Инвестициялық шолу №345. Қазынашылық облигациялар мен акциялар
S&P 500 05.05.2026 — 16.05.2026 дейін
S&P 500 индексінің негізгі жаңалықтары мен мәндері
05.05.2026 — 7259
- AMD (AMD) компаниясының бірінші тоқсанға арналған нәтижелері нарықтың орташа күткенінен асып түсті. Серверлік CPU-лардан түсетін табыс бойынша гайденс MI450 ЖИ жеделдеткіштеріне сұраныстың артуы аясында екі есе көтерілді
06.05.2026 — 7365
- Walt Disney (DIS) 2026 қаржы жылының (ҚЖ) екінші тоқсаны бойынша табысты есеп берді. Кино прокаты мен стриминг сегменттерінде күшті нәтижелер тіркелді. Ойын-сауық парктері рекордтық табыс көрсетті
12.05.2026 — 7400
- Сәуір айында жалпы тұтыну бағаларының индексі (CPI) жылдық мәнде 3,8%-ға өссе, базалық көрсеткіш 2,7%-ды құрады
13.05.2026 — 7444
- Сәуір айында жалпы өндіруші бағаларының индексі (PPI) жылдық мәнде 6%-ға, ал базалық көрсеткіш 5,2%-ға артты. Негізгі үлесті жанармай, сауда және көлік қызметтері қосты
- Cisco Systems (CSCO) 2026 ҚЖ үшінші тоқсаны бойынша консенсустен жоғары нәтиже көрсетіп, жылдық болжамдарын жоғарылатты. Компания ЖИ инфрақұрылымы мен желілік жабдыққа сұраныстың күрт артқанын атап өтті
16.05.2026
- ФРЖ төрағасы қызметіне кіріскен Кевин Уорш мөлшерлемені төмендетуді, реттеушінің балансын қысқартуды, банк секторын реттеуді жеңілдетуді және инфляциялық бағдарларды қайта қарауды ұсынды