Инвестициялық шолу №332. «Бұқалар» бигтехке ауысты
Freedom Holding Corp. жаңалықтары
Freedom Broker-дің жаңартылған кеңсесі Атырау-да ашылды
5 қарашадан бастап Атыраудағы «Адал» бизнес орталығында (Студенттер даңғылы, 52) Freedom Broker-дің жаңартылған кеңсесі жұмыс істейді. Компания филиалы бұл жерде 2014 жылы ашылған болатын, ал енді ол заманауи көпфункционалды форматта ұсынылған, мұнда кеңес беру аймақтары, оқу залы және цифрлық инфрақұрылым біріктірілген. Кеңсе базасында өңірдегі алғашқы Freedom Academy іске қосылды, ол клиенттердің, студенттердің және қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Сергей Лукьянов, Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы, «Фридом Финанс» АҚ басқарма төрағасы: «Атырау — Қазақстанның алтын бесігі: мұнда өнеркәсіптік өндірістің 20%-ы және көмірсутек қорының 70%-ы шоғырланған. Біздің компания үшін бұл жай ғана картадағы нүкте емес, стратегиялық форпост, біз мұнда 10 жылдан бері бармыз. Соңғы екі жылда өңірдегі клиенттер саны екі есе артты, ал олардың активтері қазірдің өзінде $100 млн-нан асып, біртіндеп $150 млн-ға жақындап келеді. Осы сенімдеріңіз үшін алғыс айтамыз!».
Ақтолқын Губашева, Freedom Broker-дің Атырау және Орал қалаларының аймақтық директоры: «Бұл кеңсе мен үшін жай ғана жұмыс орны емес. Біз инвесторлар мен қызметкерлерге жайлы орта жасау үшін барымызды салдық. Басшы ретінде мен үшін тек командаға жауапкершілік алу ғана емес, сонымен қатар олардың қуана және бар ынтасымен жұмыс істей алатын жағдай жасау маңызды. Біз клиенттердің құпиялылығына да назар аудардық: мұнда инвестицияларды еркін талқылауға, демалуға, кітап оқуға болады».
Freedom Finance Global қаңтар – қыркүйек айларына қорытынды жасады
Freedom Finance Global-дың меншікті капиталы 2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша $191,1 млн құрады, бұл бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 80,2%-ға артты. Компания активтері ағымдағы жылдың тоғыз айында дивидендтерді акционерге төлеуге байланысты 7%-ға қысқарып, $245,9 млн болды. Сол себепті міндеттемелер көлемі де 65,4%-ға азайып, $54,8 млн-ды құрады.
Есепті кезеңдегі таза пайда $93,2 млн болып, жылдық мәнде 38,3%-ға төмендеді. Бұл пайыздық кірістің 11,4%-ға қысқаруымен және доллардың нығаюы аясында шетел валютасындағы активтерді қайта бағалаудан түскен кірістің 53%-ға азаюымен байланысты. Сонымен қатар, компанияның комиссиялық кірістері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86%-ға өсті.
Freedom Broker «Сенім онлайн-орталығын ашты»
Freedom Broker интернет-алаяқтық пен киберқауіптерден қорғау үшін онлайн-сервис іске қосты.
Сайтта келесі мүмкіндіктер бар:
- Компанияға алаяқтық жағдайлары немесе Freedom Broker сайттары мен платформаларындағы осалдықтар туралы хабарлау.
- Сілтемелерді, аккаунттарды немесе контактілерді тексеріп, олардың компанияның ресми ресурстарына жататынын анықтау.
- Киберқауіпсіздік туралы пайдалы мақалалармен, нұсқаулықтармен және подкастпен танысу (материалдар тізімі біртіндеп кеңейтіледі).
Естеріңізге саламыз: интернетте инвестициялық компаниялар атынан жүздеген жалған жарнамалар, аккаунттар және сайттар орналастырылуда. Сақ болыңыз! Алаяқтар пайдаланушылардың деректерін және қаражатын иемденуге белсенді әрекет етеді.