінген т.б. өнімдер пайда болды. Олар бастапқы уақытта импорттық экзотика болса, кейіннен еуропа жерінің топырағына тамаша сіңісіп, көптеген елдерде аштық мәселесін шешуге жәрдемдесті.

Соқадан комбайнға дейін

Алайда нағыз төңкеріс тек XIX ғасырда болды. Бұл кезде аграрлық өндіріс механикаландырыла бастады. Мәселен, Ұлыбритания мен АҚШ-та XIX ғасырдың ортасында жерді өңдеу мен астық жинау үшін тракторлар мен комбайндарға жол салған - бу машиналары қолданыла бастады. Мұнай өнімдерімен жұмыс істейтін алғашқы тракторды XIX ғасырдың соңында АҚШ-тың Айдахо штатынан шыққан инженер Джон Фролих ойлап тауып, патенттеді. XX ғасырдың басында Америка бензинмен жүретін доңғалақты ауыл шаруашылығының машиналарын жаппай шығаруды қолға алды, ал осы кезде Германияда шынжыр табанды тракторлар пайда болды. Бастапқы уақытта бағасы қымбат болған әрі пайдаланылуы қиын техника болып есептелген астық жинау комбайндарын жаппай қолдану тек 1920-жылдардың соңында басталды. Оған дейін комбайндар атқа жегілген егін оратын машина сияқты қарапайым құрылғыларға қарағанда бағасы жағынан да, пайдаланылуы жағынан да артта болған еді (Ресейдің бірқатар өңірлерінде мұндай машина «егін шабатын машина» деп аталды).

XX ғасырдың ортасында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың маңызды факторы – минералдық тыңайтқыштар, сондай-ақ улы химикаттар болды. Бірақ улы химикаттарды қолданғанда көптеген елдерде азаматтық қоғам тарапынан үлкен наразылықтар тудырды, өйткені халық қоршаған ортаның ластануы мен тұтынатын азық-түлік өнімдері сапасының нашарлауынан көбірек қауіптенді.

Жер экономикасы

Бүгінгі күні талдаушылар кез келген мемлекеттің даму деңгейін ІЖӨ құрылымындағы аграрлық сектордың үлес салмағына қарап анықтайды. Егер дамушы елдердің аграрлық саласында көбінесе экономикалық белсенді азаматтардың 50%-дан астамы жұмыс істесе, онда «Үлкен жетіліктің» (G7) мұндай үлесі тек 5-6%-ды құрайды. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығының қарқындылығын арттыру деңгейін, яғни электроника мен роботтандыруды қоса алғанда, жаңа технологияларды ендіру ауқымын экономикалық даму көрсеткіші ретінде есептеу қабылданған. G7 елдерінде ауыл шаруашылығының құрылымында заманауи технологияларды қажет ететін мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығынан басым түсіп отыр. Жапония оған кірмейді. Және керісінше - ауыл шаруашылығының дамуы әлі де қарқынды жолға түсе қоймаған мемлекеттерде өндіру көлемін ұлғайтуға тек егін алқаптарын кеңейту мен жұмыскерлер санын ұлғайту арқылы қол жеткізіледі. Еңбек өнімділігі бұл ретте тым төмен болып қалады.

Дереккөздер: БҰҰ және ХВҚ мәліметтері

Ауыл шаруашылығы әлемдік экономиканың басқа саласы сияқты ауа-райына әрі маусымдылыққа байланысты. Климаты қоңыржай өңірлер өсімдік шаруашылығын дамытуда және әлемдегі көптеген қажетті дақылдарды өсіруде көш бастап келеді. Жаппай егіншілік белдеуіне Солтүстік және Орталық Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың және Австралияның едәуір бөлігі кіреді. Бүгінде әлемдегі құрлықтың 11%-ы егін шаруашылығына пайдаланылады, ал 24%-ын жайылымдық жерлер алып жатыр. Айдамалы жерлердің ең ірі алқаптары АҚШ-та, Үндістан мен Ресейде. Қытаймен және Канадамен қатар олар астық тұқымдарын өсіруде көшбасшылық орын алады. Ғаламшардағы оншақты ел дәнді дақылдардың 75%-ын жинайды. Мал шаруашылығы табиғи-климаттық жағдайларға қатты тәуелді болғанымен, ауыл шаруашылығының бұл саласы іс жүзінде бүкіл әлем бойынша дамып келеді. Ет өнімдерін өндіру бойынша әлемдік көшбасшылар — АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, Латын Америкасының, Батыс және Орталық Еуропаның бірқатар елдері.

Дереккөз: ХВҚ мәліметтері

Дереккөз: БҰҰ мәліметтері

Ауыл шаруашылығының эволюциясы әр елде белгілі бір шығындармен байланысты. Индустриялды тұрғыдан дамыған мемлекеттер үшін бұл проблеманың мәні ұзақ жылдар бойы қайта өндіруде әлсін-әлсін пайда болатын дағдарыстар мен осыған байланысты тұтыну бағаларының дефляциясында болды. Өз кезегінде, дамушы елдерде азық-түлік тапшылығы жүйелі түрде болып жатады. 2020-2021 жылдардағы пандемияның салдарынан көптеген тауарларды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізіп беруде іркілістер пайда болды. Жағдай 2022 жылдың басында Шығыс Еуропада басталған қарулы қақтығыстың салдарынан одан әрі қиындай түсті. Осының аясында дамушы елдерде әсіресе, азық-түлік бағаларының өсуіне әкелген инфляцияның рекордтық үдеуі тіркелді.

Сұраныс артуда

Жер бетінде халық саны өсіп келеді және ауыл шаруашылығының басты міндеті - келешектегі азық-түлік проблемасын шешу болып табылады. McKinsey консалтингтік компаниясының бағалауынша, 2050 жылға қарай адамзат калорияларды қазіргі жағдаймен салыстырғанда 70%-ға көбірек тұтынатын болады, ал адамдардың тамақтарын және жануарлардың азықтарын өндіру үшін астықты дақылдарға сұраныс тіпті екі есеге артпақ.

Жер қорының кеңеюі, елдердің жаңа технологияларға қолжетімділігінің артуы, сондай-ақ түрлі реформалар мен халықаралық ынтымақтастық осы проблеманы шешуде маңызды факторларға айналмақ. Коронавирус пандемиясынан кейін және геосаяси проблемалардың нәтижесінде бұзылған логистикалық тізбектерді қалпына келтіруді, сондай-ақ климаттың қолайсыз өзгерістерімен күрестің маңызы зор болады.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!