Валютаны аударар алдында, алдымен ол портфеліңізде бар-жоғын және қаражат жеткілікті ме, соны тексеріңіз.
Компания валютаны сіздің қатысуыңызсыз автоматты түрде айырбастамайтынын түсіну маңызды — мұны өз бетіңізше жасау керек. Мысалы, доллар аударғыңыз келсе, ал шотта тек теңге болса, теңгені қамтамасыз ету ретінде пайдаланып, соған қарамастан долларды аудара аласыз. Бірақ бұл жағдайда сізде маржиналды берешек — мәні бойынша брокерден алынған қарыз пайда болады.
Білгенге маржан: маржалық қарыз бұл - сіздің міндетіңіз емес, ол сіздің құқығыңыз. Маржалық кредитті (яғни Компания беретін қарыз қаражаты) пайдаланған кезде, сіз нарықтық тәуекелге ұшырайсыз. Сол үшін компания АҚШ долларында жылдық 15% комиссия алады.
Егер маржалық қарыз бір сауда күні ішінде өтелсе, комиссия есептелмейді. Берешекті валютаны айырбастау арқылы не өзіңіздің қандай да бір ашық позицияларыңызды жабу арқылы өтеуге болады.
Freedom Broker-де бағалы қағаздармен мәміле жасау үшін барлық тариф пен алынатын комиссия туралы толық ақпарат:
fbroker.kz → Компания туралы → Құжаттар → Қосымша 3 - Комиссиялар, Тарифтер және Өтемдер