«Студенттік» тарифі

Жаңартылды 02.11.2026

«Студенттік» – студенттерге арналған арнайы жеңілдікті тарифтік жоспар. Ол Келісімде және Бағдарламада көзделген шарттарда беріледі (бұдан әрі – «Тариф»).

 

Маркетингтік акция туралы қосымша ақпарат «Студенттік» тарифі.

 

 

Тарифті кім қоса алады?

Тариф «Freedom Finance Global PLC» Жария компаниясының (бұдан әрі – «Компания») 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті жеке тұлға болып табылатын және жоғары білім беру ұйымының студенті мәртебесі бар клиенттеріне қолжетімді.

Тарифті қосу үшін белгіленген талаптарға сәйкес келіп, оқуды растайтын құжатты ұсыну қажет.

 

 

Акция қанша уақыт қолданылады?

Тариф акция аясында белгісіз мерзімге және компания оны тоқтату туралы жеке шешім қабылдағанға дейін қолданылады.

Егер тариф клиентке акция қолданылатын кезеңде тағайындалса, ол акция тоқтатылған күнге қарамастан, тағайындалған күннен бастап 365 күнтізбелік күн ішінде қолданылады.

 

 

Менде әлі брокерлік шот жоқ. Не істеу керек?

Тарифті қосу үшін клиентте тариф тағайындалғанға дейін компанияда ашылған брокерлік шот болуы тиіс.

Брокерлік шотты қосымшада онлайн ашуға болады.

Брокерлік шот ашылғаннан кейін тарифті қосуға өтінім беруге болады.

 

 

Тарифті қалай қосуға болады?

Тарифті қосу үшін өтінім беру қажет:

  1. fbroker.kz сайтындағы тарифті қосу бетіне өтіңіз.
  2. «Өнімдер мен қызметтер» → «Өнімдер» → «Студенттік» тарифі бөлімін ашыңыз.
  3. Сондай-ақ тариф бетіне сілтеме арқылы бірден өтуге болады: fbroker.kz/student
  4. Брокерлік шоттың нөмірі мен ұялы телефон нөмірін көрсетіп, өтінімді толтырыңыз.
  5. Оқуды растайтын құжатты тіркеңіз (JPG, PNG немесе PDF форматында және өлшемі 5 МБ-тан аспайтын).
  6. Компания ұялы телефон нөміріне жіберген OTP-кодты енгізіңіз.
  7. Өтінімнің тексерілуін күтіңіз.

 

 

Қандай құжатты ұсыну қажет?

Жоғары білім беру ұйымы берген немесе қалыптастырған, Клиенттің қабылданғанын және/немесе оқитынын растайтын, оқуды растайтын құжатты ұсыну қажет.

Құжат мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) брокерлік шот иесінің деректерімен сәйкес келеді;
  • файл форматы — JPG, JPEG, PNG немесе PDF;
  • файл өлшемі — 5 МБ-тан аспайды.

 

 

«Студенттік» тарифі бойынша қандай комиссиялар қолданылады?

Сауда тапсырмалары негізінде жасалған мәмілелер бойынша мынадай мөлшерлемелер қолданылады:

 

Нарық және құрал Комиссия
KASE және AIX Мәміле сомасынан 0,07%, IPO аясындағы мәмілелерді қоса алғанда
Халықаралық нарықтар (ITS-тен басқа) Мәміле сомасынан 0,1% + бір бағалы қағаз үшін $0,012 + толық немесе ішінара орындалған бір тапсырма үшін $1,2
ITS сауда алаңы Мәміле сомасынан 0,1%, бірақ $0,01-ден кем емес + бір бағалы қағаз үшін $0,012
Опциондар Мәміле үшін $10 + әр контракт үшін $3
ITS, халықаралық нарықтар мен Азия нарықтарындағы қорлардың (ETF) бағалы қағаздарымен мәмілелер Мәміле сомасынан 0,5%, бірақ $0,01-ден кем емес
Азия нарықтары (Hong Kong Exchanges and Clearing Limited) Мәміле сомасынан 0,1%, сондай-ақ ішінара немесе толық орындалған тапсырма (бұйрық) үшін $1,2 + әр бағалы қағаз үшін $0,012
Жазылым үшін абоненттік төлем Жоқ

 

*Осы бөлімнің мақсаттары үшін «Қорлар» деп акциялары, пайлары немесе өзге де бағалы қағаздары саудаға жіберілген биржалық инвестициялық қорлар (Exchange-Traded Funds, ETF) түсініледі.

 

Тарифтің арнайы шарттарында қарастырылмаған комиссиялар, егер бағдарлама құжаттарында өзгеше белгіленбесе, «Инвестор» тарифі бойынша fbroker.kz сайтындағы «Компания туралы» → «Құжаттар» → «3-қосымша - Комиссиялар, Тарифтер, Өтемақылар» бөлімінде орналасқан № 3 қосымшаның қолданыстағы редакциясына сәйкес қолданылады.

 

 

Тариф қандай мерзімге беріледі?

Тариф тағайындалған күннен бастап 365 күнтізбелік күн қолданылады.

 

 

Тарифті қайта қосуға бола ма?

Жоқ. Тариф бір клиентке тек бір рет тағайындалуы мүмкін және тек бір брокерлік шотқа қатысты қолданылады.

Егер сіз тарифтен басқа тарифтік жоспарға өз бетіңізше ауысатын болсаңыз, акцияға қайта қатысу мүмкін емес.

 

 

Тарифтің әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін не болады?

365 күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін тариф автоматты түрде «Инвестор» тарифіне ауысады.

«Инвестор» тарифіне ауыстыру тариф әрекеті тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

 

Студент болудан қалсам, не істеу керек?

Сіз студент мәртебесінен айырылғаныңыз туралы компанияға бұл туралы білген немесе білуге тиіс болған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндеттісіз.

Ол үшін сауда платформасының жеке кабинеті арқылы өтініш жіберіңіз. Жеке кабинет техникалық тұрғыдан қолжетімсіз болса, хабарламаны компанияның ресми сайтында көрсетілген электрондық поштасына жіберуге болады.

 

 

Студент мәртебесінен айырылғаннан кейін не болады?

Компания тарифті қолдануды тоқтатып, сізді «Инвестор» тарифіне ауыстыруға құқылы.

Компания клиенттің студент ретіндегі мәртебесін кез келген уақытта тексеруге құқылы.

 

 

Компания оқуды растайтын құжатты тексере ме?

Иә. Компания ұсынылған оқуды растайтын құжатты және клиенттің тариф шарттарына сәйкестігін оны тағайындағанға дейін де, кейін де тексеруге құқылы.

Компания клиент ұсынған оқуды растайтын құжатты және онда қамтылған мәліметтерді көзбен тексереді. Оқуды растайтын құжаттың түпнұсқалығына сараптаманы компания жүргізбейді. Ұсынылған оқуды растайтын құжаттардың және мәліметтердің дұрыстығына клиент жауапты болады.

Белгіленген талаптарға сәйкессіздік немесе оқуды растайтын құжаттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, Компания тарифті қолдануды тоқтатып, клиентті «Инвестор» тарифіне ауыстыруға құқылы.

 

 

Тарифті қосудан бас тартылуы мүмкін бе?

Иә. Егер Клиент белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, оқуды растайтын құжатты ұсынбаса, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжатты ұсынса немесе құжаттағы мәліметтер Клиенттің деректерімен сәйкес келмесе, Компания тарифті тағайындаудан бас тартуға құқылы.

 

 

Тарифті қосу қанша уақыт алады?

Өтінімді қарау мерзімі OTP-код енгізілген күннен бастап 2 жұмыс күнін құрайды.

Оқуды растайтын құжат сәтті тексеріліп, клиент белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, компания тарифті 365 күнтізбелік күн мерзімге тағайындайды.

 

 

Инвестициялық портфель мөлшеріне шектеулер бар ма?

Жоқ. Портфель мөлшеріне шектеулер жоқ.

Тарифті брокерлік шоттағы ақша сомасы мен активтердің құнына қарамастан пайдалануға болады.

 

 

Қазақстан Республикасының азаматы болу қажет пе?

Жоқ. Бағдарлама клиенттің азаматтығына қойылатын талаптарды белгілемейді. Қатысу үшін тарифтің белгіленген шарттарына сәйкес келіп, оқуды растайтын құжатты ұсыну қажет.

 

 

Шетелдегі ЖОО-да оқысам, тарифті қосуға бола ма?

Иә. Тариф Қазақстандағы немесе басқа елдегі жоғары білім беру ұйымының студенті мәртебесі бар Клиенттерге қолжетімді. Басты шарт — тиісті білім беру ұйымына қабылданғанын және/немесе онда оқитынын растайтын Құжатты ұсыну.

 

 

Қандай Тариф қосылғанын қайдан тексеруге болады?

Қолданыстағы Тарифті Freedom Broker платформасында тексеруге болады:

Мобильді қосымшада: Мәзір → Тапсырмалар → Шот параметрлері → Тарифтік жоспарды ауыстыру.

Веб-платформада: Кабинет → Тариф.

 

 

Тариф жеңілдетілген комиссиядан басқа не береді?

Тариф иелері Freedom Academy-дің тегін оқуына да қолжетімділік алады.

Бағдарламада мыналарды зерттеуге болады:

  • акциялар;
  • облигациялар;
  • ETF;
  • криптовалюта;
  • сауда платформалары;
  • опциондар және басқа да тақырыптар.
  • Бағдарламаға сондай-ақ тариф аясында қолжетімді болатын курстар кіреді:
  • Қаржылық check-up
  • Инвестор жолы
  • Қаржы негіздері
  • Basic техникалық талдау
  • Basic фундаменталды талдау
  • Опциондық сауда негіздері
  • Криптовалюталар мен цифрлық активтерді түсіну негіздері.

Freedom Academy материалдары білім беру сипатында болады және инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.

 

 

Тарифтің толық шарттарымен қайдан танысуға болады?

Тарифтің толық шарттары «Студенттік» тарифтік жоспарын қосуға келісіммен және «Тарифтік жоспар «Студенттік»» маркетингтік акциясының Бағдарламасымен айқындалады.

Арнайы мөлшерлемелер мен қосу тәртібі Келісіммен және маркетингтік акция Бағдарламасымен айқындалады.

 

 

Тарифтің арнайы шарттарында қарастырылмаған барлық комиссиялар “Инвестор” тарифі бойынша fbroker.kz→ Компания туралы → Құжаттар→ 3-қосымша - Комиссиялар, Тарифтер, Өтемақылар бөлімінде орналасқан № 3 қосымшаның қолданыстағы редакциясына сәйкес қолданылады

Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!