Freedom Finance Global PLC клиенттері брокерлік шоттан крипто қоржынға қаражат аудара алады. Қаражатты алуды ресімдеу кезінде фиат валютасы автоматты түрде криптовалютаға айырбасталып, клиент көрсеткен жеке (интернетке қосылмаған) немесе биржалық (интернетке қосылған) крипто қоржынға жіберіледі.
Сервисті Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін қоса алғанда, брокердің клиенттері – жеке және заңды тұлғалар қолдана алады. Клиент бөлшек немесе білікті инвестор бола алады.
Маңызды! Қаражатты дербес қоржынған аудару үшін мекенжайды растау Satoshi Test рәсімінен өту керек. Ол үшін клиент өз қоржынынан брокерлік шотқа аз мөлшерде сома жіберіп, мекенжайдың оған тиесілі екенін растайды.
Satoshi Test-тен өту үшін «цифрлық активтермен толтыру» сервисіне өтіп, керек валютаны таңдап, толтыру үшін мекенжай алыңыз (мекенжайды көшіріңіз немесе QR кодын сканерлеңіз). Содан кейін осы мекенжайға Satoshi Test-тен өткені туралы хабарламада көрсетілген соманы жіберіңіз. Болашақта ақша алуды жоспарлап отырған қоржыннан жіберу керек.
Қалай аудару керек
Аударымды Freedom Broker мобильді қосымшасында немесе веб-нұсқасында рәсімдеуге болады..
- Freedom Broker мобилді қолданбасында:
Мәзір → Қаражат аудару → Крипто әмиянға
Қаражат аудару → Крипто әмиянға
Маңызды! Сервисті қолдану үшін алдымен инвестициялық тәжірибе тестінен өту керек.
Мәзір → Тапсырмалар → Дербес деректер → Инвестициялық тәжірибе тесті
Кабинет → Тапсырмалар → Дербес деректер → Инвестициялық тәжірибе тесті
Комиссия
Операция үшін алынатын комиссия аударым сомасының 3%-ын құрайды және оны Wallet Solutions OU қарсы агенті ұстайды.
Аударымның ең аз сомасы
Таңдаған криптовалютаға байланысты:
- 10 USDC
- 10 USDT
- 0.00001 BTC
- 0.001 ETH
- 0.01 BNB
- 10 TRX
Маңызды! Шотта еркін ақша болған жағдайда ғана ақшаны аударуға болады. Маржалық міндеттемелерге тартылған қаражатты аударуға болмайды.
Ақшаны қандай криптовалютада аударуға болады
Қаражат USD, KZT, RUB, EUR, CNY, AED валюталарында брокерлік шоттан аударуы мүмкін, содан кейін ол автоматты түрде айырбасталып, келесі криптовалюталардың біріне жіберіледі:
- USDC (Ethereum)
- USDC (BNB Smart Chain)
- USDT (BNB Smart Chain)
- USDT (Tron)
- USDT (Ethereum)
- BTC (Bitcoin)
- ETH (Ethereum)
- BNB (BNB Smart Chain)
- SOL (Solana)
- ADA (Cardano)
- AVAX (Avalanche C-Chain)
- TON (TON)
- TRX (Tron)
Реттеу
Операциялардың барлығы AML, KYT және Travel Rule сияқты қаржылық мониторинг талаптары бойынша тексеріледі. Егер қаражат толтырылғаннан кейін брокерлік шотқа келіп түспесе, брокердің қолдау қызметіне хабарласуға кеңес береміз.