«Стандарт Плюс» тарифі өз бетінше инвестициялауға арналған. Тариф клиентке Компанияның келісімімен берілуі мүмкін. Тариф бойынша абоненттік төлем қарастырылмаған. Комиссиялар «Комиссиялар, тарифтер және өтемақылар» № 3 қосымшасының қолданыстағы редакциясына сәйкес қолданылады.
«Стандарт Плюс» тарифі бойынша қандай комиссиялар қолданылады
| Нарық немесе құрал | Комиссия |
| KASE және AIX биржалары, IPO-ны қоса алғанда | Мәміле сомасынан 0,085% |
| Халықаралық нарықтар (ITS және Азия нарықтарынан басқа) | Мәміле сомасынан 0,25% + ішінара немесе толық орындалған тапсырма үшін $1,2 |
| ITS-тегі халықаралық нарықтар | Мәміле сомасынан 0,25%, бірақ $0,01-ден кем емес |
| Азия нарықтары (Hong Kong Exchanges and Clearing Limited) | Мәміле сомасынан 0,32% + ішінара немесе толық орындалған тапсырма үшін $1,2 |
| Опциондар | Тапсырма үшін $10 + әр контракт үшін $2 |
| ITS, халықаралық нарықтар мен Азия нарықтарындағы қорлардың* (ETF) бағалы қағаздары | Мәміле сомасынан 0,5%, бірақ $0,01-ден кем емес |
| Абоненттік төлем | Қарастырылмаған |
*Осы бөлімнің мақсаттары үшін «Қорлар» деп акциялары, пайлары немесе өзге де бағалы қағаздары саудаға жіберілген биржалық инвестициялық қорлар (Exchange-Traded Funds, ETF) түсініледі.
Осы мақалада сипатталмаған комиссиялардың толық тізімін fbroker.kz сайтындағы «Компания туралы» → «Құжаттар» → «3-қосымша - Комиссиялар, Тарифтер, Өтемақылар» бөлімінде орналасқан № 3 қосымшаның қолданыстағы редакциясынан қараңыз.
«Стандарт Плюс» тарифіне қалай ауысуға болады?
Ауысу үшін тарифтік жоспарды ауыстыру туралы тапсырма беру қажет. Ауысу мүмкіндігін Компания айқындайды.