Финансист №1 (41) 2026
Ақылды инвестициялар
Freedom Broker талдаушылары портфельді әртараптандыру үшін экономиканың түрлі секторларындағы компаниялардың акцияларын ұсынады
Апсайдтар мен баға белгілеулер 2026 жылдың 24 ақпанына ұсынылған
Михаил Денисламов,
Freedom Finance Global талдау департаментінің директорының орынбасары

Citigroup (C) – жаһандық қаржы корпорациясы, транзакциялық банкинг пен инвестициялық қызметтер сегментіндегі көшбасшылардың бірі. АҚШ-тағы ірі кредиторлардың бірін басқарған алғашқы әйел CEO Джейн Фрейзердің жетекшілігімен Citi ауқымды қайта құрылымдауды аяқтап жатыр. Оның тиімділік коэффициенті 63%-ға жетті, ал 2026 жылға арналған мақсатты ROTCE (таза пайда/материалдық капитал) 10–11% деңгейінде белгіленген. Акция аналогтарымен салыстырғанда дисконтпен саудалануда, эмитент 2025 жылы $13 млрд көлемінде buy back бағдарламасын іске асырды. Активтің қайта бағалануына әсер ете алатын драйверлерге ROTCE бойынша мақсатқа қол жеткізу, таза пайыздық табыстың (NII) өсуі және капитал нарықтарының қалпына келуі жатады.

Intuitive Surgical (ISRG) – роботтандырылған хирургия нарығының көшбасшысы, оның da Vinci жүйелері бүкіл әлемде гинекологиядағы аз инвазивті операцияларды жасау үшін кеңінен қолданылады. 2025 жылы компания аппараттарымен жасалған процедуралар саны жылдық салыстырмада 17%-дан аса өсті. da Vinci 5 флагмандық жүйесіне деген сұраныс орташа болжамдардан жоғары болды. Медициналық жабдықты жаңарту циклі енді ғана басталды. Дәл осы фактор компанияға кем дегенде алдағы екі жылда тұрақты табыс ағынын қамтамасыз етеді. 2026 жылы Intuitive Surgical үшін қосымша өсім драйверлері да Vinci XiR бюджеттік моделінің сатылымдары және My Intuitive цифрлық экожүйесінің іске қосылуы болмақ.

General Motors (GM) – автомобиль жасау саласының алып корпорациясы, Мэри Барраның жетекшілігімен бизнеске үлгілі түрде бейімделіп келеді. Компания АҚШ-тағы экономикалық саясаттың өзгерісінен ең көп пайда көргендердің бірі болды: шығынды электромобильдерден басымдықты жоғары маржалы бензинмен жүретін пикаптар мен жол талғамайтын көліктерге ысырып қойды. Қаңтар айында GM бір акцияға шаққандағы түзетілген пайда $11–13 диапазонында өседі деп болжады, бұл консенсустен айтарлықтай жоғары. 2026 жылы автоконцерн акцияларының өсу триггерлері $6 млрд көлеміндегі buy back бағдарламасының іске қосылуы, дивидендтердің 20% өсуі және Солтүстік Америкадағы маржиналдылықтың 8–10% деңгейінде сақталуы болмақ.

Target (TGT) – АҚШ тағы ең ірі ритейлерлердің бірі, оның табысы америкалық әйелдердің сатып алу қабілетімен тікелей байланысты. Marketing Scoop және Numerator деректеріне сәйкес, желі аудиториясының шамамен 62–63% ын әйелдер құрайды, олар үйге арналған тауарлардың, косметика мен киім кешектің сатылымындағы негізгі үлесті қамтамасыз етеді. Компания үшін дәл қазіргі уақыт – бизнесті ауқымды трансформациялау бағдарламасының аясында акцияларды сатып алу үшін қызықты кезең. Ритейлер клиенттер тәжірибесін жақсартуға, жеткізу сервистерін дамытуға және Target Circle адалдық бағдарламасын кеңейтуге басымдық бере отырып, технологияларға және дүкендерді жаңартуға $5 млрд инвестиция салуда. Бұл TGT акцияларының ағымдағы жылы өсуіне драйвер болмақ.
Ерлан Әбдікәрімов,
Freedom Broker қаржылық талдау департаментінің директоры

Constellation Energy Corporation (CEG) соңғы бір жылда ІІ технологиялар үшін стратегиялық энергия жеткізушісіне трансформацияланды. «Таза кепілдендірілген қуат» моделі үздіксіз энергожабдықтауға деген өсіп келе жатқан сұранысты экологиялық талаптарды сақтай отырып, қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал жетекші АЭС тер үшін лицензияларды ұзақ мерзімге қайта бекіту компанияның инвестициялық көкжиегін кеңейтеді. Осының барлығы Constellation Energy ді цифрлық экономиканы энергиямен қамтамасыз етудегі маңызды буын ретінде көрсетеді. Қуаттың құрылымдық тапшылығы мен энергия қауіпсіздігіне басымдық берілуі компанияның тұрақты рентабельдігі мен өсуіне негізін құрайды.

Comfort Systems USA (FIX) – дата орталықтар мен жоғары технологиялық өндірістерге инженерлік және электротехникалық шешімдер жеткізуші компания. Компанияға капиталға тәуелділік төмен болуы, маржаның тұрақты өсуі және жоғары ақшалай ағым тән. Менеджмент басымдықтарының қатарында – қарыз жүктемесін азайту және капиталды бөлудегі жоғары икемділік. Бизнес ІІ секторына және чип өндірушілеріне арналған тапсырыстар портфелінің кеңеюімен ерекшеленеді. Қайталанатын кірістерді қалыптастыру озыңқы өсуді жалғастыру үшін негіз жасайды, бұл FIX акцияларын жоғары бағалауды бизнес сапасы мен оның даму әлеуетін алыпсатарлық қызусыз көрсетеді.

Newmont Corporation (NEM) портфель сапасын арттыруға және қаржылық көрсеткіштерді оңтайландыруға бағытталған. Жоспарлы өндіріс қысқаруы маржаның өсуімен, шығындардың азаюымен, ауқымды обратный выкуп бағдарламасымен, қарыз жүктемесінің төмендеуімен және мыс өндірісі есебінен әртараптандырумен өтеледі. Эмитенттің қаржылық нәтижелері тұрақты өсу трендінде тұрған алтын бағасына тәуелді. NEM акциялары негізгі мультипликаторлар бойынша ең ірі бәсекелестерімен салыстырғанда дисконтпен саудаланады. Бұл компанияны ұзақмерзімді өсу әлеуеті бар қорғаныш құрал ретінде тартымды етеді.

TSMC (TSM) ІІ чиптер өндірісіне шоғырланды, бұл оның қаржылық моделін жақсарта түседі. Компанияның одан әрі дамуы ұзақмерзімді перспективада анағұрлым тұрақты әрі капиталсыйымды болмақ, өйткені ол жетекші бигтех компанияларының ұзақ мерзімді тапсырыстарына сүйенеді. Бизнес нарық тарапынан біршама жоғары бағаланғанына қарамастан, оның трансформациясы фундаменталды факторлармен қолдау табуда. Олардың қатарында капитал қайтарымының артуы, өндірістік қуаттарды кеңейтуге бағытталған ауқымды инвестициялар және жаһандық ІІ тізбегіндегі TSMC тің стратегиялық рөлі бар. Компания акцияларын сатып алу – алдағы бірнеше жыл ішінде түбегейлі жаңа технологиялық платформаның қалыптасуына бәс тігуді білдіреді.

