«Трейдер жазылымы» тарифі оқытуды және қосымша қолдауды қарастырады. Жазылымға трейдинг бойынша бейнекурс, сауда эфирлері, мессенджер-арна және командалық қолдау кіреді. Тариф бойынша ай сайынғы төлем қарастырылған.
«Трейдер жазылымы» тарифі бойынша қандай комиссиялар қолданылады
| Нарық немесе құрал | Комиссия |
| KASE және AIX биржалары | Мәміле сомасынан 0,085% |
| Халықаралық нарықтар | Мәміле сомасынан 0,2%, сондай-ақ ішінара немесе толық орындалған тапсырма (бұйрық) үшін $1,2 |
| ITS сауда алаңы | Мәміле сомасынан 0,2%, бірақ $0,01-ден кем емес |
| ITS, халықаралық нарықтар мен Азия нарықтарындағы қорлардың (ETF) бағалы қағаздарымен мәмілелер | Мәміле сомасынан 0,5%, бірақ $0,01-ден кем емес |
| Азия нарықтары (Hong Kong Exchanges and Clearing Limited) | Мәміле сомасынан 0,4%, сондай-ақ ішінара немесе толық орындалған тапсырма (бұйрық) үшін $1,2 |
| Опциондар | Тапсырма (бұйрық) үшін $10 + әр контракт үшін $3 |
| Жазылым үшін абоненттік төлем (ай сайынғы) | Жазылымның әр күнтізбелік айы үшін $35 |
*Осы бөлімнің мақсаттары үшін «Қорлар» деп акциялары, пайлары немесе өзге де бағалы қағаздары саудаға жіберілген биржалық инвестициялық қорлар (Exchange-Traded Funds, ETF) түсініледі.
Толығырақ сілтеме бойынша: Трейдер жазылымы
Осы мақалада сипатталмаған комиссиялардың толық тізімін fbroker.kz сайтындағы «Компания туралы» → «Құжаттар» → «3-қосымша - Комиссиялар, Тарифтер, Өтемақылар» бөлімінде орналасқан № 3 қосымшаның қолданыстағы редакциясынан қараңыз.