Финансист №2 (38) 2025

Севак Араратян

Севак Араратян

Freedom Finance Global аға талдаушысы

Ойыннан тыс

Футбол клубтары инвестицияға идея ретінде

Мүмкіндіктер мен тәуекелдер

Өзіңізді заманауи үлкен стадиондағы мінбеде тұрғандай елестетіңіз. Көпшіліктің айқайы құлақты жарады, ал жасыл алаңда нағыз шайқас басталып жатыр. Голдар, әдемі пасстар, жүректі дүрсілдететін сәттер… Жанкүйер үшін футбол — қызу тартыс пен құмарлыққа құралған өнер. Бұл – сезім мен құштарлыққа толы тұтас бір ғалам! Сонымен қатар, футбол – спорттық формаңызды сақтап қалуға, командалық жұмысты үйренуге және жүйке ширығуын жеңілдетуге керемет мүмкіндік. Ал футбол ойыны – достармен кездесуге тамаша сылтау.

Сонымен бірге, әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі саналатын футболдың артында табыс табуға кең мүмкіндіктер ұсынатын ауқымды индустрия тұр. Ойыннан тікелей табыс табуға болады – матчтарға қатысу арқылы, әрі жанама жолмен де.

Кәсіби футбол клубтары өз қызметінен табыс табу үшін түрлі бизнес-стратегияларды қолданады. Deloitte Football Money League 2025 аналитиктерінің есебіне сәйкес, 2023/24 маусымында әлемдегі ең бай 20 клубтың кірісі жалпы есеппен 6%-ға өсіп, шамамен 11,2 млрд еуроны құрады. Орташа есеппен әр клубтың табысы 560 млн еуро болды: стриминг пен телетрансляциялар 213 млн еуро (+38%) әкелсе, коммерциялық түсімдер 244 млн еуроға (+44%) жетті, ал матчтардан 103 млн еуро (+18%) табыс түсті.

Нарықтық капиталдандыру: кім көшбасшы?

Еуропалық футбол клубтары 1990 жылдары қосымша инвестициялар тарту үшін биржаға белсенді түрде шыға бастады. Жария мәртебе қаржылық есептілікті жүйелі түрде ашуды көздейді, оның негізінде талдаушылар эмитенттердің инвестициялық тартымдылығын айқындайды.

Қазіргі уақытта жария футбол клубтарының нарықтық капиталдануы айтарлықтай ерекшеленеді.

Manchester United

Акциялары Нью-Йорк қор биржасында сатылатын Manchester United (MANU) нарықта шамамен $2,29 млрд-қа бағаланды (мұнда және әрі қарай – 2025 жылғы мамырдағы жағдай бойынша), оның көрнекті тарихы мен жанкүйерлерінің кең базасын ескере отырып.

Juventus

Juventus (JUVE.MI) Италия қор биржасында саудаланады, нарықтық капиталдандыруы шамамен 1,25 млрд еуроны құрайды.

Borussia Dortmund

Borussia Dortmund (BVB.DE) инвесторлар үшін Франкфурт қор биржасында қолжетімді. Клуб спорттық жетістіктері мен брендінің тұрақты дамуын сәтті үйлестіреді. Капиталдандыруы – 436 млн еуро.

AFC Ajax

AFC Ajax (AJXA) Франкфурт қор биржасында ұсынылған. Клубтың құны шамамен 182 млн еуроны құрайды және ол аңызға айналған футбол таланттары мектебі ретінде танымал.

Benfica

Benfica (SLBEN.LS) шамамен 92 млн еуро капиталдандырумен Португалия қор биржасында саудаланады және перспективалы ойыншыларды іздеу мен дайындауға бағытталған, бұл оған трансфер нарығында тұрақты нәтиже әкеледі.

Аңыздан табыс табу

Manchester United және Juventus ең алдымен тұрақты табыс көзі ретінде өздерінің әлемге әйгілі брендтерін пайдалануға бағытталған. Осы бизнес-модель үшін басымдықтар:

  • клубтың беделіне тікелей әсер ететін спорттық жетістіктер;
  • коммерциялық әріптестік және демеушілермен ірі мәмілелер, мысалы, Adidas, Chevrolet немесе технологиялық алыптармен жасалатын келісімдер, олар табысты едәуір арттырады;
  • цифрлық активтер: MUTV сияқты меншікті медиа платформаларды дамыту және жаңа шындықтарға бейімделу мақсатында Web3 экожүйесіне тарту (фан-токендер, NFT*).

*NFT (non-fungible token) – блокчейн арқылы расталған бірегей цифрлық объект

Бұл стратегияның айқын кемшіліктері де бар. Мысалы, Manchester United команда мен жаттықтырушылар құрамының жетістіктерінің тұрақсыздығымен бетпе-бет келеді, бұл иелерінің ауысуы туралы үнемі сыбыстарды тудырады.

Juventus соңғы уақытта іргелі көрсеткіштердің нашарлағанын көрсетіп отыр. Клуб 2024/25 маусымының бірінші жартысында 95,1 млн еуро таза шығынға ұшырады. Оның себептері – спорттық нәтижелердің тұрақсыздығы, қаржылық есептердің дәйексіздігіне қатысты жанжалдар және борыштық жүктеменің артуы.

Таланттар фабрикасы

Неміс Borussia, португалиялық Benfica және нидерландтық Ajax өз бизнестерінде жас таланттарды дамытуға және олардың кейінгі трансферіне сүйенді, бұл оларға жоғары табыс табуға мүмкіндік береді.

Өзге өсім драйверлері арасында:

  • қалыпты шығындар (жалақы ведомосын бақылау және жақсы әлеуеті бар арзан ойыншыларға басымдық бере отырып, неғұрлым теңгерімді трансферлік саясат);
  • тұрақты қаржылық және спорттық нәтижелер, тіпті олардың жалпы түсімі брендті монетизациялауға бағытталған клубтардың табысынан төмен болса да. Турнирлік кестенің алғашқы орындарынан түсіп қалу клубтың қаржылық тұрғыдан тұрақты болуына кедергі келтірмейді.

Белгісіздік факторлары:

  • кадрлық шешімдерге жоғары тәуелділік. Жас тәрбиеленушіге ставка жасау және арзан ойыншыны сатып алу нәтиже бермеуі мүмкін. Бұдан басқа, команда өз жұлдыздарын үнемі сатуға мәжбүр болады. Ішкі чемпионатта сәтсіз өнер көрсеткен жағдайда клуб еурокубоктардан түсетін елеулі табыстан, сондай-ақ өз жетістіктерін кеңірек көрсету және трансферлік мәмілелер бағасын арттыру мүмкіндігінен айырылу қаупіне ұшырайды;
  • құрамды үнемі жаңарту, әдетте, тұрақты жоғары футбол нәтижелеріне ықпал етпейді. Мұның өзі брендті монетизациялау мүмкіндігін шектейді.

Айта кету керек, соңғы қауіп факторы 1970-1990 жылдары екі өте мықты буын тәрбиелеген Ajax-қа қатысты емес: олар Нидерландта да, Еуропада да барлық жарыстарда жеңіске жеткен.

Дереккөз: Delloite

Спорттық нәтижелер мен акциялар динамикасы

Футбол клубтарының акция бағалары олардың турнирлік кестелердегі жағдайына тікелей байланысты. Инвесторлар үшін мұндай эмитенттердің спорттық жетістіктері мен сәтсіздіктері жай жаңалық емес, акцияларды сатып алуға немесе сатуға себеп. Ірі жарыстардың финалындағы жеңіс бағаның бір-екі күн ішінде бірнеше пайызға секіруіне әкелуі мүмкін, ал жеңіліс немесе кадрлық өзгерістер туралы жағымсыз жаңалықтар баға белгілеулерін ұқсас көлемде төмендетуі ықтимал.

Мысалы, жоғарыда аталған Manchester United иелерінің ауысуы туралы сыбыстар мен жаттықтырушылар штабындағы өзгерістер оның акцияларының қатты құбылуына әкелген, бұл инвесторларды әрдайым сақ болуға мәжбүр етеді. Ал Ajax сияқты таланттарды дамытуға бағытталған клубтар, керісінше, соншалықты әсерлі болмаса да, неғұрлым болжамды өсім көрсетеді, өйткені олардың қаржылық моделі трансферлерден түсетін тұрақты табысқа негізделген.

Суперлига: тәуекелдерді бағалау

Соңғы жылдары ең көп талқыланған жобалардың бірі – Еуропалық суперлиганы құру идеясы. Бұл бастама Еуропаның жетекші командалары жабық чемпионатқа бірігетін жаңа турнир қалыптастыруды көздейді. Соның арқасында УЕФА**-ны айналып өтіп, турнир форматын бақылауға, аудиторияны көбейтуге, неғұрлым тиімді телевизиялық келісімшарттар мен демеушілік мәмілелер жасауға көбірек мүмкіндік алатын құрылтайшы клубтардың кірісі едәуір артуы мүмкін.

**УЕФА (ағылш. Union of European Football Associations) – Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы

Сонымен қатар, көптеген танымал клубтарды дәстүрлі еурокубоктардан шеттету жанкүйерлердің қызығушылығын әлсіретіп, билеттерді, мерчті және сол сияқтыларды сатуға теріс әсер етуі мүмкін деген қауіп бар. Бұл жағдайда клубтардың акциялары жаппай сатылымға түсуі ықтимал. УЕФА-мен қақтығыс заңдық және реттеушілік мәселелерге әкелуі мүмкін, бұл инвесторлар үшін белгісіздікті арттырады.

Эмоциялар мен цифрлар

Дүние жүзіндегі сүйікті спорт стадиондар мен ойын трансляцияларына миллиондаған адамдарды әкеледі, сонымен қатар миллиардтаған еуромен өлшенетін инвестицияларды тартады. Біз қарастырған спорттық бизнесті дамыту стратегиялары басқару әдісін ғана емес, осы сектордағы акциялар құнының құбылмалылығын да анықтайды. Табысты тәсілді таңдау және тиімді басқару өзара тиімді: олар футболды дамытуға да, инвесторлардың пайдасын арттыруға да ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!