2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Freedom Finance Global PLC компаниясының (әрі қарай – FFG, Компания) KASE қор биржасында сауда жасайтын клиенттеріне Орталық депозитарийде (әрі қарай – KCSD) бағалы қағаздарға депозитарлық қызмет көрсету (сақтау) үшін алынатын комиссия төлем үшін қайта ұсынылатын болады.
- Бұл комиссия KCSD Орталық депозитарийімен (бірнеше FFG депозитарийлерінің бірі) тарифтік саясатының негізінде клиенттердің қағаздарын жалпы шотта сақтағаны үшін есептелінеді.
- Компания өз кезегінде клиенттерге комиссияны БҚН-да (Регламент) (А, B тармақтары), брокерлік қызмет көрсету кезінде көтеретін, оның ішінде депозитарлық қызмет көрсету шығындарын FFG - ға клиенттің өтеу міндетін қамтитын Брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентінің 3-қосымшасының қолданыстағы редакциясы негізінде KCSD-дегі шотта сақталатын бағалы қағаздар бойынша олардың қалдықтарына пропорционалды қайта ұсынады.
Комиссия қалай есептеледі
- Комиссия алдыңғы айда көрсетілген қызметтер үшін келесі айдың басында ай сайын есептен шығарылады– мысалы, наурыз айы үшін сәуірде.
- Комиссия (2025 жылғы қаңтар, ақпан пен наурыз үшін) 2025 жылғы сәуiрде есептелінеді және Сіздің брокерлік есебіңізде көрсетіледі. Әрі қарай комиссия ай сайын ұсынылып, есептен шығарылады.
Маңызды! Комиссияны Орталық депозитарий қояды және әр инвестор үшін жеке есептеледі.