Финансист №2 (38) 2025

«Біздің басты құндылығымыз – көрерменге сенім»

Дмитрий Дворецкий, Freedom Media бақылау кеңесінің төрағасы, жаңа жобаны іске қосуды немен салыстыруға болады және бүкіл отбасы мен әрбір жеке көрермен үшін қызықты медиаплатформаны қалай жасауға болады

Тәжірибеде
Сурет: Дмитрий Дворецкийдің жеке мұрағаты

Freedom Mediа құрылғалы бір жылға толған жоқ. Осы уақыт ішінде не істей алдыңыздар, айтып берсеңіз?

2024 жылдың қыркүйек айында С момента объявления о создании Freedom Media құрылуы туралы жариялаған сәттен бастап, біз бір ресурста әлемдегі ең ірі бес студияның контентін біріктірдік: Disney, Sony, Paramount, NBCUniversal және Warner Bros. Бұл көрермендерге 4000-нан астам фильм мен сериалдарды ұсынуға мүмкіндік берген орасан зор серпіліс. Біз өндірісте 16 бірегей жобаның бар екенін мақтан тұтамыз.

Жобаны басынан бастауқашан да сынақ. Қандай қиындықтармен бетпе бет келуге тура келді?

Нөлден бастау Эверестке тәжірибесіз көтерілгенмен тең болды. Біздің басты жетістігіміз - бос нарықта мықты команда қалыптастыра алдық. Басшылық құрамына Asia Content Awards 2024 лауреаты Әлішер Өтев пен дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев сияқты кәсіби мамандар кіреді. Олар Disney, Pixar, Sony және әлемнің басқа да жетекші студияларымен бірге жұмыс істейді.

Сіздің негізгі аудиторияңыз қандай?

Біздің аудиторияның өзегі – сапалы контентті бағалайтын жастар, балалы отбасылар мен ересектер. Біздің үлкен жоспарларымыз бар: біз тағы бір ойын-сауық алаңы ғана емес, әркім өзіне жақын нәрсесін тауып, сол жерге қайта оралғысы келетін орын болғымыз келеді.

Жазылушыларды тарту және ұстап тұру үшін қандай стратегияларды пайдаланасыз?

Freedom Media көрермендерге деген сенімге негізделген. Біздің қарым-қатынасымыз үш негізгі қағидатқа негізделген: жоғары сапа, мазмұнның қолжетімділігі және мәдени жақындығы. Мысалы, біз «Қазақфильмнің» жаңғыртылған фильмдерін жоғары сапада ұсынамыз. Жақында «Қара қар», «Қайнау нүктесі», «Ағылшын», «Турист» және басқа да сериалдардың тұсаукесері өтті. Елімізде алғашқылардың бірі болып Чемпиондар лигасының, Премьер-Лиганың, Бундеслиганың, сондай-ақ PFL шайқастарының толық топтамасын жинадық.

«Оскар» сыйлығын екі тілде тарату немесе 4К форматындағы спорттық матчтар – бұл жай ғана технологиялық шешімдер емес, ол көрермендермен бірге жарқын эмоцияларды сезіну мүмкіндігі болып табылады.

Балаларға қандай контент ұсынасыз?

Жас көрермендер үшін біз BBC және Disney мультфильмдерінің қазақ тіліндегі профилін, сондай-ақ Bilim Media Group-тың білім беру бағдарламаларын ұсынамыз. Бүгінгі таңда платформа Қазақстандағы ең үлкен Disney бейнеқорын құрды.

Платформада бар немесе жақын арада пайда болатын хиттер туралы айтып берсеңіз.

Классикалық фильмдер санатында «Тәкаппарлық пен өкпе» (1995) және «Сұлу мен Құбыжық» (1991) сияқты шоқтығы биік фильмдер бар.

Жаңа туындалар мен блокбастерлерге келер болсақ, қазірдің өзінде кітапханада (немесе платформада) мынадай фильмдерді табуға болады: «Бөтен: Ромул» (2024) – франшизаны қайтадан қорқынышты жанрға қайтарған туынды, «Маймылдар планетасы: Жаңа патшалық» (2024) – ауқымды арнайы эффектілерімен ерекшеленеді және «Гарфилд» (2024).

Мультфильмдер бөлімінде ерекше көзге түсетіндер: «Күшіктер патрулі: Мегафильм» (2023) – кішкентай балаларға арналған, және «Трансформерлер: Бастау» (2024) – Оптимус Прайм мен Бамблбидің достығы туралы жаңа хикаяны ұсынады.

Тимур Турлов медиаплаторма пайдаланушыларды басқа Freedom сервистеріне тартуға көмектесетінін атап өтті. Нәтиже көрініп тұр ма?

Freedom Media-ны Freedom Holding SuperApp қосымшасына кіріктіру бірден синергетикалық әсер береді. Пайдаланушылар жазылымды Freedom Bank кэшбэк карталарымен Freedom валютасымен ыңғайлы төлеу мүмкіндігіне ие болады. Үй интернетін қосу кезінде фильмдер мен сериалдарға, ТВ-арналарға, спорт трансляцияларына және балалар бөліміне шектеу қойылмай қолжетімділік ашылады. Қаржылық және телекоммуникациялық сервистерден алынған деректердің арқасында біз дербестендірілген ұсыныстар жасай аламыз.

Алдағы бірнеше жылда компанияның алдына қандай мақсаттар қойып отырсыз?

Біз Қазақстандағы көшбасшылықты нығайтып қана қоймай, Орталық Азияның басқа нарықтарына шығуды, түпнұсқа контенттің үлесін 30% -ға дейін жеткізуді, дербестендірудің озық технологияларын енгізуді жоспарлап отырмыз, ең бастысы –  Freedom Media-ның жан дүниесін сақтап қалу –  әрбір көрерменге шынайы, қызықты әрі жақын.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!