Финансист №3 (39) 2025

Сакен Исмаилов

Сакен Исмаилов

Freedom Finance Global талдаушысы

Цифрлау және бөлісу

Web 3.0 және NFT біздің өмірімізді қалай өзгертеді

Трендте

Блокчейнге бекітілген бірегей сандық нысан идеясы бастапқыда аясы тар және жаппай нарықтан алыс болып көрінді. Алайда сандық өнерді сату, бір қарағанда, үлкен сомаға барабар емес инвесторлардың кең ауқымының назарын аударды. Мысалы, американдық Beeple суретшісінің (Майк Винкельман) картинасы $69,35 млн-ға, ал NFT-бейнелер коллекциясы Bored Ape Yacht Club – $280 млн-ға сатылды. Бірегей токендерді ілгерілету цифрлық меншік дәуіріне бастама береді.

Форматты өзгерту

Web 3.0 идеясы ірі компаниялардың бақылауынан бас тартып, блокчейн мен токендер негізінде орталықсыздандырылған интернет құру болып табылады.

Блокчейнде деректерді байқамай ауыстыру немесе жою іс жүзінде мүмкін емес. Оның негізінде криптовалюта және бірін бірі өзара алмастырмайтын NFT токендері шығарылады. Оларды бірдей түсті және бірдей жиынтықтағы мыңдаған көліктерді бір-бірінен ерекшелендіретін автомобильдік VIN-нөмірмен салыстыруға болады. Өшіруге де, өзгертуге де болмайтын бұл белгі иесінің меншік құқығын растайды.

NFT цифрлық әлемде ғана сол қисын бойынша жұмыс істейді. Бірегей код нақты файлмен байланысты – сурет, ән, билет – және бүкіл әлем бойынша мыңдаған компьютерлер арасында үндестірілетін блокчейн технологиясы бойынша жасалған жария базада жазылған. Бұл дерекқорды ашу немесе қайта жазу мүмкін емес.

NFT әлемдік нарығы 2024 жылы $51,4 млрд. бағаланды. 2034 жылға қарай оның $407 млрд-қа дейін өсуі болжануда

Табыс көзі

NFT нарығының жылына шамамен 23% -ға кеңеюі оның бизнес-жоспарлар мен шығармашылық идеяларды іске асыру үшін капитал тартуға мүмкіндік беретін әлемдік қаржы жүйесінің маңызды құралына айналғанын дәлелдейді.

Мәселен, Robinhood (HOOD) еуропалық клиенттерге OpenAI және SpaceX токенизацияланған акцияларын ұсынды. Осының аясында оның өз баға белгілеулері 2024 жылдың басынан бастап 151% -ға өсті.

NFT қалыптасқан индустриялар үшін қосымша табыс мүмкіндігін береді. Оған мысал -компьютерлік ойындар. Ubisoft (UBI) және Zynga өз өнімдеріне NFT енгізеді, бұл пайдаланушыларға ойын ішіндегі заттарды, аватарларды, кейіпкерлерді иеленуге және оларды қайта сатуға мүмкіндік береді.

Бірегей токендер медиа және музыка индустриясын өзгертеді. Елестетіп көріңізші, сүйікті музыкантыңыз жаңа ән шығарып және сізге оның продюсері болуды ұсынады: «Токен сатып ал және Spotify-дағы әрбір тыңдаудан кірістің бір бөлігін ал». 3LAU диджейі іске қосқан Royal NFT-платформасы осылай жұмыс істейді. Токенді сатып ала отырып, жанкүйер тректі коммерциялық ілгерілетуге қатысады және авторлық құқықтардың тең иесі болады. Миллиондаған тыңдаулардан кейін NFT иесі роялти ретінде шағын төлем алады.

Universal Music Group (UMG), Warner Music (WMG) музыкалық лейблдері, Spotify (SPOT) онлайн платформасы NFT-ні фанаттық тартуды тікелей монетизациялау құралы ретінде пайдаланады. Олар эксклюзивті контентке, жабық плейлистерге, ерте шығарылымдарға, виртуалды концерттер мен сандық мерчтерге рұқсат беретін токендерді сатады.

Сіздің үйіңізде

NFT және Web 3.0 бірте-бірте біздің өмірімізді өзгерте бастады. Оның жаңа нұсқасында, мысалы, растауды талап етпейтін және қолдан жасалмайтын NFT түріндегі университеттік дипломды ұсыну мүмкіндігі пайда болды, бұл бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетеді. Бұл түрлі сертификаттарға, анықтамаларға және басқа да құжаттарға қатысты. Сервистер мен стримингтерге жазылудың орнына пайдаланушылар музыкадағы, фильмдердегі, кітаптағы, ойындардағы үлестерді, сервистер мен платформаларды иелену құқықтарын сатып ала алады, сондай-ақ осы үлестерден авторлық аударымдар ала алады.

Web 3.0 және NFT адамдардың меншік туралы іргелі түсініктерін өзгертетін толыққанды активтер сыныбы болып табылады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!