Финансист №3 (27) 2022

Севак Араратян

Севак Араратян

Freedom Finance Global аға талдаушысы

Көш басында

Тағам өнеркәсібіндегі болашағы зор бағыттар

 

Ас-ауқат өндірісі консервативті сала болып есептеледі. Әдетте ірі компаниялардың рецептуралары тұрақтылықпен сипатталатын бірқатар танымал зәкірлі брендтері болады. Алайда тұтынушылардың қажеттіліктерінің ауысуы тіпті ірі корпорациялардың өзін заман талабын ескеруге мәжбүрлейді.

Бүгінде дербес тұтынушылар қатарына демографтар есептегендей 1997-2012 жылдар аралығында туған буын өкілдері - зумерлер белсендірек тартылуда. Бұл жастар дұрыс тамақтануға айрықша ден қойып, спортпен белсенді түрде шұғылданады, үй хайуанаттарын көбіне қуана-қуана асырайды әрі оларға қомақты қаражат жұмсауға дайын. Жас тұтынушылардың осындай бейімдіктері арқасында өнімдердің бірқатар бағыттарының дамуы серпін алды. Ол туралы біз осы мақалада сөз ететін боламыз.

 

Спорттық тамақтану: әйелдерге үміт артамыз

 

Verified Market Research зерттеуіне сай спорттық тағамның әлемдік нарығының көлемі 2021 жылы $40 млрд-қа бағаланды, ал жеті жылдан кейін жылына орта есеппен 7,9%-ға ұлғая отырып, $66 млрд-қа жетеді. Бұл сегменттің негізгі ойыншылары — Tirlán Co-operative Society (бұрын Glanbia plc; GL9 деп аталған), PepsiCo (PEP), Muscle Pharm Corporation (MSLP), Coca-Cola Company (KO), Clif Bar & Company, Multipower және тағы басқалар.

 

Дамыған және дамушы елдерде азаматтардың әл-ауқатының өсуін, өз денсаулығына мүдделілігі мен соның нәтижесінде фитнес-клубтар санының ұлғаюын, сонымен бірге тағам қоспаларын белсенді пайдалануды нарықтың дамуының негізгі факторларына жатқызуға болады.

 

Қазір спорттық тағамның негізгі тұтынушылары жас ер азаматтар болғанымен, әйелдер қауымы тұтынатын бағыттың болашағы зор болып есептеледі. Жоғарыда аталған Tirlán Co-operative Society, PepsiCo және Coca-Cola секілді нарықтың ірі ойыншыларының назары әйелдер арасында үлкен танымалдыққа ие құрғақ қоспалардың сұйық түрлерін әзірлеуге және ассортиментке енгізуге бағытталған.

 

Трансұлттық корпорациялар өз брендтерінің қоржындарын жекеменшік шағын өндірушілерді сатып алу есебінен кеңейтуде. Мәселен, 2019 жылдың сәуірінде Hormel өзінің CytoSport протеинді бизнесін PepsiCo компаниясына $465 млн-ға сатты. Бір жыл бұрын Coca-Cola Bodyarmor спорттық сусындар өндірушісін $5,6 млрд-қа сатып алып, өз тарихында ең ірі мәміле жасады.

 

Үй жануарларының азығы: дәмі мен сапасы

 

Коронавирустық пандемия үй хайуанаттарына деген сұранысты тездетті. Өйткені карантин кезінде үнемі үйде отырып жұмыс істеуге мүмкіндік ашылып, көптеген адамдар енді үйінде мысық не ит асырай алатын болды. Хайуанаттардың азығын өндіретін жетекші Mars Petcare компаниясы жариялаған есепке сәйкес осы өнімнің сатылымдары 2020 жылдың ақпаны мен мамыры аралығында 6,5%-ға өскен. Бүкіл әлемде, әсіресе, дамушы өңірлерде үй жануарларын асыраушылар саны өсіп, нарықтың кеңеюінің негізгі драйверлерінің біріне айналады деп күтіледі. Урбандалу және қала тұрғындарында айқын байқалып жүрген үй жануарларына отбасының мүшелері ретінде қарап, олардың денсаулығына алаңдауға бейімділік үй иелерінің ең сапалы азықтарды таңдауына түрткі болады. Нәтижесінде аса маржиналдық таңдаулы брендтердің өнімдеріне сұраныс арта түседі.

 

Басты жаһандық ойыншылар үй жануарларының тұқымын, темпераментін және жасын ескере отырып, түрлі тағам өнімдерін шығаруға жұмылған. Премиум-класс өнімдерін General Mills (GIS), Nestle (NESN) және Mars шығарады. Мәселен, 2020 жылғы қараша айында Purina (Nestle-нің еншілес құрылымы) жәндіктерден, сондай-ақ соя бұршақтары мен тарының құрамына кіретін өсімдік протеиндерінен алынатын баламалы ақуыздардан жасалған үй жануарларына арналған азықтарды сата бастады. Өз кезегінде, General Mills үй хайуанатының когнитивтік функцияларына қолдау көрсететін Tastefuls мысықтар азығының жаңа желісін іске қосты.

 

Компаниялар $110,53 млрд-қа бағаланатын орасан нарық үшін өзара белсенді бәсекелесуде. FactSet сұрау салған сарапшылардың болжамдарына қарағанда, үй жануарларына арналған тағамның сегменті жыл сайын 5,11%-ға ұлғайып, 2029 жылға қарай $163,7 млрд-қа жетеді.

Дереккөз: shutterstock.com

 

Энергетикалық сусындар: бәрі ішеді

 

Энергетикалық сусындар — әртүрлі жастағы тұтынушылардың арасында танымал өнім. Олардың ассортименті айтарлықтай мол, әр өнімнің өзінің бірегей рецептурасы бар, бірақ кез келген мұндай сусынның құрамына міндетті түрде кофеин кіреді.

 

Сонымен бір мезгілде энергетикалық сусындар әртүрлі нысаналы топтарға арналып іріктеледі, олардың арасында киберспортшылар, кеңсе қызметкерлері, жүргізушілер бар.

 

Red Bull, Monster және Rockstar секілді ірі брендтер нарықта жүргендеріне бірінші жыл емес, ал олардың бәсекелестері салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Болашағы зор өндірушілер арасында — Bang, Reign, FRS Healthy Energy және Guru. Трансұлттық корпорациялар да, әсіресе, PepsiCo энергетикалық сусындардың желісін белсенді дамытуда. 2020 жылы ол Rockstar-ды сатып алды, ал биыл тамыз айында жылдам дамып келе жатқан Celsius Holdings-пен оның сусындарын жаһандық дистрибуциялауға келісті.

 

Өнімдер қазынасы

 

Біздің бағалауымыз бойынша спорттық тағам, үй жануарларына арналған азықтар мен энергетикалық сусындар алдағы онжылдықта тағам өнеркәсібінің аса белсенді дамитын бағыттарына айналмақ. Сектордың компанияларын бағалау кезінде инвесторларға олардың өнімдер желісінде осы сегменттердің тым болмағанда біреуінің бар болуына ерекше назар аударған жөн.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!