Инвестициялық шолу №332. «Бұқалар» бигтехке ауысты

Компания жаңалықтары

Компания жаңалықтары

Amazon

Amazon (AMZN) 30 қазанда үшінші тоқсан бойынша нәтижелерін жариялап, нарық күткен барлық деңгейден асып түсті және бұлтты бизнесінің (AWS) өсу қарқынының 2022 жылғы рекордтық деңгейге дейін әсерлі жеделдеуін көрсетті. Бұл Project Rainier аясында жаңа есептеу қуаттарын іске қосу есебінен мүмкін болды. Қазан айының соңында AWS келісімшарттар портфелі шамамен $200 млрд-ты құрады.

Бұлтты бөлімшенің күшті нәтижелері бөлшек сауда бағытының жетістіктерімен және жоғары маржалы, қарқынды дамып келе жатқан жарнама бизнесімен қатар жүрді. Инвесторлар Amazon есебін өте позитивті қабылдады: жарияланудан кейінгі келесі сауда күнінде оның акциялары 11%-дан астам қымбаттап, тарихи максимумға жетті.
Кварталдық релизден кейін корпорация OpenAI-пен $38 млрд көлеміндегі келісімшартты жариялады. Менеджмент 14 мың қызметкерді қысқартатынын хабарлады, бірақ мұны «әлемдегі ең ірі стартап ретінде жұмыс істеу» мақсатындағы мәдени трансформация деп сипаттады.

Amazon және AWS сегментінің жиынтық түсімінің өсу қарқыны, %

Дереккөз: FactSet, Freedom Broker

Alphabet, Meta Platforms, Microsoft, Amazon, Apple

Бигтехтердің тоқсандық есептері жасанды интеллектке жоғары сұранысты растады, бірақ бұл саладағы инвестициялардың өтелімділігіне қатысты жаңа алаңдаушылық толқынын тудырды. Alphabet (GOOGL), Meta Platforms (META), Microsoft (MSFT), Amazon (AMZN) және Apple (AAPL) компанияларының кірісі мен акцияға шаққандағы пайдасы орташа нарықтық күтулерден асып түсті, дегенмен аталған корпорациялардың барлығы инвесторларды сенімді болжамдармен қуанта алмады. Ең ірі технологиялық корпорациялар менеджменті келесі жылы инвестициялар көлемін жеделдетіп арттыруды жоспарлап отыр. Келесі жылдарға арналған CAPEX бойынша ресми бағыт-бағдар (guidance) ешбір аталған компания тарапынан ұсынылмағанымен, олардың басшылығының мәлімдемелері нарық қатысушыларының болжамдарын түзетуге алып келді. Бигтехтің 2026 жылға арналған CAPEX бойынша орташа болжамы алдыңғы есептілік маусымындағы 17%-дан кейін тағы 10,7%-ға көтерілді. Ал соңғы апталарда 2027 күнтізбелік жылға арналған нарықтық консенсус шамамен 15,6%-ға өсті.

Бигтех басшылығының жасанды интеллект саласындағы даму жоспарлары деректер орталықтарына арналған компоненттер жеткізушілер үшін оң ахуал қалыптастырады, оның ішінде NVIDIA (NVDA) да бар. NVIDIA өз кварталдық нәтижелерін 19 қарашада негізгі сауда жабылғаннан кейін жариялайды.

CAPEX бигтехтердің есептерге дейінгі және одан кейінгі бағалауы, $ млрд

Дереккөз: FactSet, Freedom Broker

Boeing

Boeing (BA) компаниясының тоқсандық есебінен оның операциялық және қаржылық нәтижелері қалпына келу кезеңіне өткенін көруге болады. 737 сериялы лайнерлердің жеткізілімі айына 42 бірлікке дейін өсті, ал операциялық ақша ағыны оң аймаққа шығып, $1,1 млрд болды. Коммерциялық бөлімше сапаға қатысты мәселелер мен FAA тарапынан күшейтілген бақылауға қарамастан позицияларын нығайтып келеді.

Қорғаныс сегменті рекордтық $76 млрд көлеміндегі тапсырыс портфелімен бірге қайтадан пайдаға шықты, ал сервистік бизнес кірісті тұрақты түрде қолдап отыр. Негізгі белгісіздік көзі — 777X бағдарламасы, ол бойынша $4,9 млрд көлемінде шығындар танылды және оң ақша ағынына шығу жоспары 2028 жылға дейін кейінге қалдырылды. Компания біртіндеп өтімділікті қалпына келтіріп, 2028 жылға қарай ақша бойынша бейтараптыққа қол жеткізуді және ұзақ мерзімді перспективада FCF көрсеткішін $10 млрд деңгейінде ұстап тұруды күтеді.
Freedom Broker авиаконцерн акциясы бойынша мақсатты баға — $223, ұсыным — «сатып алу».

Boeing Commercial жеткізу

Дереккөз: FactSet, Freedom Broker

Eli Lilly

Eli Lilly (LLY) үшінші тоқсанда әсерлі нәтижелер көрсетті. Фармацевтикалық алыптың кірісі жылдық мәнде 54%-ға өсіп, $17,60 млрд болды (консенсус: $16,01 млрд). Түзетілген EPS нарық күткен $5,92 деңгейінен 18,6%-ға асып, $7,02-ге жетті. Бұл көрсеткіштердің негізгі драйвері Mounjaro және Zepbound препараттарының сатылымы болып отыр, олардың көлемі алғаш рет тарихта $10 млрд-қа жетті. Осы өнімдердің АҚШ нарығындағы үлесі 57,9%-ға дейін кеңейді. Eli Lilly инкретин аналогтары сегментіндегі көшбасшылығын осы арқылы нығайтты.

Компанияның кіріс және түзетілген EPS бойынша 2025 жылға арналған өз болжамы жыл ішінде екінші рет жақсартылды. Дегенмен, тоқсан қиындықтарсыз өткен жоқ. АҚШ-та баға қысымы Medicare Part D бағдарламасындағы өзгерістер және сақтандыру компаниялары тарапынан бәсекелестік динамикасының күшеюі салдарынан артты, бұл өндіріс пен сатылым көлемінің өсу әсерін ішінара төмендетті. Осы факторларға қарамастан, Eli Lilly басшылығы ұзақ мерзімді өсім перспективасына қатысты оптимизмін сақтап отыр, оны өндірістік қуаттарға ірі инвестициялар және перспективалы кандидаттарды дамыту арқылы қолдайды.

GLP-1 LLY препараттарын сату, $ млрд

Дереккөз: FactSet, Freedom Broker

NVIDIA

NVIDIA (NVDA) GTC 2025 конференциясы 27–29 қазан аралығында өтіп, компанияның қазіргі жаһандық инновациялық экономикадағы стратегиялық маңыздылығын тағы да көрсетті. Форумның басты сәті корпорация басшысы Дженсен Хуангтың 2026 жылдың соңына дейін Blackwell және келесі буын Rubin GPU сатылымынан $500 млрд жиынтық кіріс әкелетін тапсырыстар туралы мәлімдемесі болды. Қазіргі уақытта нарық қатысушыларының барлық болжамдары CEO жариялаған бағыттардан әлдеқайда төмен деңгейде қалып отыр. Компания дәстүрлі түрде бірқатар стратегиялық келісімдерді жариялады, оның ішінде Nokia-ға 6G желілерін енгізуге бағытталған $1 млрд көлеміндегі инвестициялар, Uber-пен 2027 жылға қарай 100 мың автономды көлік жасау жөніндегі келісімшарт бар. Сонымен қатар, NVIDIA АҚШ Энергетика министрлігі үшін 100 мың GPU негізінде ең ірі жасанды интеллект суперкомпьютерін құруға қатысады. Жоспарда корпоративтік жасанды интеллектті дамыту үшін Palantir-пен интеграция бар. Өнім желісіндегі ең маңызды жаңалықтардың қатарында біз Vera Rubin Superchip-ті атап өтеміз — бұл екі Rubin GPU мен 88 ядролы Vera CPU-ды біріктіретін келесі буын ИИ-платформасы, сондай-ақ NVQLink — кванттық процессорларды GPU-суперкомпьютерлермен интеграциялауға арналған ашық архитектура.

Nvidia Corp. (NVDA) нарықтық капиталдандыру, $ млрд

Дереккөз: FactSet, Freedom Broker

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!