Инвестициялық шолу №338. Вектор ауысымы
Freedom Holding Corp. жаңалықтары
Freedom Finance Global өткен жылдың қорытындысын ұсынды
Freedom Finance Global компаниясының 2025 жылғы активтері жылдық есепте 11,8%-ға өсіп, $295,8 млн-ға жетті. Бұл негізінен компания шоттарындағы ақша қаражаттары мен олардың баламалары көлемінің 206%-ға артуымен байланысты.
Холдингтің міндеттемелері 59%-ға азайып, $65,6 млн болды. Бұл бұрынғы есепті кезеңде есептелген $94 млн көлеміндегі дивидендтердің төленуімен түсіндіріледі. 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы меншікті капитал $369,1 млн болып, 248%-ға артты. Өсімнің негізгі себебі – бөлінбеген пайданың ұлғаюы.
Холдингтің таза пайдасы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 33,5%-ға төмендеп, $115,1 млн болды. Мұндай динамика негізінен операциялық шығыстардың $64,3 млн-ға өсуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, пайыздық кірістер $52,6 млн-ға өсіп (+19%), бұл компанияның табыс құрылымына оң әсер етті. Комиссиялық шығыстардың 77%-ға артуы комиссиялық кірістердің 107%-ға ұлғаюымен қатар жүрді.
Freedom Finance Global 2025 жылғы 29 желтоқсанда Астана халықаралық қаржы орталығының (AХҚО) реттеушісі — Astana Financial Services Authority (AFSA) ұйымынан жаңартылған лицензия алды. Жаңартылған лицензия аясында Компания келесі құқықтарды ресми түрде бекітті:
- Providing Custody – клиенттердің активтерін брокерлік ұйымның өз құрылымы ішінде кастодиалдық қызмет көрсету арқылы сақтау.
- Arranging Custody – клиенттік активтерді өзге есеп-айырысу және кастодиалдық ұйымдарда орналастыруды ұйымдастыру құқығы.
Freedom Broker нарықтағы орнын нығайтуда
Клиенттік Freedom Broker шоттарының саны өткен жылы 342 мыңға жетті. Есепті кезең ішінде бағалы қағаздармен 38,4 млн мәміле жасалып, 114,3 мың жаңа брокерлік шот ашылды (+12% жылдық өсім).
Freedom Broker KASE мүшелерінің белсенділік рэнкингіндегі көшбасшылық позициясын сақтап келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Freedom Finance Global нарықтың екі секторында – корпоративтік облигациялар және мемлекеттік бағалы қағаздар секторларында – бірінші орынды иеленді, ал «Фридом Финанс» АҚ РЕПО секторында көш бастады.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Freedom Broker KASE-де 96, AIX-та 28 және ITS алаңында 2,9 мың бағалы қағаз бойынша маркетмейкер ретінде әрекет етті.
Freedom Broker клиенттері арасындағы үздік 5 танымал акциялар (2025 жыл)
Мәміле көлемі бойынша
| Қазақстан нарығы | Америка нарығы | ||||
| Атауы (тикер) | Мәміле сомасы ($ млн) | Атауы (тикер) | Мәміле сомасы ($ млн) | ||
| 1 | «Казатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ (KZAP) | 41,2 | 1 | Petrobras (PBR) | 9 698,6 |
| 2 | «Казатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ (KZAPD) | 16,5 | 2 | Occidental Petroleum Corporation (OXY) | 5 532 |
| 3 | Kaspi.kz АҚ (KSPI) | 16,3 | 3 | NVIDIA (NVDA) | 5 394,8 |
| 4 | NVIDIA (NVDA_KZ) | 15,6 | 4 | Tesla (TSLA) | 3 383,3 |
| 5 | Intel Corporation (INTС_KZ) | 15,1 | 5 | Newmont Corporation (NEM) | 3 345,9 |
Мәміле көлемі бойынша
| Қазақстан нарығы | Америка нарығы | ||||
| Атауы (тикер) | Мәміле саны (мың) | Атауы (тикер) | Мәміле саны (мың) | ||
| 1 | АО ForteBank (ASBN) | 42,1 | 1 | NVIDIA (NVDA) | 200,6 |
| 2 | АО НАК «Казатомпром» (KZAP) | 38,8 | 2 | Tesla (TSLA) | 174,3 |
| 3 | АО Air Astana (AIRA) | 34,5 | 3 | Marathon Digital Holdings (MARA) | 94 |
| 4 | АО Kaspi.kz (KSPI) | 23,5 | 4 | Advanced Micro Devices Inc (AMD) | 82,1 |
| 5 | АО KEGOC (KEGC) | 17,4 | 5 | Palantir Technologies (PLTR) | 75,7 |