Инвестициялық шолу №339. Қорғанысқа ойнау

Ерлан Абдикаримов
Freedom Broker қаржылық талдау департаментінің директоры
IPO PayPay. Жапония банкі қалтада
12 ақпанда жапондық PayPay мобильді төлем қосымшасын әзірлеуші компания IPO-ға өтінім берді. Роуд-шоу андеррайтерлерінің қатарында Goldman Sachs, J.P. Morgan, Mizuho, Morgan Stanley бар.
| Эмитент | PayPay Corporation |
| Тикер | PAYP |
| Биржа | NASDAQ |
| Андеррайтерлер | Goldman Sachs, J.P. Morgan, Mizuho, Morgan Stanley, Citigroup, Jefferies, BofA Securities, Societe Generale, Wolfe Nomura Alliance, Cantor, Credit Agricole CIB, Daiwa Capital Markets, Deutsche Bank Securities, Natixis, SMBC Nikko |
Компания несімен қызықты?
- Визиттік карточка. PayPay 2018 жылы Vision Fund қолдайтын үнділік Paytm компаниясымен бірлескен кәсіпорын (СП) ретінде құрылған. Компанияның төлем сегментіне мобильді қосымша мен кредиттік карта кіреді. Сонымен қатар PayPay онлайн-режимде банктік, инвестициялық және брокерлік қызметтер көрсетеді. Оның платформаларында төлемдер жасау, несиелерді рәсімдеу және қызмет көрсету, банк шоттарын басқару және инвестициялау мүмкіндіктері қолжетімді. Өткен жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша Жапонияда PayPay қолданушыларының саны 72 млн-нан асып, елдің жалпы 123 млн халқының басым бөлігін қамтыды.
- Әлеуетті нарық. 2025 жылы GrandViewResearch Жапонияның цифрлық банктік платформалар секторын $1,381 млрд деңгейінде бағалады. Болжауларға сәйкес, сегмент 2026–2033 жылдар аралығында жылына орташа 21% өсім көрсетіп, $6,198 млрд көлеміне жетеді.
- Қаржылық көрсеткіштер. 2024 қаржы жылында PayPay компаниясының түсімі 27% өсті, 2025 жылы — 17%, ал 2026 жылдың тоғыз айында — 26% болды. EBIT маржасы 2023 қаржы жылындағы –10% деңгейінен 2024 жылы 0%-ға дейін жақсарды, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 12%, ал 2026 жылдың үш тоқсанының нәтижесі бойынша 22%-ға жетті.