Двухнедельный обзор фондовых рынков №348. Сезонная рокировка

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

Freedom жаңалықтары

Түркия Freedom Holding Corp.-қа жергілікті банкті сатып алуға рұқсат берді

Freedom Holding Corp. (FRHC) құрамындағы еншілес компания — Freedom Finansal Hizmetler A.Ş. Түркияның Банктік реттеу және қадағалау агенттігінен (Banking Regulation and Supervision Agency, BRSA) және Түркияның Бәсекелестікті қорғау басқармасынан (Competition Authority) Turkish Bank A.Ş. банкінің жарғылық капиталының 99,32%-ын сатып алуға рұқсат алғанын жариялады.

Бұл мәмілені аяқтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Аталған мәміле FRHC-тің негізгі дамушы нарықтарда толық интеграцияланған қаржылық қызметтер экожүйесін құруға арналған ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі саналады. Сатып алу аяқталғаннан кейін Turkish Bank A.Ş. холдингтің өңірлік платформасының маңызды элементіне айналып, брокерлік қызметтер, инвестициялық бизнес және капитал нарықтарындағы операциялар бағыттарын толықтырады.

Turkish Bank A.Ş. Түркия реттеушілерінің қадағалауымен жұмысын жалғастырады және Freedom компаниясының цифрлық қаржылық сервистер, заманауи сату және қызмет көрсету арналары, сондай-ақ жаңа өнімдерді әзірлеу саласындағы тәжірибесін пайдалана алады.

2026 жылғы ақпанда қол қойылған акцияларды сатып алу-сату туралы келісімге (SPA) сәйкес мәміленің нысаны ретінде тек Turkish Bank A.Ş. қарастырылған.

«Freedom үшін Түркия – стратегиялық нарық және біз бұл жерге нақты мақсатпен келіп отырмыз. Қазақстанда цифрлық экожүйенің адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айнала алатынын дәлелдедік. Freedom SuperApp іске қосылған сәттен бастап екі жылға жетпейтін уақыт ішінде оның пайдаланушылар базасы 5,67 млн адамға жетті. Ол елдегі ең жылдам дамып келе жатқан цифрлық сервиске айналды. Біз қаржылық қызметтерді озық цифрлық өнімдермен біртұтас платформада біріктірдік. Енді осы тәжірибені Түркия нарығына әкелмекпіз, мұнда әлеуетті клиенттер саны Қазақстандағыдан төрт-бес есе көп болуы мүмкін. Банкті сатып алу бізге тиімділігі дәлелденген осы модельді ауқымды түрде дамытуға негіз береді. BRSA мақұлдауы оны әлемдегі ең серпінді нарықтардың бірінде іске қосуға бағытталған маңызды қадам болды», – деп оқиғаға қатысты пікір білдірді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

S&P Global Freedom Holding еншілес компанияларының рейтингтерін жақсартты

S&P Global Ratings агенттігі Freedom Holding Corp. (FRHC) құрамына кіретін «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global, Freedom Finance Europe және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингтерін «B+»-тен «BB-»-ке дейін көтерді. Сонымен қатар қысқа мерзімді рейтингтерді «B» деңгейінде тұрақты болжаммен растады.

«Фридом Финанс» АҚ мен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның ұлттық шкала бойынша рейтингтері «kzBBB+»-тен «kzA-»-ке дейін жоғарылатылды.

Freedom Holding Corp.-тың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі «B-» деңгейінде расталды.

Рейтингтердің жоғарылауы Freedom тобының тәуекелдерді басқару және комплаенс жүйесінің соңғы үш жыл ішінде тиімді жұмыс істеп келе жатқанын, сондай-ақ осы функциялардың қаржылық еншілес компаниялар деңгейінде нығайтылғанын көрсетеді. Бұл жүйе FRHC-ке санкциялық талаптарды сақтау, киберқауіпсіздік, беделдік тәуекелдер, реттеушілік тәуекелдер және криптовалюталармен байланысты тәуекелдер сияқты бағыттарды қоса алғанда, топ деңгейіндегі тәуекелдерді мұқият бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!