Инвестициялық шолу №357. Көшбасшыны ауыстыру
Freedom Holding Corp. жаңалықтары
Freedom инвестициялық жобалар үшін қаржыландыру тартты
Freedom Holding Corp. тобы мен негізгі инвесторы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын Qazaqstan Investment Corporation АҚ қатысатын Kokzhiyek Fund L.P. қоры Freedom компаниясының инвестициялық жобаларын облигациялық қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Қаржыландырылатын жобалардың қатарына деректерді өңдеу орталықтары, жасанды интеллектке арналған есептеу кластері, магистральдық байланыс желілері, халықаралық байланыс арналары мен цифрлық платформалар, трансшекаралық сауда және логистика бағыттары кіреді.
«Мұндай ауқымдағы келісім біздің жобаларымыздың маңыздылығын мойындаудың айқын көрінісі. Ал «Бәйтерек» тобының қатысуын Freedom-ға деген сенімнің белгісі ретінде бағалаймыз. Біз Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын әлемдік деңгейге көтеріп, оны өңірлік қана емес, жаһандық нарықта да бәсекеге қабілетті етуге ұмтыламыз», – деп оқиғаға қатысты пікір білдірді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Freedom Holding Corp. Амур жолбарыстары популяциясын қалпына келтіруге қолдау көрсетуде
Freedom Holding Corp. «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы Амур жолбарысын табиғи ортаға жіберу жобасын қолдады. Бұл жыртқышты Қазақстан экожүйесіне қайтару бағдарламасының екінші кезеңі болып табылады. Амур жолбарысы еліміз аумағында жетпіс жылдан астам уақыт бойы кездеспеген.
Амур есімді төрт жастағы еркек жолбарыс қараша айының басында Қазақстандағы жолбарыс популяциясын қалпына келтіруге арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жіберілді. Жыртқыштың табиғи ортаға оралуы қоректік тізбектің табиғи тепе-теңдігін қайта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және өңірдің биологиялық алуантүрлілігін ұзақ мерзімді сақтаудың негізін қалайды.
«Елдің табиғи байлығын сақтау және оны еселей түсу біздің әлеуметтік жауапкершілігіміздің басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан Тұран жолбарысын тарихи мекеніне қайтару жобасы белсенді кезеңге өткен сәтте оған қосылғанымызға қуаныштымыз. Жабайы табиғатпен жұмыс әрдайым ерекше дәлдік пен ұқыптылықты талап етеді. Алайда табиғи ортаға екінші жолбарыстың жіберілуі дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді. Бұл, ең алдымен, мамандардың және бізбен бірге осы бағдарламаға қатысып жатқан серіктестердің еңбегі. Қазақстан біздің ортақ үйіміз болды және солай болып қала береді. Сондықтан біз оның дамуына, соның ішінде экология саласына инвестиция салуды әрі қарай да жалғастырамыз», – деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Freedom интеллектуалды автожолдарды бақылау жүйесіне 112 млрд теңгеден астам инвестиция салады
Freedom Holding Corp. еншілес компаниясы Freedom Lab арқылы Интеллектуалды автожолдарды бақылау жүйесін (ИСКАД) құруға 112 млрд теңгеден астам инвестиция салмақ. Тиісті келісім Қазақстан Республикасы Көлік министрлігімен жасалды. Автожолдардың сапасы мемлекеттік күн тәртібіндегі негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заманауи жол бойы қызмет көрсету инфрақұрылымы бар сапалы жолдарсыз Қазақстан жаһандық транзиттік магистраль немесе Еуразиялық көлік-логистикалық хаб мәртебесіне үміткер бола алмайды», – деп атап өтті.