Финансист №2 (34) 2024 

Михаил Бровкин

Михаил Бровкин

Freedom Finance Global онлайн-көрсетілім бөлімінің бастығы

Рульде  - робот

Толығымен пилотсыз автокөліктерге көшу әрі реттеу — уақыт мәселесі

Tesla (TSLA) FSD 12.4 автопилотының жаңа нұсқасын сынақтан өткізуде. Компания нейрондық есептеулер арқылы бәсекелестерді басып озуға тырысады. Мұндай автопилотта датчиктерден алынған мәліметтерді нейрожелі өңдейді және ол штаттан тыс жол жағдайларына жақсы жауап береді. Жаңалықтың жетістіктері 2024 жылдың соңына дейін белгілі болады.

Alphabet (GOOGL) компаниясынан Waymo қазірдің өзінде жүргізушісіз роботаксиді пайдаланады. Шынымен де жақында машинаның рөлі тарих қойнауында қала ма?

Автопилотты енгізудің үш себебі

Адамдар бір ғасырдан бері көлік жүргізіп келеді және ол көпшілікке ұнайды. Алайда роботтарды енгізу үшін нақты негіздер бар:

  • Қауіпсіздік. Сағатына 60 шақырымнан жоғары жылдамдықта апат адам өліміне әкелу қаупі бар. Ал роботтың басқаруымен авто ең аз тәуекелмен едәуір жылдам жүре алады. Әлемнің пилотсыз машиналарды дамытуға мүдделі екендігі таң қалдырмайды: тек АҚШ-та ғана олар жылына кемінде 30 мың адамның өмірін сақтап қала алады.
  • Ақша үнемдеу. Автопилотқа жұмсалатын шығын әзірге белгісіз, бірақ ол АҚШ-та жылына $50 мыңнан $100 мыңға дейін ауытқитын кәсіби жүргізушінің еңбекақысына жұмсалатын шығыннан төмен болады.
  • Уақытты үнемдеу. Егер әңгіме кәсіби жүргізуші туралы болмаса, машина айдау босқа адамның уақытын алады. Робот автомобильдер адамдарға жолда демалуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде көптеген жас мамандар Tesla машиналарында автопилот оларды жұмыс ауысымынан кейін үйіне жеткізгенше ұйықтауға тырысады.

Автопилотпен ЖКО: статистика қандай?

Естеріңізге сала кетейік, реттеу автопилоттарды екі түрге бөледі. Біріншісі — Automated Driving Systems (ADS), жүргізушісіз жұмыс істеуге қабілетті құрылғы. Онымен жабдықталған машиналар жалпы пайдаланымдағы жолдарда сынақтан өтуі мүмкін, бірақ әзірге сатуға қол жетімді емес.

Екінші түрі — Advanced driver-assistance systems (ADAS), жүргізушінің көмекшісі. Де-юре, Tesla-ны қоса алғанда, барлық автомобильдерде ADAS бар, яғни қиын жағдайда машинаны жүргізуші басқаруы тиіс.

ADAS проблемасы — жүргізуші шұғыл әрекеттерге дайын болмауы мүмкін, сондықтан ірі ойыншылардың назары ADS бар толық автономды автомобильдерге шоғырланған. Олар ғана нарықтың жылдам өсуін қамтамасыз етеді.

АҚШ-тың жолдардағы қауіпсіздікті бақылау жөніндегі мемлекеттік әкімшілігі (NHTSA) 2021 жылы автопилоттау режимінде жүрген машиналардың қатысуымен болған барлық авариялар туралы әзірлеушілерді хабарлауға міндеттеді. Реттеушінің мәліметінше, 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың мамырына дейін роботтың басқаруындағы көлікпен 128 қақтығыс болды. Көбінесе олар жүргізуші-адамдар автопилот тежеген көліктің артынан соғылып қалған. 2024 жылы оқыс оқиғалардың көпшілігі артқы жақтан соғылумен, бұрылыстардағы кедергілермен төмен жылдамдықта соқтығысумен байланысты. Қаза тапқандар жоқ.

Сондай-ақ NHTSA статистикасы әртүрлі әзірлеушілердің ADS және ADAS сынақтарының белсенділігін және жетілдірілуін көрсетеді. Ең көп апат Waymo-да, бірақ ол бірінші болып АҚШ-та роботакси тестілеуге рұқсат алды.

Статистика жол қозғалысы ережелерін жаңарту және жаңа технологияларды насихаттау үшін өте маңызды. Айтпақшы, 1970 жылдары NHTSA қауіпсіздік белдіктерін жарнамалап, олардың тиімділігінің статистикасын келтірді. Бес жылдан кейін америкалықтардың жартысы оларды пайдаланып, ал 1990 жылы 80% -ға жуығы белдікті тақты. Осындай қарапайым қауіпсіздік құрылғысын қабылдаудың өзі жиырма жылды қажет етті!

Кім төлейді?

Егер робот жүргізген машина қандай да бір ЖКО кінәлі болған жағдайда кім жауап береді – ол күрделі мәселе?

Ұлыбритания автопилоттар үшін сақтандыру ережесін енгізді, бірақ басқа елдерде жағдай белгісіз болып қалуда. АҚШ-тың кейбір штаттарында да реттеу бар: мысалы, Калифорнияда жауапкершілік жүргізуші мен автопилот арасында тең бөлінген (егер ол қосылған болса).

Zurich Insurance сарапшыларының пікірінше, болашақта сақтандырушылар ADS бар авто өндірушілермен күрделі және қымбат талап-арызбен әуре сарсаңға түсуге тура келеді.

Заңды түрде мұндай машинаның иесі жолаушы болады ғой, демек ол өндірушіден өтемақы ала алады деген сөз.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!