Инвестициялық шолу №354.«Бұқаларға» арналған ЖИ-көмекші
LONG CALL ON SBUX
Идея мәні
Starbucks (SBUX) акцияларына call опционын сатып алу мейрамханалар желісі бизнесінің қалпына келу үрдісі жалғасады деген болжамға негізделген. Үшінші тоқсанда компания келушілер ағынының, бірдей дүкендердегі сатылымдардың және маржаның өскенін тіркеді. Starbucks басшылығы өз болжамдарын жақсартты. Қазіргі үрдіс сақталған жағдайда, SBUX акцияларының бағасы $110–115 диапазонына дейін жетуі мүмкін.
Негізгі аргументтер
- Үшінші тоқсандағы жаһандық салыстырмалы сатылымдар 7,9%-ға өсіп, транзакциялар көлемі 4,2%-ға артты. Түзетілген операциялық маржа 14,4%-ға жетіп, компания табыстылығының қалпына келуіне негіз бар екенін көрсетті.
- Акция бағасының $100 деңгейіне дейін түзетілуі кіру нүктесін тартымдырақ етті. Кофе бағасының төмендеуі маржаны қосымша қолдауы мүмкін.
Идеяның негізгі тәуекелдері ретінде келушілер ағынының қалпына келу қарқынының баяулауы, маржаның күткендегіден әлсіз өсуі, кофе дәндері мен басқа да шикізат бағасының жоғары болып қалуы, сондай-ақ баға белгілеулерінің бүйірлік динамикасы кезінде опцион құнының уақыттық төмендеуін атауға болады.
Тәуекелді басқару

Мәміле параметрлері

Пайда/залал кестесі және мәміледегі бақылау нүктелері
