Global брокерлік шотынан ақшалай қаражатты бірнеше тәсілмен аударуға болады.
Назар аударыңыз!
• Ақша қаражатын брокерлік шот иесінің банктік шотына ғана аударуға болады. Үшінші тұлғалардың шоттарына аудару мүмкін емес.
• Ақшаны банк картасына аудару клиенттің Freedom Broker қолданбасында сақталған, клиент бұған дейін брокерлік шотты толтырған карталарына ғана қол жетімді.
• Шетел валютасында аударым жасаған кезде корреспондент банктің деректемелерін көрсету қажет, оларды Сіздің алушы банкіңізде нақтылауға болады.
1-тәсіл. INVEST CARD-тан аудару
Сіз брокерлік жинақтық D-шотыңызбен байланыстырылған INVEST CARD пайдалана аласыз. Бұл үшін сізге Freedom Broker қосымшасындағы D-шотқа ақша қаражатын аудару қажет.
• Ақша D-шотқа бірнеше минут ішінде түседі.
• Freedom Broker шоттары арасында аударым үшін комиссия жоқ.
• Сіз INVEST CARD көмегімен ақшаны төлей аласыз, Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы аударасыз немесе картадан кез келген банкоматтан (Банк тарифтеріне сәйкес комиссиялардан) ала аласыз.
Invest Card туралы толығырақ келесі мақаладан таныса аласыз.
2-тәсіл. Деректемелер бойынша банктік шотқа аудару
- Freedom Broker платформасының мобильді қосымшасына кіріңіз.
- «Мәзір» бөлімінде «Тапсырма» қойындысына, содан кейін «Ақшалай қаражат» өтіңіз.
- «Ақша операциясы» → «Банктік шотқа» батырмасын таңдаңыз.
- Банк шотыңыздың деректемелері мен есептен шығару сомасын көрсетіңіз.
- Енгізілген деректерді тексеріңіз және «Растау» түймешігін басыңыз.
$10 000-нан жоғары сомаларды шығару үшін.
3-тәсіл. Банк картасына
- Freedom Broker платформасының мобильді қолданбасында авторизациядан өтіңіз.
- «Мәзір» → «Тапсырма» → «Ақшалай қаражат» бөліміне өтіңіз.
- «Ақша операциясы» → «Банк картасына» батырмасын таңдаңыз
- Қаражатты аудару үшін картаны, валютаны және есептен шығарылатын соманы таңдаңыз.
- Енгізілген деректерді тексеріп, «Растау» батырмасын басыңыз.
Сақталған картаға қаражат шығару үшін оны жүйеде бір рет верификациялау қажет.
Верификациядан өту үшін қолдау қызметіне картаның карта нөмірі мен аты-жөні көрсетілген алдыңғы бетін жіберіңіз. (Қалған деректерді (CVV және жарамдылық мерзімі) жасыру қажет):
Freedom Broker мобильді қосымшасында «Мәзір» → «Қолдау» → «Қолдау қызметіне жазу» бөліміне өтіңіз.
Егер карта цифрлық болса, банк берген карточкалық шот пен картаның сізге тиесілі екенін растайтын анықтаманы ұсыныңыз. Егер анықтамада картаның 16 таңбалы нөмірі көрсетілмесе, қосымша ретінде карта деректері мен IBAN көрсетілген банк мобильді қосымшасының скриншотын жіберіңіз. Бұл ақпарат анықтамадағы деректерді салыстыру үшін қажет.
4-тәсіл. Қаражатты криптоәмиянға аудару
- Freedom Broker платформасының мобильді қолданбасында авторизациядан өтіңіз.
- «Мәзір» → «Тапсырма» → «Ақшалай қаражат» бөліміне өтіңіз.
- «Ақша операциясы» → «Крипто әмиянға» батырмасын таңдаңыз
Қаражатты аудару өңдеу мерзімдері
