Финансист №2 (38) 2025

«Инновация қанда бар нәрсе»

Freedom Lifestyle басшысы Алексей Ли демалысты қалай тез және ыңғайлы ұйымдастыру, кино мен шоуға билеттерге артық ақша төлемеу, дүкендерге баруға уақытты үнемдеу туралы

Бизнес көзқарасы
Сурет: Алексей Лидің жеке мұрағаты

Алексей, сіздің сервистеріңіз* түймені бірнеше рет басу арқылы  адамдарға азық-түлік немесе билеттерге тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Сіздің пайдаланушыңыз кімдер деп ойлайсыз?

Біз жобаларымызды ең алдымен өзімізге ұқсайтын, мақсаттары айқын, уақыттың бағасын білетін,  жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікке ұмтылатын, олардың сұраныстарына сәйкес келетін сапалы қызметті қажет ететін адамдар үшін адамдар үшін жасадық.

*Freedom Ticketon – шараларға билеттерді сатудың онлайн сервисі; Arbuz.kz – күнделікті сұраныстағы тауарлар мен өнімдерді жеткізетін онлайн гипермаркет; Freedom Travel – әуе және теміржол билеттерін және турларды сату бойынша сервис

2024 жылы сіз Freedom Holding ішіндегі сервистерді басқардыңыз. Бұл платформалардың дамуына қалай әсер етті?

Біз синергетикалық әсер алу үшін бірқатар функцияларды орталықтандыруды күшейту керек деген қорытындыға келдік. Бұл деректер командаларына, әзірлеу тәсілдеріне, дизайнға, маркетингке қатысты. Соның нәтижесінде компаниялар ауқымды ресурстарға, терең сараптамаға және идеялармен алмасуға қол жеткізеді, ал бұл біздің жедел дамуымызға ықпал етеді.

Aviata және Ticketon сервистерінің бәсекелестік артықшылықтары неде?

Aviata Freedom Travel атауын өзгертті. Осылайша, көптеген қазақстандықтардың сүйікті сервисінің тарихында жаңа кезең басталды. Біз саяхатқа арналған ең жақсы бағаларды ұсынамыз. Әрбір халықаралық билетке кейіннен тиімді тарифтермен және WhatsApp арқылы 24/7 қолдауымен Freedom Telecom-дан 1 гигабайт тегін роуминг қоса беріледі. Сатып алу кезеңінде шетелде форс-мажорлық жағдай туындаған жағдайда қажетті сенімді әріптестен сақтандыру медициналық полисін таңдауға болады. Freedom кешбэкті бейінділік деңгейіне байланысты 14% -ға дейін құрайды.

Тикетонға келетін болсақ, ол кез келген ойын-сауық шараларына билет сату саласында алдыңғы орында. 22% -ға жететін кешбэк бағдарламасының арқасында пайдаланушылар билет сатып алуда айтарлықтай үнемдей алады, бұл отбасылық демалысты ұйымдастыру немесе ірі концерттерге қатысу кезінде ерекше байқалады.

Бүгінгі таңда қызметті пайдаланушылардың саны қанша?

Платформаға байланысты пайдаланушылар саны ондаған мыңнан миллионға дейін болады.

Сіздер Aviata-да дайын турларды сатасыздар ма? Туристік агенттіктермен бірге жұмыс істейсіздер ма?

Біз жаңадан «Турлар» қызметін іске қостық, ол тек Freedom SuperApp қосымшасында ғана қолжетімді. Көптеген бағыттарға ең жақсы бағаларды, сондай-ақ жомарт кешбэк ұсынамыз. Жақын арада бәріне қолайлы бөліп төлеу қызметі де болмақшы.

АИ онлайн сату кезінде пайдаланыла ма?

Инновация –  біздің қанымызда бар нәрсе. Біз жаңа технологияларға қатысты барлық нәрсені жақсы көреміз. АИ маңызды тектоникалық өзгерістердің бірі деп санаймыз және оны клиенттік қолдауды жақсарту үшін пайдаланамыз. Алдағы уақытта осы шешімдерді сату процестерін оңтайландыру үшін қолдануды жоспарлап отырмыз.

Билеттерді онлайн сату үшін мобильді қосымшалар қаншалықты маңызды?

Биыл біз Freedom SuperApp қосымшасын дамытуға басымдық береміз, сондықтан барлық қызықты ұсыныстар дәл сол жерде пайда болады.

Алдағы бір-екі жылға сервистерді дамыту үшін қандай мақсаттар қойып отырсыз?

Біз еліміздің көптеген тұрғындары сервистердің сапасын жақсы бағаласа екен деп тырысамыз. Бұл бизнестің өсуін жеделдететіні сөзсіз. Біз болашаққа жоспарлар құрып, біздің қызметтеріміз бен өнімдеріміз өзекті әрі сұранысқа ие болуы үшін индустриялардың әрқайсысының алдағы екі-үш жылға арналған даму әлеуетін анықтаймыз.

Қандай бизнес-шешімдер іске аспайтындай болып көрініп, бірақ ақырында жұмыс істеп кеткен еді?

Arbuz.kz пен Авиата пайда болған кезде көпшілік олардың болашағына сенбеді. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, сәтті конъюнктура мен сауатты көзқараста болған жағдайда бәрі мүмкін. Ең бастысы – қиындықтардан қорықпай, әрекет ету керек.

Бизнесті дамыту – бұл көбінесе 24/7 жұмыс. Сізде бос уақыт болады ма?

Мен үшін жұмыс ешқашан толастамайды, өйткені мен екі құрлықта өмір сүремін ғой. Бос уақыт болса кітап оқығанды, мотоциклмен зымырап (фанатизмсіз!), сондай-ақ хайкингпен немесе жартасқа өрмелеумен айналысқанды жақсы көремін.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!