Инвестициялық шолу №336. Векторды таңдау

Тимур Турлов

Тимур Турлов

CEO Freedom Holding Corp.

IPO: аңыздың оралуы

Ең маңыздысы

Сегіз жыл бұрын акцияларды алғашқы орналастыру (IPO) нарығы инвестпортфельдердің кірістілігінің басты драйверлерінің бірі болған еді, ал қазір кей компаниялар күшті сұраныстың жоқтығына байланысты ашық нарыққа шығуды қатарынан төрт-бес жылға кейінге қалдырып жатыр деген ақпарат бар. Себептері өзгерген жоқ: инфляцияның және мөлшерлемелердің жоғары болуы, сондай-ақ рецессия қаупіне қатысты алаңдаушылық. 2025 жылы инвестициялық ахуал жақсарды: акцияларды орналастыру нәтижесінде эмитенттер 2024 жылғы шамамен $31 млрд-пен салыстырғанда $43 млрд-тан астам қаражат тартты. $1 млрд-тан жоғары көлемдегі IPO-ны тоғыз компания жүзеге асырды (бұдан бір жыл бұрын – бес компания).

Неге дәл қазір серпінді өсім болуы мүмкін? Компаниялардың қайтадан ашық нарыққа шығуға қызығушылығы ояна бастағанына қарамастан, барлық «хайпты» IPO инвесторларын қуанта бермейді. Мысалы, Adobe (ADBE) өзіне бәсекелес деп санап, сатып алуды көздеген Figma (FIG) листингтен кейін капитализациясының 70%‑ын жоғалтты. АҚШ әкімшілігі тарапынан және жалпы индустрия бойынша белсенді қолдауға ие криптокомпания Circle (CRLC) листингтен бері нөлдік нәтиже көрсетіп тұр. Тек CoreWeave (CRWV) ғана биржалық дебюттен кейін соңғы үш айда капитализациясының шамамен 40%‑ын жоғалтқанына қарамастан, 100%‑дан астам өсуге қол жеткізді.

Пайыздық мөлшерлемелер бірнеше жыл қатарымен төмендеп келеді, және бұл үдеріс жаңа жылы да жалғасады. Компаниялар қазіргі сын-қатерлерге бейімделіп үлгерді. 2021 жылдан бастап инвесторлар ең алдымен тұрақты оң ақшалай ағыны бар және операциялық тәртібі жоғары бизнес-модельдерге қызығушылық танытып келеді. Менің болжамым бойынша, осы трендтердің жалғасуы 2026 жылы шамамен $60 млрд жалпы капитал тартумен 200 IPO өткізуге мүмкіндік береді, бұл өткен жылмен салыстырғанда қаржылай мәнде дерлік 40% өсім деген сөз.

Көптеген сарапшылар алдағы IPO маусымының орталығында жасанды интеллект саласының өкілдері мен озық технология әзірлеушілері болатынын атап өтеді. Алайда OpenAI мен Anthropic сияқты танымал чат-боттар — ChatGPT және Claude — жасаған компанияларда оң ақшалай ағын жоқ, ал операциялық тәртіп те сақталмайды, себебі олар нарық үлесін ұлғайтуға басымдық береді. Танымалдықтың шыңында тұрғанына қарамастан, OpenAI мен Anthropic шығындарының ондаған миллиард долларды құрайтынын ескерсек, олар Figma немесе Circle тарихын қайталауы әбден мүмкін. OpenAI үшін орналастыруды 2027–2028 жылдарға жоспарлаған әлдеқайда орынды болар еді. Сонымен бірге, жоғары операциялық тиімділігі бар, жасанды интеллектті табысты қолданатын немесе осы шешімдер есебінен өнім желісін кеңейтіп жатқан эмитенттер инвесторлар тарапынан жоғары сұранысқа ие болады.

Ең табысты IPO-лар АҚШ-та қызметін тікелей немесе жанама түрде локализациялауға экспозициясы бар өндіруші, өңдеуші және өнеркәсіптік компаниялар арасында болады. Қорғаныс және әуеғарыш секторларының өкілдерінің де жақсы мүмкіндігі бар, бұл салалар IPO нарығында аса танымал емес. Дегенмен, бұл жерде сөзсіз фаворит бар — Илон Масктың SpaceX компаниясы. $15 млрд табысқа ие бұл компанияның бағалауы $350 млрд-тан асады. Оның биржалық орналастырылуы бүкіл жекеменшік ғарыш индустриясы үшін айқындаушы оқиғаға айналуы мүмкін.
Сондай-ақ жеке қорлар (Private Equity) сатып алған эмитенттерді де жеке атап өткен жөн: олар да биржада сәтті дебют жасай алады.

IPO-лардың саны мен көлемінің артуы сөзсіз инвестициялық банктерге тиімді, ең алдымен Morgan Stanley (MS), Goldman Sachs (GS), J.P. Morgan (JPM) және Bank of America (BAC). Алдыңғы жылмен салыстырғанда орналастыруларды ұйымдастыру және өткізу арқылы табысты ұлғайту мүмкіндігі олардың акциялары үшін қуатты өсу драйверіне айналады. Тек бір ғана SpaceX IPO-сы бойынша комиссия шамамен $1 млрд болуы мүмкін (Morgan Stanley-дің операциялық пайдасының 4%-ы).
Инвесторларға белгілі бір IPO-лардың кейінге қалдырылуы немесе тоқтатылуын ескере отырып, портфельдегі инвестициялық банктердің үлесін бақылай отырып отыруды ұсынамыз. Өз кезегінде, жария орналастырулар туралы көптеп анонстар пайда болған жағдайда банктердің акциялары айтарлықтай қолдау көретін болады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!