Ақша аудару туралы тапсырманы, егер шотыңызда мыналар болмаса, бере аласыз:
- берешектер;
- компания алдында міндеттемелер;
- бұғатталған активтер.
Сондай-ақ Global брокерлік шотынан ақша аударымымен байланысты комиссиялар болуы мумкіндігін ескеру қажет.
1. Ақшаны банктік шотқа деректемелер бойынша аудару.
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ аударым бойынша операциялар:
- KZT валютасымен - 0 теңге (алынбайды)
- Шетел валютасында - 0 АҚШ доллары (алынбайды)
Басқа банктерге аударым бойынша операциялар:
- KZT валютасымен - 0 теңге
- Шетел валютасында - операция сомасының 0.3%-ы, бірақ кез келген жағдайда 250 АҚШ долларынан кем емес және 1000 АҚШ долларынан артық емес
- RUB валютасында - операция сомасының 0.3%-ы, бірақ кез келген жағдайда 50 АҚШ долларынан кем емес және 500 АҚШ долларынан артық емес
Шетел валютасындағы аударымға операцияларына USD, EUR, AED және CNY валюталарындағы аударымдар жатады.
2. Ақшаны банк картасына аудару.
Аударым тек клиенттің Freedom Broker қосымшасында сақталған, бұрын брокерлік шотты толтырған карталарына ғана қолжетімді.
Комиссиялар:
- «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның картасына 0%
- басқа банктер үшін 1%, бірақ 300 теңгеден немесе 0.7 АҚШ долларынан кем емес
Тарифтер мен комиссиялар туралы толық ақпарат Компанияның сайттында
ffin.global → Ақпаратты ашу → Қосымша 3 - Комиссиялар, Тарифтер және Өтемдер