Инвестициялық шолу №351. S&P 500 жаңа максимумдарда

Тимур Турлов

Тимур Турлов

CEO Freedom Holding Corp.

Кәдімгі ғажайып

Ең маңыздысы

2026 жылдың екінші тоқсанындағы есеп беру маусымы Уолл-стрит үшін статистикалық аномалияға айналды. Тамыздың ондарына қарай сол сәтте есеп берген S&P 500 құрамындағы компаниялардың 89%-ының пайда өсімі ковидтен кейінгі 2021 жылдан бергі максималды 50,4%-ды құрады. Болжамдардан эмитенттердің 85%-дан астамы асып түсті (бес жылдық орташа үлес 78% болған), ал 29% көлеміндегі жиынтық «сюрприз» FactSet-тің 2008 жылдан бергі бүкіл бақылау тарихындағы рекордтық көрсеткіш болды. Жалпы нарық индексі бұл динамикаға 14 шілдеден бастап шамамен 3%-дық өсіммен жауап беріп, 7760 тармақ аймағында өзінің тарихи максимумын жаңартты.

Бұл ретте ағымдағы маусымдағы аталған ауытқулардың барлығын тек екі-ақ компания қамтамасыз етті. Alphabet (GOOGL) компаниясының акцияға шаққандағы пайдасы (EPS) акциялар портфелін іске асырылмаған қайта бағалаудан түскен $98 млрд есебінен $9,11-ді құрады  (консенсус: $2,88).  Корпорация негізгі ставканы Anthropic (ЖИ-лаборатория, Claude тілдік ЖИ-модельдер отбасының иесі) және SpaceX (SPCX) компанияларына жасады. Өз кезегінде, Amazon (AMZN) компаниясының EPS көрсеткіші Anthropic-тегі үлесін қайта бағалаудан түскен $53,4 млрд-тың арқасында $5,75-ке жетті (консенсус:  $1,82).

Маусым айының соңынан бастап S&P 500 индексінің долларлық пайдасы өсімінің 71%-ы Alphabet пен Amazon-ға тиесілі болды.  Олардың үлесін есепке алмағанда, бұл көрсеткіш болжамдардан тек 10,9%-ға ғана асып түсіп, 32%-ға ұлғайды, дегенмен бұның өзін де күшті нәтиже деп танымасқа болмайды. Бенчмаркке кіретін барлық секторлар бойынша түсім өсімі 2021 жылдың соңынан бергі максималды 15,3%-ды құрайды.

Пайданың төмендеуін тек денсаулық сақтау индустриясы көрсетті. Оған Gilead Sciences (GILD) компаниясының M&A мәмілелерінен қалған балласты біржолғы есептен шығаруы қысым жасады. Чипмейкерлердің (чип өндірушілердің) түсімі есепті кезеңде 77%-ға ұлғайды, ал пайдасы 135%-ға шарықтады. Мұнайдың бір жыл бұрынғы $63,68-ге қарсы орташа бағасы $92,55 құрауының арқасында энергетика секторында пайда 146%-ға көтерілді. S&P 500-дің таза маржасы 2009 жылдан бергі рекордтық 16,9%-ға жетті және тіпті Alphabet пен Amazon-ды есепке алмағанда да қомақты 15%-ды құрады.

Тұрақты инфляция және шілде айында жұмыспен қамтудың күтпеген жерден қысқаруы ФРЖ-ның қыркүйекте мөлшерлемені көтеру ықтималдығын бағалаудың екі есе төмендеуіне алып келді. Алайда, нарықтың бұл жаңалықтардың барлығына реакциясы өте ұстамды көрінеді. Компания болжамдардан асып түскен жағдайда, оның акциясы өткен жылдардағы 1%-ға қарсы орташа есеппен 0,4%-ға ғана көтеріледі. Іс жүзінде, бұл позитивтің бір бөлігі котировкаларға алдын ала енгізіліп қойған, дегенмен бұл биржа ойыншыларының консерватизмін ақтамайды.

Russell 2000 жыл басынан бері 22,3%-ға өсті, ал мегакаптар (аса ірі капиталдандыруы бар компаниялар) тек 9,9%-ға ғана артты. Үшінші тоқсанға арналған пессимистік болжамдарды бес жылдық орташа үлес 58%-ға қарсы эмитенттердің тек 33%-ы ғана берді. Жағдайдың парадоксы сол, нарық бұл өсім барысында арзандап жатыр. S&P 500 қаңтардан бастап 13%-ға көтерілді, ал оның болжамды P/E көрсеткіші 22,2х-тен 20х-ке дейін төмендеді. Бұл ФРЖ мөлшерлемені 25 б.п.-ға көтерген жағдайда да раллидің кеңеюіне үміт артуға мүмкіндік береді. Нақты тәуекелді тек пайда бойынша бағдарлардың төмен қарай қайта қаралуы ғана тудырады.

Бұл өмір мерекесінің қашан аяқталатынын айту қиын, бірақ мұндай нарықтан тіпті ең консервативті инвесторлардың да шықпағаны жөн. Кейбір сәтте күтілімдер тым жоғары болып кетуі мүмкін екендігіне қарамастан, қазіргі уақытта бар мүмкіндіктерді жіберіп алмау анық қажет. SPDR S&P 500 ETF Trust (SPY) қорына ұзақ мерзімді инвестиция салу тамыз айының ортасы үшін барынша негізделген шешім болып қала береді. Сондай-ақ, Dell Technologies (DELL), Hilton Worldwide (HLT), Hyatt Hotels (H), Optex Systems (OPXS), Onto Innovation (ONTO) және Robinhood Markets (HOOD) қағаздарын сатып алуды ұсынатын біздің сарапшылардың қысқа мерзімді идеяларын қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!