Финансист №3 (39) 2025

Наталья Харлашина

Наталья Харлашина

шығарушы редактор

Дыбыссыз тиындар

Редактордан

Бұдан он жыл бұрын ғана «криптовалюта», «блокчейн», «майнинг», «халвинг» сияқты ұғымдар көпшілікке түсініксіз шетелдік сөздер болып көрінетін. Бүгінгі күні криптовалюта нарығының капитализациясы $4 трлн-нан асып, оны жаһандық қаржы жүйесінің маңызды бөлігіне айналдырды. Енді цифрлық монеталарды гараждағы гиктер емес, BlackRock пен Fidelity секілді ірі институционалды қорлар сатып алуда. Біз «Финансисттің» жаңа санын криптовалюта тақырыбына арнадық және қателеспедік: нөмірді дайындау барысында биткоин тағы да тарихи рекорд орнатты. Дегенмен классикалық қор нарығын шахмат ойынымен салыстыруға болса, криптооперациялар болжап болмайтын покерге көбірек ұқсайды. Цифрлық құралдарға инвестиция жасаудың ең қолайлы жолдарының бірі ретінде біз АҚШ биржаларында қолжетімді криптомонеталарға бағытталған ETF қорларын қарастыруды ұсынамыз. Ал криптовалютаның бар екендігін елемеу енді мүмкін емес. Бүгінде 130-дан астам мемлекет өздерінің ұлттық цифрлық ақшаларын шығарумен айналысуда.

Криптоәлемнің ең танымал «кейіпкері» – биткоин. Оны көбінесе «жаңа алтын» деп атайды. АҚШ-та бұл монетаның мемлекеттік резерві жасалып жатыр. Бірақ шынымен де «битокты» толыққанды қаржылық құрал деп санауға бола ма? Әлде бұл әлі де инвесторлардың үлкен үміті ғана ма? Криптовалюта өндіру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Біздің сарапшылар майнингтің тәсілдерін егжей-тегжейлі сипаттап, оған кететін шығындарды бағалады. Біз нарықтық капитализациясы бойынша үздік 10 криптовалютаны іріктеп, сарапшылардың пікірінше ең болашағы зор стейблкоиндарға – бағасы белгілі бір активке байланған монеталарға ерекше тоқталдық.

Криптонарық жайлы сөз қозғамас бұрын блокчейн технологиясының негізгі қағидаларын түсіну қажет. Оның жаңа интернет нұсқасының – Web 3.0 мен NFT дамуы жолындағы рөлі жайлы біздің материалдан біле аласыздар. Қаржы технологияларының жетілуімен жаңа инвестициялық әдістер пайда болуда. Соның бірі – токенизация. Бұл – мемлекеттік облигациялардан бастап өнер туындыларына дейінгі қаржы құралдарының цифрлық нұсқасын жасау үдерісі. Осы нөмірде біз токендердің не үшін қажет екені және олардың арқасында инвесторлардың мүмкіндіктері қалай кеңейетіні туралы жан-жақты баяндаймыз. Орталықтандырылмаған қаржылық активтердің айналымында қауіпсіздік технологияларының маңызы зор. Бұл тақырыпты біз криптовалютаны қайда және қалай сақтау жөніндегі мақалада ашып көрсетуге тырыстық. Сондай-ақ сіздерге Blum платформасының теңқұрушысы, Binance халықаралық криптобиржасының бұрынғы вице-президенті Глеб Костаревпен болған сұхбатты ұсынамыз. Ол криптовалютаға жаңа кірген жеке инвесторлардың басты қателігін атап, нарықтың келешегіне қатысты өз көзқарасын бөлісті. Криптовалютаның болашағына қатысты құлшынысты қолдауға да, қолдамауға да болады. Бірақ оларды елемеу – өз еркіңмен қаржылық артта қалып қою деген сөз.

Ықыласпен оқуларыңызға тілектеспіз!

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!