Инвестициялық шолу №356. Құндылықтарды қайта бағалау

Тимур Турлов

Тимур Турлов

CEO Freedom Holding Corp.

Маневр жасау еркіндігі немесе Уолл-стритті қалай ұтуға болады

Ең маңыздысы

16 қазанда аяқталған аптада Nasdaq 100 индексі 5,5%-ға төмендеді. Бұл ретте жартылай өткізгіштер секторындағы акциялар жыл басынан бергі ең ірі сатылым толқындарының бірін бастан өткерді. Жетекші банктердің есептеріне сәйкес, қор менеджерлері технологиялық сектордағы акцияларды рекордтық қарқынмен сатты. Алайда бөлшек инвесторлар қазан айындағы түзетуге дейін-ақ өз позицияларын белсенді түрде ұлғайтып келген. EPFR деректеріне сәйкес, 14 қазанда аяқталған аптада технологиялық қорларға 16,2 млрд доллар көлемінде қаражат тартылып, бұл барлық секторлар арасындағы ең жоғары көрсеткіш болды. Ал нарықтағы жаппай сатылым кезінде чип өндіруші компаниялардың акцияларынан құралған әрі үш еселік левередж қолданатын Direxion Daily Semiconductor Bull 3X ETF (SOXL) қорындағы жеке инвесторлардың алыпсатарлық сатып алуларының көлемі 7 млрд долларға жуықтады.

Ұзын позицияларды жабу көлемі институционалдық инвесторлар арасында қысқа позицияларды ашудан 4,7 есе жоғары болды. АҚШ-тың хедж-қорларының акциялар нарығындағы таза экспозициясы 43,7%-ға дейін төмендеп, соңғы бес жылдағы ең төменгі деңгейге жетті. Мұндай белсенділік қорлардың шығындар лимиттері, құбылмалылық деңгейі және клиенттер алдындағы міндеттемелеріне байланысты тәуекелді қысқартуға мәжбүр екенін көрсетеді. Тіпті активтердің ұзақмерзімді әлеуеті сақталған жағдайда да олар осы шектеулерді ескеруге тиіс. Ал жеке инвесторларда мұндай міндеттеме жоқ. Сондықтан олар өздерінің еркіндігін нарықтағы мүмкіндіктерді пайдаланып, сатып алулар жасауға жұмсайды және нарықтың алдағы уақытта өсетініне сенім білдіреді.

Мұндай стратегия бұған дейін де өз тиімділігін дәлелдеген. 2020 жылғы пандемия кезіндегі нарық құлдырауы кезінде бөлшек инвесторлар арзандаған акцияларды белсенді түрде сатып алып, кейінгі қалпына келуден айтарлықтай пайда көрді. Сол сияқты 2025 жылдың көктеміндегі тарифтік күйзеліс кезінде институционалдық инвесторлар рекордтық деңгейдегі белгісіздік аясында нарықтан қаражат шығарып жатқанда, жеке инвесторлар баға төмендеуін сатып алу мүмкіндігі ретінде пайдаланды. Бұл жеке инвесторлардың кәсіби қор басқарушыларынан ақылдырақ екенін білдірмейді. Алайда мұндай жағдайлар мәжбүрлі сатылымдар кезеңінде бөлшек инвесторлардың маңызды артықшылыққа ие болатынын көрсетеді. Оның үстіне, экспозициясын соңғы бес жылдағы ең төменгі деңгейге дейін қысқартқан қорлардың өзі нарық тұрақтанған жағдайда қайтадан сатып алушылар қатарына қосылуы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде бөлшек инвесторлар үшін қосымша қолдау факторына айналады.

Бұл жолы нарықтағы оптимизмді іргелі көрсеткіштер қолдап отыр. TSMC (TSM) компаниясы 2026 жылға арналған кіріс өсімі жөніндегі болжамын 44%-ға дейін көтерді. Сонымен қатар компания төртінші тоқсандағы түсімді 52,3-54,3 млрд доллар аралығында күтуде. Озық технологиялық процестерге деген сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр, ал Nasdaq 100 индексінің болжамды пайдаға шаққандағы P/E коэффициенті шамамен 21 деңгейіне дейін төмендеді. Алда сала компанияларының тоқсандық есептері жарияланады. Бұл есептер нарыққа инвесторлардың алаңдаушылығы мен компаниялардың нақты тапсырыстары арасындағы айырмашылықты тағы бір мәрте көрсетуі мүмкін.

Нарықтағы түзетудің жалғасу қаупін толық жоққа шығаруға болмайды, алайда соңғы төмендеуден кейін оның ықтималдығы азая түсті. Осы жағдайда мықты қаржылық есептердің, жеке инвесторлардың белсенді сатып алуларының және хедж-қорлар экспозициясының күрт қысқаруының үйлесімі жаңа өсім толқынының басталу ықтималдығын арттырады. Бұл әсіресе соңғы бірнеше ай бойы артықшылықтарын жиі атап келе жатқан жартылай өткізгіштер секторына қатысты. Бұған дейінгі ұсыныстарымызға сәйкес портфельдерін нарыққа арналған put-опциондар арқылы хеджирлеген инвесторларға пайданы ішінара (консервативті инвесторлар үшін) немесе толық көлемде (тәуекелге бейім инвесторлар үшін) фиксациялау мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Нарықтың ықтимал қалпына келуінен пайда табу үшін мен SOXL қорынан гөрі кәдімгі VanEck Semiconductor ETF (SMH) қорын таңдаған болар едім. Себебі инвестициялық идея дұрыс болғанның өзінде, стратегияда левередж, әсіресе үш еселік левередж қолданылса, шығынға ұшырау қаупі айтарлықтай артады. Осындай жағдайда бөлшек инвесторлардың Уолл-стриттегі кәсіби қатысушылардан озып шығуға мүмкіндігі жеткілікті.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!