«Халықаралық» тарифі Компанияның келісімімен белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі. Егер клиентте бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылатын үшінші тұлғамен шарт жасалған және ол қолданыста болса, оның аясында клиент инвестициялық консультациялық қызметтер алса және/немесе клиент Компанияның өзге өлшемдері мен талаптарына сәйкес келсе, тариф берілуі мүмкін.
«Халықаралық» тарифі бойынша қандай комиссиялар қолданылады
| Нарық немесе құрал | Комиссия |
| Биржи KASE и AIX | Мәміле сомасынан 0,085% |
| Халықаралық нарықтар | Мәміле сомасынан 0,38% + әр бағалы қағаз үшін $0,012 + орындалған бір тапсырма үшін $1,2 |
| ITS сауда алаңы | Мәміле сомасынан 0,38%, кемінде $0,01 + бағалы қағаз үшін $0,012 |
| ITS, халықаралық нарықтар мен Азия нарықтарындағы қорлардың* (ETF) бағалы қағаздары | Мәміле сомасынан 0,5%, бірақ $0,01-ден кем емес |
| Азия нарықтары (Hong Kong Exchanges and Clearing Limited) | Мәміле сомасынан 0,58% + бір бағалы қағаз (әр дана) үшін $0,012, сондай-ақ ішінара немесе толық орындалған тапсырма (бұйрық) үшін $1,2 |
| Опциондар | Тапсырма (бұйрық) үшін $10 + әр контракт үшін $3 |
| Жазылым үшін абоненттік төлем | Жоқ |
*Осы бөлімнің мақсаттары үшін «Қорлар» деп акциялары, пайлары немесе өзге де бағалы қағаздары саудаға жіберілген биржалық инвестициялық қорлар (Exchange-Traded Funds, ETF) түсініледі
Осы мақалада сипатталмаған комиссиялардың толық тізімін fbroker.kz сайтындағы «Компания туралы» → «Құжаттар» → «3-қосымша - Комиссиялар, Тарифтер, Өтемақылар» бөлімінде орналасқан № 3 қосымшаның қолданыстағы редакциясынан қараңыз.