Инвестициялық шолу №354.«Бұқаларға» арналған ЖИ-көмекші

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

Freedom жаңалықтары

S&P Global агенттігі Freedom Holding Corp бойынша болжамды жақсартты

Халықаралық рейтингтік агенттік S&P Global Ratings Freedom Holding Corp. (FRHC), «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global, Freedom Finance Europe және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бойынша болжамды «тұрақтыдан» «оңға» қайта қарады. FRHC еншілес компанияларының рейтингтері «BB-/B» деңгейінде расталды, ал «Фридом Финанс» АҚ мен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның ұлттық шкала бойынша рейтингтері «kzA-» деңгейінен «kzA» деңгейіне дейін көтерілді.

Болжамның жақсаруы Қазақстанның экономикалық перспективаларына берілген бағалаудың жақсарғанын, қаржы секторына, комплаенс функциясына қатысты тәуекелдердің төмендегенін, сондай-ақ топтың тәуекелдерді басқарудың шоғырландырылған жүйесін дамытудағы ілгерілеуін көрсетеді.

S&P агенттігінің бұл шешімі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің «BBB/A-2» деңгейіне дейін көтерілуінен кейін қабылданды.

«Freedom» тобына кіретін барлық компаниялар бойынша болжамның қайта қаралуы қазіргі жоғары инфляциялық қысымның біртіндеп әлсірейтініне қатысты біздің күтулерімізді көрсетеді. Бұл, өз кезегінде, халықтың нақты қолда бар табысының өсуіне әкелуі мүмкін. Соның нәтижесінде олардың қаржы нарығындағы белсенділігі артып, брокерлік қызметке кеңірек тартылуына ықпал етуі ықтимал. Бұдан бөлек, пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі қазіргі уақытта жылдық 10%-дан жоғары кірістілік ұсынатын банктік депозиттерге басымдық беріп отырған халық үшін бағалы қағаздар нарығын анағұрлым тартымды ете алады. Мөлшерлемелердің төмендеуіне қарай Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы компанияларының қызметі үшін жағдайлар да қолайлы бола түсуі мүмкін», – деп атап өтті S&P Global Ratings.

Агенттік өз бағалауында баланстың қалыпты өсімін, күшті қаржылық нәтижелерді және табыс көздерінің әртараптандырылуын ерекше атап өтті. S&P Global сарапшыларының пікірінше, бұл факторлар бизнестің кеңеюі барысында топтың капиталдандыру деңгейінің жоғары болып сақталуына қолдау көрсетеді.

Freedom Finance SPC жылдық 8,5% долларлық кірістілік ұсынады

Freedom Finance SPC Astana International Exchange биржасында жаңа облигациялар шығарылымын орналастырды.

Шығарылым AIX-тің ресми тізіміне енгізілді. Орналастыру және биржалық сауда арқылы сату 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 11:30-да басталды.

Шығарылым параметрі:

  • ISIN: KZQ000001486
  • Валютасы: АҚШ доллары ($)
  • Купондық мөлшерлеме: жылдық 8,5%
  • Купон төлемі: тоқсан сайын (жылына төрт рет)
  • Айналыс мерзімі: 3 жыл
  • Номиналды құны: $100
  • Ең төменгі лот: 1 облигация
  • Шығарылым көлемі: $500 млн
  • Облигациялар саны: 5 млн
  • Айналыс басталған күні: 21.09.2026
  • Өтеу күні: 21.09.2029
  • Кепілдік: Freedom Holding Corp. негізгі қарыз сомасы мен купондық төлемдердің 100% орындалуына кепілдік береді
  • Листинг биржасы: Astana International Exchange (AIX, АХҚО биржасы)
  • Опциондар (put/call): қарастырылмаған

Ұсынылып отырған инвестициялық құралға қалай қаражат салуға болады?

  1. Мына сілтемені басыңыз: https://app.tradernet.global/to/quote/FFSPC2.0929.AIX.KZ
  2. Сауда тапсырмасын рәсімдеп, жіберіңіз.

Толық ақпарат және құжаттар: https://fbroker.kz/products/freedombonds

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!