«Инвестор» – Freedom Broker-дің абоненттік төлемсіз негізгі тарифі.
«Инвестор» тарифінің клиенттеріне қызмет көрсету шарттарына байланысты жеке менеджердің сүйемелдеуі ұсынылуы мүмкін. Жеке менеджер беру туралы шешімді компания қолданыстағы қызмет көрсету шарттарын ескере отырып қабылдайды.
«Инвестор» тарифі бойынша қандай комиссиялар қолданылады
| Нарық немесе құрал | Комиссия |
| KASE және AIX биржалары | Мәміле сомасынан 0,085% |
| Халықаралық нарықтар | Бір бағалы қағаз (әр дана) үшін $0,012 + мәміле сомасынан 0,5%, сондай-ақ ішінара немесе толық орындалған тапсырма (бұйрық) үшін $1,2 |
| ITS сауда алаңы | Мәміле сомасынан 0,5%, бірақ $0,01-ден кем емес + бір бағалы қағаз үшін $0,012 |
| ITS, халықаралық нарықтар мен Азия нарықтарындағы қорлардың* (ETF) бағалы қағаздарымен мәмілелер | Мәміле сомасынан 0,5%, бірақ $0,01-ден кем емес |
| Азия нарықтары (Hong Kong Exchanges and Clearing Limited) | Мәміле сомасынан 0,7% + бір бағалы қағаз (әр дана) үшін $0,012, сондай-ақ ішінара немесе толық орындалған тапсырма (бұйрық) үшін $1,2 |
| Опциондар | Тапсырма (бұйрық) үшін $10 + әр контракт үшін $3 |
| Абоненттік төлем | Жоқ |
*Осы бөлімнің мақсаттары үшін «Қорлар» деп акциялары, пайлары немесе өзге де бағалы қағаздары саудаға жіберілген биржалық инвестициялық қорлар (Exchange-Traded Funds, ETF) түсініледі.
Осы мақалада сипатталмаған комиссиялардың толық тізімін fbroker.kz сайтындағы «Компания туралы» → «Құжаттар» → «3-қосымша - Комиссиялар, Тарифтер, Өтемақылар» бөлімінде орналасқан № 3 қосымшаның қолданыстағы редакциясынан қараңыз.