Финансист №3 (27) 2022

Владимир Чернов

Владимир Чернов

Freedom Finance Global талдаушысы

Гектар патшалары

Әлемдік ірі лендлордтар – олар кімдер?

 

Әлемдік 13,1 млрд гектар жер қорынан ауыл шаруашылығы жерлері 4,8 млрд гектарды немесе 34,35% алады. Оларды ондаған жылдар бойына мүлдем өзгермейтін тұлғалардың және/немесе компаниялардың шағын тобы иеленеді. Оған қоса, көптеген жер иеленушілер жыл сайын жүздеген миллион гектарларды сатып алып, өзінің жер қорын біртіндеп ұлғайтып келеді.

Бұдан әрі біз ең ірі жекеменшік лендлордтар туралы әңгімелейміз, олардың қатарында патшалар, бизнесмендер, бағдарламашылар мен шіркеу қызметкерлері бар.

 

Австралиядан Канадаға дейін

 

Ең елеулі мемлекеттік емес жер иеленушілері арасынан 2,7 млрд гектар дерге иелік ететін британ монархын атауға болады. III Карл – Ұлыбританияның және Біріккен Корольдіктің бұрынғы отарларынан, доминиондары мен протектораттарынан құралған Достастықтың басқа елдерінде ауылдық жерлердегі алқаптардың заңды иеленушісі. Тек Канадада британ тағына жердің 90%-дан астамы тиесілі.

 

Екінші орында – Ватикан, ол 71,6 млн гектарды иеленеді. Рим католик шіркеуінің бұл салада үстемдік етуі ұзақ тарихпен және зайырлы басшылардың ниеттестік қатынасымен түсіндіріледі.

 

Бұл тізімдегі үшінші қатарды Канаданың солтүстігінде тұратын инуиттер иеленеді. Ел үкіметі 1993 жылы жер наразылықтары туралы келісімге қол қойылғаннан кейін бұл халықтың меншігіне 35,3 млн гектарды берді. Бұл жерлердің өнімдері тек ішкі нарыққа жеткізіледі, бұл ретте олардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына пайдаланылмайды.

 

Австралия — лендлордтар саны бойынша алдыңғы орында. Бұл құрылықтағы ауданы жағынан ең ірі ауыл шаруашылығы жерлері Олдфилд және Костелло әулеттеріне тиесілі. Олар елдегі көлемі жағынан екінші әрі әлемдегі ең ірілердің бірі ауданы 1,65 млн гектар Clifton Hills мал шаруашылығы фермасын сатып алу үшін бірікті. Онда 16 мыңнан астам бас мүйізді қара мал өсірілуде. Екі әулеттің иеліктерінің жалпы ауданы 7,71 млн гектарға жетті.

 

Қытайдың Муданьцзян қаласында аумағы 9,1 млн гектарда әлемдегі ең ірі сүт фермасы — ресейлік «Северный бур» және қытайлық Zhongding Dairy Farming компанияларының бірлескен кәсіпорны орналасқан. Кешен ресейлік нарыққа бағдарланған, оның өндірістік қуаты жылына 1 млрд литрге дейін сүт жеткізуді қамтамасыз етеді.

 

Еуразиядағы екінші орынды бүкіл Ресейде 1,047 млн гектарды басқаратын «Мираторг» ет өндірушісі және экспорттаушысы алады. Сонымен бірге қазақстандық «ҚазЭкспортАстық» холдингі» астық компаниясын атауға болады. Ол 25 жылдық тарихында өзіне тиесілі аумақты 30 мыңнан 1 млн гектарға дейін ұлайтты. Қазақстанда агрокомпания дәнді (қатты сұрыпты бидайды қоса алғанда), майлы және бұршақты дақылдарды өсіреді. Компанияға бизнесмен Руслан Молдабеков пен Еуропалық қайта құру және даму банкі иелік етеді.

 

«Фермер Билл» мен король Эсватини

 

2021 жылдың қаңтарында БАҚ-та Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтстің АҚШ-та ірі жекеменшік жер иеленушісі болғанын хабарланды. The Land Report басылымының бағалауынша, соңғы 10 жылда өзінің Cascade Investment компаниясы арқылы ол 19 штатта 110 мың га сатып алған. Миллиардердің алқаптарында пияз, сәбіз, үрмебұршақ, жүгері, күріш, мақта, сонымен бірге McDonald’s үшін картоп өсіріледі.

 

Оңтүстік Америкада CMPC компаниясы ірі лендлорд болып есептеледі. Ол өзінің еншілес Forestal Mininco ұйымы арқылы Чилиде, Аргентинада және Бразилияда 1,1 млн гектарды басқарады. Онымен Forestal Arauco компаниясының мажоритарлық акционері — Анджелини отбасы бәсекелеседі. Оған Чилиде, Бразилияда, Аргентина мен Уругвайда ауданы 919,5 мың га плантация тиесілі. Сөз реті келгенде, екі бизнес құрылым целлюлоза мен ағаштан бұйымдар өндіретіндіктен, орман шаруашылығында да бәсекелеседі.

 

Ақырында, Эсватинидің (бұр. Свазиленд) патшасы III Мсвати Африкадағы ең ірі лендлорд болып есептеледі. Оған елдегі жерлердің 60% немесе 1 млн гектарға жуығы тиесілі. Алайда олар ауыл шаруашылығын жүргізуге сәйкес келмейді, сондықтан табыс әкелмейді.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!